Қысқы шынығу
Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйын жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардың астынан:
– Абайласаңшы, таптайсың ғой!... деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған құсша жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.
– Оу, неге сонша қиналдың, Ақ ерке?
– Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын бұзып алмашы!...
Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды.
– Ә, солай ма?... Ендеше қойдым, абыржыма!
Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.
· Қар мен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті?
· Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?
Суретке қарап, табиғат сұлулығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Адам мен табиғаттың тілдескені –
өмірдің үндескені.
Халық даналығы
Суреттегі табиғат құбылыстарымен тілдесіп көріңдер.
Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз,Тазамыз!
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Кең далам! Толғанайын! Толғайын!
Домбырам қолға алайын, Жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Теңіздей тебірендім, тербедің.
Сапарда сағынышым сен менің.
Дүние-ай, сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!
Сағыныш мұңдарыңдай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
· Сенің атамекенің несімен көрікті?
· Табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?
Атамекен аясы – адамның жан саясы.
Халық даналығы
Қарлығаштың ұясы
Кәдуілгі балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы.
– Ұяны бұзсақ қайтеді? – деді көрші қыз. Гүлжамал ойланып та үлгермеді. Ұзын бойлы қыз қолындағы таяқты шірене сілтегенде, тебетей сияқты балшық қақ бөлініп, жерге құлады. Сырт көзге ғана үлкен адамның уысындай.
Ал ішінде қауым тіршілік, дүйім дүние. Жүн-жұрқа, мамық баяу қалқып, ауада көлбей тұрып алды. Сол ортада көрші қыз ғайып болды. Гүлжамал бесіктен аударылғандай бей-берекет күй кешкен балапандарға ұмтылды. Жарық дүниеден үміттенгендеріне көмегін көрсетуге әрекеттенгенінде, екі қарлығаш та сарайға енді. Біреуі бөлмеде аялдап, екіншісі ізінше кері ұшып кетті де, көрші үйлерден топ қарлығашты ілестіре жетті. Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма? Қолға түскен қарақшы қызды олар ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр. «Бейбіт тыныштығымызды бұзған қандай әдепсіз бала едің? Сен де ұлы адамзаттың ұрпағымын дейсің-ау!»деп кінәлап, сөгетіндей. Қызының ойбайлаған дауысын естіп, арашаға ұмтылған анасынан шошынып қарлығаштар бөлмені босатты.
– Ау, мұның не, қызым?
– Астан-кестен дүниені байқап, апасының түрі бұзылды.
– Апа, менің жазығым жоқ. Екі көзі боталап, шырқырағанына қарамай жазасын берді.
– Енді көр де тұр, қарлығаш сенің үйіңе ұя салмайды, – дейді апасы үш балапанды балшық тебетейдің жарты сынығына салып жатып.
Апасы ұяны құрастырып, балапандар мысыққа жем болмасын деп, иттің ұясының қасындағы жиюлы отынның үстіне қойды. Балапандар сол арадан жетіліп ұшты.
Апасы сол бір ақылсыз іске араласқаны үшін бір апта бойы Гүлжамалды қасына жатқызбады.
Ең өкініштісі қарлығаштар, бұдан кейін қанша күн өтсе де, бұның үйіне ұя салмады.
· Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды, деп ойлайсыңдар?
· Гүлжамалдың құрбысының әрекеті туралы не айтуға болады?
· Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.
Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, қасиетті мекенді атамекен деп атайды.
Өздерің тұратын аймақтағы «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлар мен құстар туралы қысқаша әңгіме құрастырыңдар.
Табиғатқа қамқорлық жасауға байланысты сөздерді қойып, сөйлемді өз ойларыңмен аяқтаңдар.
1. Егер мен мұғалім болсам, … .
2. Егер мен ауыл басшысы болсам, … .
3. Егер мен орманшы болсам, ... .
4. Егер мен дәрігер болсам, ... .
5. Егер мен депутат болсам, ... .
Өс, ұлан!
Сау болсын десең
Он екі мүшең,
Ерте тұр!
Құлақ түр,
Тыңда сыр.
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт –
Бойыңа құт.
Жүгір,
Селмен жарысып.
Жүгір,
Желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран
Өс,ұлан!
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Туған жер, армысың!
Асқарлы, қарлы шың,
Аялаған ән құсым
Туған жер, армысың!
Саған мың алғысым
Туған жер – тірегім!
Сенде өстім түледім,
Бір, сен деп үнемі
Соғады жүрегім!
Туған жерім, туған елім –
Ардақтағаным, айбыным
Арманымсың, арман
Думан елім
Асқар белің, шалқар көлің
Құшағын жайған, айдыным
Мәңгілікке пана өзің ғана!
· Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
· «Ұлттар достығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ағайынбыз бәріміз
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
· «Ағайын», «бауыр», «туыс» дегенді қалай түсінесіңдер?
· Еліміздегі халықтар достығы туралы әңгімелеп беріңдер.
Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт, жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет.
Сурет бойынша «Достық мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
· Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ортақ мерекелерін атап беріңдер?
Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
Нақыл сөз
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Отан деген...
Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.
– Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген, –деді Мадина.
– Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің,–деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.
– Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! –деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.
– Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл... –деп қабағын шытты.
– Қыздар үн-түнсіз қалды... Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.
– Неге, неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деп жатыр.
Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу от басынан басталады» деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды...
· Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?
· Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?
Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, «Менің Отаным» деген тақырыпта айтып беріңдер.
Ризамыз саған біз.
Қ. Ыдырысов
Күнде шат күліп күн –
Өміріміз жайдары.
Мәңгілік бақыттың
Өзіміз – айғағы.
Күлеміз, ойнаймыз,
Демалып алаңсыз.
Ризамыз саған біз,
Ұлы Отан – анамыз!
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау
Дамытушылық мақсаты: өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу
Тәрбиелік мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Анамның тілі – аяулы үні
Шона Смаханұлы
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: «Жаным,
Арайлы таңым».
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретіп тынбай,
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай, күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған.
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
· «Өзін-өзі тану» пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?
· «Өзін-өзі тану» сабақтарында не үйрендіңдер?
· Осы оқу жылында өздеріңнің және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
· Сабақтан үйренгендеріңнің күнделікті өмірде кездескен кезі болды ма?
Суреттерді пайдалана отырып, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үйренген қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіріңдер.
