Татулық – табылмас бақыт
Халық мақалы
Берілген жағдаяттардың шешімдерін табыңдар.
¯ Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.
Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.
· Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?
¯ Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.
Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.
· Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?
¯ Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.
· Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?
Бірлік:
1) ортақ істе ұйымшылдық көрсету;
2) жаныңдағылармен тату өмір сүру; өзгенің пікірімен санаса білу;
3) өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.
Бата
Ұзақ болсын ғұмырың,
Биік болсын тұғырың!
Ақиықтай қыран бол,
Абылайдай ұран бол!
Өнегелі, өрісті,
Елін сүйген ұлан бол!
Деп аталар өрелі
Баталарын береді.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
· Үлкендер еркелеткенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
· Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
· Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Жай ғана әжей
В. Осеева
Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалды.
Абзал:
– Сөмкемді ұстай тұршы! – деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп кетті.
Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:
– Бұл сенің әжең бе? – деп сұрады.
– Жоқ, – деп жауап берді Абзал.
– Мамаң ба?
– Жоқ.
– Ендеше көршің шығар?
– Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, – деп жымиды Абзал.
· Бұл оқиғадан не үйрендің?
· Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан
М. Пришвин.
Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Суреттерге қарап, жағдаяттарды шешіңдер.
1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...
Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
· Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
· Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Қайырымдылық
Монтиған құрбыларынан бойы аласа Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесі де қап-қара, жылт-жылт етеді.
– Айналайын, – дейді анасы күнде үйден шығарда.
– Байқап жүр. Үсті-басыңды ластама. Жарай ма?
Мұхтар мақұлдап, басын изейді. Міне, ол үйге қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді, сәлден соң жауын сіркірей бастады. Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де, Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады.
Алда үш-төрт баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. «Неге күледі? У-шу боп даурығады ғой. О несі-ей?» деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды.
Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтіп кетпек еді, кенет қақтың (іркіліп қалған жауын суы) ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі – ақ күшік. «Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой» дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағаға жетіп, бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшымен итеріп, суға түсіріп жіберді. Өзгелері қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашалып, қайтадан шығады. Әбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жүр.
Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағып, бірін итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған күшікті көтеріп алды. «Әй, өзіңе не керек, ә?» – деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті.
Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықса да, жыламады, күшікті тастамады.
Күшікті құтқарғанына Мұхтар қуанышты. Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Үйге жетіп, есіктің қоңырауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті.
Қап-қара бәтеңкесі – кір-қожалақ. Киімдері – сатпақ-сатпақ. Сықыр етіп есік ашылды. Мұхтар абдырап, не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.
– Мынауың не? – деді ол, бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.
– Күшік...
Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.
Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.
– Киімдеріңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді, балам, – деді ол Мұхтардың басынан сипап.
– Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің, ашыққан, әбден қажып, бұралып жатыр.
– Мақұл, апа. Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?
– Жоқ, құлыным. Түсінем ғой.
– Рас па?
– Әрине, әр кез солай қайырымды бол.
– Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.
– Өйтпесіңе сенемін, жаным...
· Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
· Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
