Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып тгел.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Маржан мен жауқазын

З. Мейiрханова

Маржан бала кезiнен табиғатты және оның байлықтарын сүйiп өстi. Ата-бабасынан берiлген қасиет шығар, атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннiң iзбасары дейтiн. Бiрде Маржан серуендеп жүрiп, бiр жылаған дауысқа құлағын түрдi. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естiледi. Барлық күш-жiгерiн салып, тасты көтерiп едi, тастың астында қылтиып өсiп келе жатқан жауқазын гүлi, жапырақтары бүрiсiп қалыпты, күлтесi де мыжылған. Маржан тасты көтерiп қалған сәтте-ақ, жауқазын "ух!" деп тыныстады:

— Мұндай жағдайға қалайша тап болдың, айтшы?

Жауқазын әлсiз де нәзiк даусымен мән-жайды түсiндiре бастады.

— Күз айының аяқ кезiнде мына тас маған пана болам деп уәде берiп едi. Мiне, аяғы қандай жағдайға душар болдым.

Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрiсiп қал­ған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.

— Жауқазын, сен налыма, менiң жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, — дедi.

·     Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

·     Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырма­шылық байқадыңдар?

Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу

Дамытушылық мақсаты: адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:  қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Келші, келші, балашым

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар – көңілің,

Ақ болар деп ойладым.

Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

 

Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің,

Аппақ мөлдір сезімсің.

Мен барымды аяман

Ботақаным, сен үшін.

 

·   Өз аталарың туралы не білесіңдер?

·   Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?

·   Жеті атаңды айта аласың ба?

Арұлан

Балабақшаға Арұланды 3-сынып оқушысы Аружан әпкесі ертіп келіп жүр. Ол өзі бір «пысық» бала болды. Мұрны пысылдап, әпкесі оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды, «өзім кием» деп киімдерін де, орнына қойып, өзі киінетін болды. Ол киініп, арқа қоржынын асынып, қарақаттай көзі күлімдеп:

– Әпке, мен дайынмын! – дейді.

– Айналайын үніңнен, айналайын күнімнен! – деп, Аружан оны балабақшаға ертіп келеді де, оның айдай аппақ маңдайынан сүйеді.

– Апай, саламатсыз ба? – деп, Арұлан тәрбиешімен әдепті амандасады.

– Арұлан, айналайын, әдепті бала, – деп, тәрбиеші оны қуана қарсы алады.

Арұлан тіл алғыш бала болды. Ол үлкендер жұмсаса: «міне қазір», «мен дайынмын» деп жауап береді.

– Жаным! Жарығым! Ақ балапаным! – деп әкесі Әбен оны көтере құшып сүйеді. Арұланның күмістей сыңғырлаған күлкісі үй ішін шаттыққа толтырады. «Балалы үй – базар» болады.

– Әпке, сен туралы тақпақ жаттап алдым, тыңдашы, – деп ол жылы жымияды.

– Айта ғой тақпағыңды, кәне!

– Қамқор дәйім, Күн мен айым – Әпкетайым!..

– Айналайын інімнен! Айналайын күнімнен! – деп, Арұланды әпкесі құшақтап, билей жөнеледі. Арұлан биге түсіп, әпкесімен бірге шыркөбелек айналып билейді.

– Айналайын, Арұланым, әкесіне тартқан өнерпаз болады, – деп Ажар ана қуанады.

– Мақтамаңыз, мама, мен мақтаншақ емеспін! – дейді Арұлан.

Ақсары бала Арұлан – үй ішінің күні, балабақшаның гүлі, әке-шешенің бақыты, әпкесінің «жансаясы» аман болсын!

• Арұлан қандай бала? Аружан ше?

• Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

 

Өз отбасыңдағы қуанышты сәттер туралы айтып беріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу

Дамытушылық мақсаты: адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:  қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

«Отбасымыздың дәстүрлері» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеп беріңдер.

 

Адамның жақсы қасиеттерінің бірі – өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бір-бірін сыйлап, қамқорлық жасаулары  керек.

 

 

 

Қамқорлық

Бабамнан басталар,

«Өз жұртым» мыналар:

Ең жақын адамдар –

Әкем мен Анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты әжем бар.       

Әкеге мен – бала,

Атаға – Немере.

Немере баласы –

Болады шөбере.

Шөбере баласы –

Шөпшек деп аталар.

Шөпшектің баласы –

Немене саналар.

Осы ұрпақ жалғасы

«Жеті ата» бола алар.

·        «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.

Халық даналығы

Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беріңдер. Өздерің қандай бата-тілек білесіңдер?

 

 

 

 

Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол.

Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын.

Балаларымыз қуаныш әкелсін, немерелеріміз жұбаныш әкелсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.

 

Жеті ата:

1.   ата

2.   әке

3.   бала

4.   немере

5.   шөбере

6.   шөпшек

7.   немене

 

 

 

Мен әдепті баламын

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын!

 

Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамтыу

Тәрбиелік мақсаты: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Көк алма

Жас түйнек көк алма

Түсіп қапты көгалға.

Көктей жұлған оларды

Сотқар бала оңар ма?

Сауап пенен обал да

Көкейіне қонар ма?

Мәуе берер, ал, күзде

Қайдағы алма оларға?

Соны неге білмейді,

Құлағына ілмейді.

Күтіп-баптап неге ертең

Тәтті алма жеп жүрмейді.

 

·        Обал дегенді қалай түсінесіңдер?

·        «Обал болады», «сауап болады» деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?

·        Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажы­ратуға болады?

 

Обал деген не?

Біз бірнеше бала болып, ауыл сыртындағы өзенге балық аулауға бардық. Кешке дейін далада жүретін болғандықтан, қарнымыз ашады деп, жолға азық, түрлі тамақ алып алдық.

Бұрын бір рет барғанда, әбден тамақ ішпей болдырған едік. Әсіресе нансыз ешқандай тамақ болмайды екен. Бұл жолы балықтан сорпа жасадық.

 

 

қалды. Қасымда отырған Асантай дорбасын ақтарды  да,  ішінен нанды, оның қиқымдарын жерге  төге салды. – Енді керегі жоқ. Қарын тоқ. Ауылға көтеріп барамын ба?

– Обал емес пе? Нанды неге тастайсың?

– Ой, шіркін, обал дегенді кім біледі. Білсең айтшы, ол не?

– Соны айтам-ау, өзінше білгіш.

– Қазір не көп, нан көп.

Осылай деп, балалар маған әр бүйірден тиісті. Мен оларға, шамам келгенше, нан туралы, оның қасиеті туралы айттым. Мүмкін, мен де жөнді білмеспін. Ал сендер не дейсіңдер оларға?

·   Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

·   Нанды жерге тастау дұрыс па?

·   Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?

Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің.

Әңгімені өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамтыу

Тәрбиелік мақсаты: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Торғай

Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті...

            Суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.

 

 

Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.

Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

 

Құс ұясын бұзбайық!

Ей, балалар, балалар!

Аман болсын аналар!

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар,

Кім сүймейді баласын?!

Осылар еске түскенде,

Бір ойланып қаласың!

 

Өсіруге баланы,

Құстар ұя салады.

 

 

Жасауға жұмсақ ұяны,

Жабағы жүнді жияды.

Жайлы қып жасап ұяны,

Жұмыртқасын салады.

Бір қуанып қалады.

Тақия тұзақ салмайық!

Қарғысына қалмайық!

Әдейі көздеп атпайық!

Көп күнәға батпайық!

Құс ұясын бұзбайық!

Жұмыртқасын алмайық!

Обалына қалмайық!

 

·        Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

·        Құс өз балапанын қалай қорғайды?

·        Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

 

Суреттерге қараңдар. Табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінесіңдер?  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарқын заман бөбегі

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

 

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған,

Бізге ашық аспанды.

Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң.

Алтын бесік өз елім,

Туған өлкем Ұлы Отан.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

     Сабақтың тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік мақсаты: жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету

Тәрбиелік мақсаты: өз сөзіне,ісіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

 

·     Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

·     Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? 

·     Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Төмендегі суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбексіз өмір – сүреңсіз

 (Мысал әңгіме)

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, – деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...».

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

–       Әй, туысқан, – деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.

– Төмен секір, – деді Қара пышақ, – бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.

–       Ол жерде не бар?

–       Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

–       Ал жұмысты кім істейді?

–       Жұмыс бізсіз де істеледі.

–       Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

·     Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

·     Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

·     «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

·        Еңбек – қуаныш,

жалқаулық – айырылмас азап.

Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

     Сабақтың тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік мақсаты: жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету

Тәрбиелік мақсаты: өз сөзіне,ісіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

 

Қайдан келдің, бауырсақ?

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

– Қайдан келдің бауырсақ? –

Деп сұрады қуыршақ.

– Дүкеннен келдім

Нан сатқан, –

Деді оған бауырсақ.

– Дүкенге келдің қай жақтан?

– Наубайдан келдім нан жапқан.

– Наубайға келдің қай жақтан?

– Диірменнен келдім ұн тартқан.

– Диірменге келдің қай жақтан?

– Даладан келдім кең жатқан.

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

· Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

 

Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер.