Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып тгел.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.79 Кб
Скачать

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: шаттыққа толы жүрекпен

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жаңа ақпарат

Біз бақытты баламыз!

Жылай қалсақ, жұбанамыз,

Ақыл тыңдап, тіл аламыз,

Біз тәртіпті баламыз!

Таңда ерте тұра аламыз,

Беті-қолды жуа аламыз,

Біз ұқыпты баламыз!

Үлкендерді сыйлаймыз біз,

·     Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

·     Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

·     Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Әңгімелесу

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, ба­қыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.

Өзіңді  тану

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

   Өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктеріңді айтыңдар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

  2-сабақ     

Сабақтың тақырыбы: шаттыққа толы жүрекпен

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

бірлік

Отан

білім

махаб­бат

Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.

Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

  Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

·        Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

·        Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қол­дана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

  Жағдаятты шешу

·             Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

·             Адамның дамуына не ықпал етеді?

·             Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай­қадыңдар?

·             Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай­сыңдар?

Жүректен жүрекке

 

Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

 

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

 

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас  жасауды үйрету

Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

 

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

 

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

·              Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

·              Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?

Жаңа ақпарат

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:

–    Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

  Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.

Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.

·        Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?

·        Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?

·        «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?

Ойын

Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер.

    ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

     

 4-сабақ 

Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас  жасауды үйрету

Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Әңгімелесу

Өмір деген жарыста,

Шаттанғын, дос, қалыспа!

  Өзіңнің, өзгенің көңіл күйін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?

 Жаңа ақпарат

Тиін мен қасқыр

Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.

– Қоя бер мені! – деп, тиін жалына бастайды.

– Жақсы, қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.

– Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, – деп жауап береді тиін оған.

Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:

– Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің... Ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, – дейді.

·        Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?

·       Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Жүректен жүрекке

Жақсы көңіл күй:

1.     тез түсінісуге септігін тигізеді;

2.     өзара достасуға көмектеседі;

3.     сыйластыққа негіз болады.

Көңілді балалар әні

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Бақытты балалық шақ

Жарастықпен жайнатып өмiр көркiн,

Гүл-бақшада сайрандап өскен еркiн.

Шат көңiлдi, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы iстi меңгеретiн.                      

 

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулiм мектеп, кең сарай, түрлi алаң,

Не керектiң бiз үшiн бәрi дайын.                 

 

Бiлiм шыңын өрлеймiз басып алға,

Қиындық жоқ, бөгелiс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбiреп қолымызда.              

·     Адамға білім не үшін қажет?

·     Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

·     Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

·     Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Әңгіме

Табанды  бала

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. 

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.  

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.

Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.  

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.

·        Бала өз мақсатына қалай жетті?

·        Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

·        Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?

Дәйексөз

Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді. 

Білім адам игілігіне қызмет етеді.   

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Өлеңді жаттап алыңдар.

Кітаптың жыры

Деме:

«Оңай үйренем».

Ақыл айтсам –

Егеспе.

Оқу деген – «Инемен

құдық қазу» емес пе?

Менің әрбір жолымда –

Өмірдегі үлесің.

Мен отырсам қолыңда,

Білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып.

Қолдан келіп тұрғанда:

«Кел, балалар, оқылық!»

·     Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?

·     Кітаппен қалай дос болуға болады?

Жүректен жүрекке

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

    Білім:

1.     өзіңді, өзгені танытады;

2.     өмірді түсінуге көмектеседі;

3.     табиғат құпияларын ашады;

4.     болашаққа жетелейді;

 

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.

1. Оқу – білім бұлағы.

2. Білім – өмір шырағы

3. Оқу – инемен құдық қазғандай.

4. Оқу түбі – тоқу.

Ақылшым – мұғалім

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.   

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым – мұғалім.   

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын.

Бәрі алтын сөзіңнің,

Ақылшым – мұғалім.  

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: татулыққа,  достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

           Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

·        Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

·        Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

·        Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Әңгіме

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

–     Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып: 

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

·              Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

·              Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? 

 

Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

 

Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.

 ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

  8-сабақ 

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: татулыққа,  достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жағдаяттарды шешіңдер:

1. Шығармашылық кез­десу кезінде өзіңді қызық­тырған сұрақ қойғың келді. Ол...

 

   2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...

 

         3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...

 

Рақмет, ата!

Әңгіме

Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жа­сар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.

– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

 Гүлнар.

– Кімнің баласысың?

– Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

– Үйде кішкентай Сая бар.

Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.

 

 

 

·         Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

·          «Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет» дегенді қалай түсінесің?

·         Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

  9-сабақ 

 Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: татулыққа,  достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Өзгеге жасаған ізетің –өзіңе жасаған құрметің

Өлеңді рөлдерге бөліп оқыңдар.

Кішілік – кісілік

Көп ойланып есебі,

Келсе керек білгісі.

Сөз сұрапты деседі

Қариядан бір кісі:

– Уа, қария, данамыз,

Алайық бір түсініп.

Үлкендік деп не ұғамыз?

Дейміз нені кішілік?

– Ағайынмен, досымен,

Тату болса ісімен.

Санаспай-ақ жасымен,

Сыйлас болса кісімен;

Кезек күтіп сөйлесе,

Көрсетсе ізет, білгендік.

Кеуде кере келмесе,

Сол – Кісілік-үлкендік.

– Сіз үлкендік дегенмен,

Басқаша ұқтық мұны біз,

Мәмілешіл бар елмен

Кішілік қой мұнымыз.

– Жөн-ақ өзің аңдасаң,

Сөздің мәнін түсініп.

Ұйқасады әрқашан

Кішілік пен кісілік.

·        Өлеңдегі достыққа тән қасиеттерді айтып беріңдер.

·        Кішілікке тән қасиеттерді іріктеп айтыңдар.

 

Суретке қарап, кімді не үшін құрметтеу керектігін баяндап беріңдер.

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

 

        Адамдар өзара сыйласып, бір-бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін құрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді.

Өзін-өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі. 

 

 

 

 

Бақытты балалар әні

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз, сайраңдап.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап.

 

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды.

Өнерге біз құмартып,

Өсіреміз бақтарды.

 

Шынығамыз, ойнаймыз,

Жас ұрпақпыз талапты.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Адамдарға  кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын,

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

 

·        Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

·        Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?

·     Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

 

 

Әдептілік

Тұрсын мектептен көңiлсiз қайтты. Үн-түнсiз отырып, тамағын iштi. Бiр кезде:

– Апа, әлгi бiздiң көшенi сыпыратын атай ауруханаға түсiп қалыпты, – дедi.

– Ә, бұл бейнет дегенiң де тiлсiз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесiн жөндеймiн деп жүрiп, мертiгiптi. Өткен сенбiде екi-үш оқушы сарай төбесiнiң қара қағазын жыртып, iшiне түсiптi. Сарайдан сыпырғылар алса керек. Тентектер, өйтiп бүлдiргенше, сұрап алсашы.

Сөйтiп жүрiп апасы жұмысына жиналды.

– Апа, ұрыспайсыз ба? – дедi Тұрсын қипақтап.

– Не үшiн? Екiлiк алғаннан саумысың?

– Жоқ екiлiк емес. Одан да жаман ... мен де солардың ішінде болып едім... Айтайын дегенiм, аула сыпыратын  атайға барсам деймiн. Халiн бiлiп, кешiрiм сұрайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Қап, әттеген-ай, балам. Ағаттық жасаған екенсіңдер. Сендердiң кешiрiм сұрағандарың дұрыс, атайдың жан жарасына себi тиер.

Апасы жұмысына кеттi.

Тұрсын аула сыпыратын қартқа барды.

– Бiр қателiк кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрiнен де қателiктерiңдi түсiне бiлгендерiң жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесiз болмас» деген, – дедi қарт.

 

·        Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

·        Атай балалардың қылығын кешірді ме?

·        Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Кешірім – ізгіліктің белгісі

Халық даналығы

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.

Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

 

Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.  

Суреттерде берілген жағдаяттарды сахналап көрсетіңдер және талдаңдар. 

 

¯ Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...

 

 

 

 

¯ Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті...

 

 

 

¯ Дәулет сабаққа кешігіп қалды...

 

 

 

 

 

 

¯ Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті...

 

 

 

Автобуста

Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.

Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.

– Мұнда отырыңыз, – деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

– Рақмет, балалар, – деді анам отырып жатып.

– Апа, рақметті не үшін айттыңыз?

– Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кешірім жасау:

1)    татуласуға бірінші қадам жасау;

2)    кішіпейіл болу;

3)    қателікті мойындау;

4)    өзара түсінісу;

5)      ренішті ұмыта білу.

 

Күн күледі

Сөзі Қ. Толыбаевтікі

Әні И. Нүсіпбаевтікі

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

 

Қайырмасы:

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

 

Жалбыр шашы – гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

 

Қайырмасы.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

    Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өзара  түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай  білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

    Бала тiлегi

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,

Гүлденсiн деп атамекен – қара орман.        

 

Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,

Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.

Алтын бесiк — ұлан-байтақ елiмде,

Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.

 

Қалықтаған көгершiнi көгiнде,

Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.

Ата берген батаменен көркейсiн,

Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де

·     Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

·     Қалай татуластыңдар?

·     Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істейсің?

·     Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

 

 

Өсиет әңгіме

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.

 – Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», – депті.

– Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын, – депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.

–      Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда, үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін, – депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп.

Бадырайған көзін анда-санда ашып-жұмған Жапа­лақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

– Шақырған жерден қалма, – деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.

– Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! – деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып

кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі, оны одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.

Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.

·        Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келді?

·        Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

·        Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

 

Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

    Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өзара  түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай  білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Жағдаяттарды шешіңдер.

 

 

 

¯ Тілес Бегарысты байқамай

қағып кетті...

 

¯ Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...

 

 

 

 

 

·        Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

 

Піл мен Маймыл

Ертегі

Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.

– Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! – дейді Піл мақтанып.

– Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! – дейді Маймыл тез-тез сөйлеп.

Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.

– Уа, данышпан, Үкі! – дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып.

– У-у-х! Өй! – деп Үкі шошып кетеді. – Не болып қалды? Айта беріңдер!

– Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», – деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін.  Төрелігін өзің айтып бер.

– Бір сөзбен айтқанда, – дейді Піл сөзге араласып. – Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?

Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.

– Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, –дейді Үкі.

Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:

– Өзеннен қалай өтеміз? – деп уайымдайды.

– Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! – деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.

Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.

Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:

– Алманы қалай жинаймыз? –деп уайымдайды.

– Сен осы жерде тұр, – дейді Маймыл қуанып. – Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!

Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді.

Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.

– Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, – дейді Маймыл.

– Сен өзеннен өзің өттің бе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі.

– Піл өткізді.

– Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме?

– Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.

– Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?

– Маймыл көмектесті.

– Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?

– Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.

– Дұрыс, – дейді Үкі. – Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. – Мен мүлде алма жемеймін.

Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.

·        Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?

·        Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?

·        Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?

Келісіп пішкен тон  келте болмас.

Мақал

 

 

 

 

Келісім:

·         басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;

·         адамдарды бір-бірін жақсы тани білуге үйретеді;

·          басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.

Ізгі тілек

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

 

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек ірекеттері  туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: қайырымды, жағымды қарым өатынастар жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Елімізді сүйеміз

Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Туған жерде аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де

Боламыз ел қаһарманы.

Ырыс алды – ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ  тобылғы  әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

– Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, – дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

– Енді бір-бірден сындырып көріңдер, – дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

– «Міне, сындырдық», – деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

– Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, – дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды–ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

· Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

· «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

 

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

1.  Ынтымақ түбі –... .

2.  Бірлік, ынтымақ – байлық, ... .

3.  ... – табылмас бақыт.

Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң – сыйлы боласың

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дос, туыс, жақын адам арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті арттыру

Тәрбиелік мақсаты: достық, туыстық, сыйластық қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Адамдар арасында бірлік болса,  олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады

 

Өмірлік сый

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлілісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандақтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!

Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.

Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы – әпкеммен ойнау.  

Анасы: Сендерге бір-біріңмен тату, бірлікте өмір суру керек екендігін  қалай түсіндірсем екен!?

·        Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

·       Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?

§  «Әпкең мен ағаң – өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?