Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Глава 4 программа отчета 4 курса на каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

7 Тарау. Еңбекті қорғау құрамы және табиғат

8 Тарау. Өткен іссанаға сапалық жағынан бағдарлама сұрақтарын қамти отырып, іссана үрдісінде үйренгендеріне өзінің жеке бағасы Нақты қорытындылар мен ұсыныстар

Қорытындыларды іссана жөніндегі есептің жадығаттарынан туындайтын әрбір бөлімі бойынша нақты сұрақтарға сәйкес жасау керек.

1. Шаруашылықта қолданылатын дақылдардың өсіру технологиясы, оны сыни бағалау.

2. Жоғарғы немесе төмен өнім мен мал өнімділігінің себептері.

3. Шаруашылық әрекетінің экономикалық тиімділігі және қаржылық нәтижелері.

Әдебиеттер тізімі

Пайдаланған құжаттар тізбесі.

Жалпы көлемі шамамен стандарты форматпен 45-55 бет деңгейінде болу керек.

Өндірістік іссана жөніндегі есеп шаруашылықта жазылуға тиіс, шаруашылықтың бірінші басшысы тексеріп қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

Бағдарлама орындалмаған жағдайда, теріс пікір немесе қорғағанда қанағаттанарлықсыз баға алғанда, студент агроуниверситеттен шығарылады да, өндірістік іссанаға қайтадан жіберіледі.

Өндірістік іссанаға жүретін студентке естелік (памятка)

1. Іссанаға кеткенге дейін бағдарлама мен күнделіктің мазмұнымен танысуы керек, кафедрада және жетекшіден инструктаж және кеңестер алады, міндетті түрде инструктаж алғандығы жөнінде кафедралық жорналда және күнделікте белгі соғылады.

2. Егер студент іссана өтетін шаруашылық жадығаттары негізінде дипломдық жұмыс (жоба) орындағысы келсе, оған ғылыми жетекшімен жұмыс тақырыбын, жадығат жинақтау жоспарын, танаптық тәжірибелер салу, дипломдық жұмыстың жобалы кескінің және жекелеген тараулар мен бөлімдерді орындау мерзімдері анықталуы қажет.

3. Өндірістік іссана өтетін жерге келсімен жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық рәсімдеу үшін шаруашылық басшысына кіруі керек.

4. Деканатқа мекен жайын, қандай жұмысқа қабылданғаны, шаруашылықтан кім жетекші болып бекітілгенін, бұйрық нөмірін хабарлау қажет.

5. Іссапар куәлігінде іссана өтетін орынға келген уақытын, университетке қайтқан уақытын көрсетіп белгі соқтырады.

6. Жүйелі түрде күнделік толтырып отыру керек, іссана жөніндегі есепке және дипломдық жұмысқа (жобаға) жадығат жинау қажет.

7. Толыққанды өндірістік мінездеме алуға міндетті, онда іссана өткен орын, мерзімі, қандай үрдістерге қатынасты, көтермелеу рәсімі немесе сөгіс алғандығы, қоғамдық жұмысқа қатынасуы ж.б. көрсетіледі, шаруашылық басшысының қолы, елтанбалы мөр соғылған болуы тиіс.

17