Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қыз:
– Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, – деді.
– Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, – деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:
– Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, – дейді.
– Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!
– Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал, кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, – деп түсіндірді әкесі.
· Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
· Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбек – адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.
Суретке қарап, «Еңбек – түбі береке» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Еңбек
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты – ЕҢБЕК.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – ЕҢБЕК.
Сабағыңды жөндеп.
Әзірлесең – ЕҢБЕК.
Қиындықтың бәрін,
ЕҢБЕК қана жеңбек.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Адам болу арманым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: адам қасиеттері туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: адамгершілік қсһасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
· Халық даналығы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
· Қандай адамды дана деп айтуға болады?
Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.
Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.
Алпыстан асқаннан ақыл сұра
– Ерте, ерте, ертеде бір қатал патша болыпты. Олардан келетін ешқандай пайда жоқ деп, қарттарды ұнатпапты және «Кім де кімнің жасы алпыстан асса, оны балалары теңізге не таудың шатқалына апарып тастасын» деген жарлық шығарады.
Сол патшалықта өмір сүрген бір мейірімді бала әкесін өте жақсы көреді екен. Жасы алпыстан асып, жетпіске жетсе де, әкесін ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, асырай береді. Күнде кешке даладан келгенде
не болып жатқанын әкесіне айтып отырады екен. Бір күні қарт даладан күңіренген дауысты естіп, баласы келгенде оның мәнісін сұрайды.
– Балам, жұрт неге күңіреніп кетті?
– Әке, патша аң аулап жүріп, теңіздің жағасына барғанда, оның түбінен жарқыраған бір гауһар тасты көреді де, соны алып бер деп, уәзірлеріне бұйырады. Теңізге сүңгіп тасты таба алмағандарының басын ала береді.
Тіпті, ел ішіндегі талай жігітті жұмсап, олардың бәрі суға кетіп өлді. Сондықтан патшаның қатігездігін естіген ел күңіреніп кетті, – дейді баласы.
– Балам, теңіз жағасында үлкен ағаш жоқ па екен? – деп қайталап сұрайды қарт.
– Иә, патша гауһар тасты көретін тұста теңізге төне өсіп тұрған үлкен бір бәйтерек бар, – дейді баласы.
–Теректің басында құстың ұясы жоқ па екен? – деп қарт тағы да сұрайды.
– Иә, бір қыран құстың ұясын көргенмін, – дейді бала.
– Балам, тыңда, – дейді қарт сеніммен. – Асыл тас теңіздің түбінде емес, ұяның ішінде жатыр. Теңіздің түбіне оның сәулесі ғана түсіп тұр.
Келесі күні теңіздің жағасы тағы да у-шу, асыл тасты ешкім таба алмай жатады. Сол кезде бала патшаға жақындап барып:
– Мәртебелі патша, гауһар тасты теңіз түбінен іздемей-ақ қойыңыз, ол ана бәйтерек басындағы ұяның ішінде жатыр, – дейді.
Бір уәзір сол заматта-ақ терекке өрмелеп шығып, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай гауһарды алып түседі. Патша қайран қалады.
– Сендер ақылдымыз, білімдіміз деп бөсесіңдер. Шынында мына баладан ақымақ екенсіңдер, – деп уәзірлеріне ұрысады да, балаға қарап:
– Бұл жайында саған кім айтты? – деп сұрайды.
– Оны өзім ойлап білдім, – дейді бала.
Бұл жайға ыза болған уәзірлер қайтсе де баланы сүріндіріп, оның көзін жоюды қарастырады. Патшаға келіп мынадай кеңес береді:
– Бала көп білемін деп, босқа мақтанады. Егер шын білгіш болса, сіз түр-түсі бірдей екі тай таңдаңыз да, оларды балаға алыстан көрсетіңіз. Қайсысының жасы үлкен, қайсысы жас екенін бірден ажыратып берсе, сыйлығын алар. Ал таба алмаса, жазасын тартатын болсын.
Патша баланы шақырып алып:
– Сен ертең таң азанда осында келесің. Мен саған екі тай көрсетемін.
Сен олардың қайсысы жас, қайсысы үлкен екенін табатын боласың. Таппасаң, басыңды аламын, – дейді.
Бала үйіне мұңайып оралады.
– Балам, неге мұңлысың? – деп сұрайды әкесі. Баласы болған жайды баяндайды.
– Балам, мұңайма, – дейді қарт.
─ Ол жұмбақтың шешуі қиын емес. Ертең саған тайларды көрсеткен кезде, сен олардың жүрістеріне мұқият қара. Жас тай жай жүре алмайды, әр қадамын ойнақшып басады. Жасы үлкендеуі сабырлы келеді. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Ертесіне бала патша сарайына келгенде уәзірлер екі тайды алып шығып, оларды балаға алыстан көрсетеді. Әкесі айтқандай, бір тай билей басып, екіншісі сабырмен келе жатады.
Бала олардың жас айырмашылығын патшаға дәл айтып береді.
Баланың тапқырлығына өшіккен уәзірлер тағы бір сұмдықты ойлап, патшаға былай дейді.
– Мәртебелі патшамыз, бір талды кестіріп, оны ортасынан қақ бөліп, бірдей етіп аршытып, оны балаға көрсетіңіз. Сол кезде бала оның қайсысы жоғары жағынан, қайсысы төменгі жағынан кесілгенін табатын болсын. Таппаса, жазасын алатын болсын.
Патша арамза уәзірлерінің сөзіне еріп, баланы келесі күнге шақырады. Бала үйіне мұңая келіп, болған жайды әкесіне баяндайды. Әкесі ақылын айтады:
– Қорықпа, балам, оны табу қиын емес. Ол үшін екі бөренені де суға салдыр. Сол кезде жоғары жағынан кесілген бөрене су бетінде түгелдей қалқып жүреді де, төменгі жағынан кесілген бөрененің бір жағы суға батыңқырайды. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Бала әкесінің айтқанындай, патша бөренелерді көрсеткенде, оларды суға салдыруын өтінеді. Осы кезде бала:
– Тақсыр, бөрененің мына жағы ағаштың жоғары жағынан, ал мына жағы төменгі жағынан кесілген, – деп, дәл тауып береді.
Патша баланың бұл тапқырлығына қайран қалып:
– Сен шыныңды айт, мұншама тапқырлық жасауға үлкен ақыл керек. Сен болсаң әлі жассың. Егер шындықты айтпасаң, жазаға тартамын, – дейді.
Бала тәуекел етіп, патшаға барлық шындықты айтады.
– Әкемді сондай жақсы көретін әрі қатты сыйлайтын едім. Сондықтан өлімге қимадым. Ал ол болса қиналған шақта әлгі ақылдарды айтып, жол тауып отырды.
Патша ойланып қалады:
– “Алпысқа келгеннен ақыл сұрама” деген мақал қате екен, енді оны “Алпысқа келгеннен ақыл сұра” деп өзгертейік, – деп, қарттарды жазалауға берген жарлығын қайтып алған екен.
· Патшаның жарлығы дұрыс па?
· Қарттың даналығы неден көрінеді?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Адам болу арманым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: адам қасиеттері туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: адамгершілік қсһасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Ақыл шыңы – даналық.
Өсиет әңгіме
– Ертеде бір ел билеген хан өзінің ұлын асқан шешен, тапқыр, сөзге жүйрік және ақылды еткісі келіп, өз уәзірлерімен ақылдасады. Сонда уәзірлері ханға «шешендік, тапқырлық, сөзге жүйріктік халықтың даналығы арқылы бойға дариды», – дейді. Хан дүйім жұртты жиып алып, жар салады:
– Кімде-кім балама халық даналығын тауып берсе, мен сол адамға байлығымның жартысын беремін, – дейді. Сонда бір қария тұрып, былай дейді:
– Даналықтың көзі де, кені де ел ішінде. Балаңыз ел ішін аралап шықса, халық әңгімесіне, айтқан сөздеріне құлақ түрсе, даналықты өзі-ақ табады, – дейді.
Сол күннен бастап хан баласы ел аралап жүріп тапқыр, шешен, сөзге жүйрік болудың жолын тапқан екен. Әкесіне келіп: «Даналық халық ішінде деген рас, өйткені олар айтар көп ойын бір мақал жолымен ғана жеткізеді, жұмбақтап сөйлейді, арман-қиялдарын ертегілері арқылы береді. Сол айтылған ойларды, арман қиялдарды ұғыну, жұмбақтарды шешу ақылды, дана адамдардың ғана қолынан келеді. Сондықтан да, оларды халық даналығы деп атайды», – деген екен.
Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз.
Халық даналығы
Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.
1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
2. Адам деген – ардақты ат.
3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
4. Адам арын ойлайды.
5. Оқу – инемен құдық қазғандай.
6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.
Адам |
Білім |
Еңбек
|
Халық даналығы:
· мақал-мәтелдер.
· шешендік сөздер
· аңыз әңгімелер
· нақыл сөздер.
Халықтың даналығы –
Ақыл-ой қазынасы!
Түсінген саналыға
Тым терең мағынасы.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту
Тәрбиелік мақсаты: таби,атты сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Табиғат – анамыз
Табиғат ол – анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
· Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?
· Адам табиғатты түсіне ала ма?
· Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?
Күн мен гүлдер
Құрманбек Толыбаев
Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
– Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.
Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:
– Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.
– Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
– Қазір, ашайын көзімді, қазір...
Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.
– Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.
– Жарайды, – деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»
Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.
– Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
– Қазір, алтын Күн!
Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.
Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.
· Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?
· Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.
Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.
Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,
Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.
Табиғат та бір кітап
Қ. Мырза Әли
Тамаша ғой
Бүгін сен
Табиғатқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.
Еріп бұлттың ырқына,
Жоқ болады бір күн ай...
Табиғат та бір кітап,
Оқи алсаң, шіркін-ай!
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту
Тәрбиелік мақсаты: таби,атты сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Біз осылай өсеміз
Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырайды бар аймақ,
Жарқырайды шуағы.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған
Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін
Аялайды нұрлы таң.
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.
· Табиғи тағамдарға нелер жатады?
· Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
· Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?
Өсиет әңгіме
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.
Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың “Саялы орманынан”, ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.
Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.
Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.
· Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
· «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?
Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Суреттерге қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәрiмiз.
Р. Сәтiмбекұлы
Көктем
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті.
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың, құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға,
Жамылған қарларға.
Жайқалған даланы,
Табиғат – Ананы
Көруге сағынып,
Келген біз балаңыз!
· Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?
· Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?
· Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан, қандай әсер аласыңдар?
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шабытқа кенелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
