Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод. указ. по Соц. каз.10.2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577.02 Кб
Скачать

5) Бақылау сұрақтары

1. Адам, индивид, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.

2. Тұлғаның құрылымына талдама беріңіз.

3. Тұлғаның қандай қызметтері ең басты болып табылады?

4. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді?

5. Тұлғаның әлеуметтенілуіне қандай факторлар әсер етеді?

6. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді?

7. Тұлғаның әлеуметтенуіне қандай факторлар әсер етеді?

8. Тұлғаның әлеументтенуінің кезеңдері мен агенттерін атаңыз.

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.З. Фрейдтің «Жоғары мен» түсінігін талдаңыз?

2.Гуманизм неліктен жалпы адамзаттық мәселе болып табылады?

3.Жеке адамды әлеуметтендірудің жолдары қандай?

4.А.Құнанбайұлының адам проблемасына қатысты айтылған тұжырымдарының қазіргі кездегі алатын маңызы?

5. Адам мәселесінің зерттелу деңгейлері туралы кестені толтырыңыз:

Ежелгі Қытай

Ежелгі Индия

Ежелгі Греция

Орта ғасыр

Қайта өрлеу дәуірі

Ағарту кезеңі

Қазіргі кезең

6.«Алғашында адам табиғатқа тәуелді болды. Ал, кейін техникалық машиналық ортаға деген тәуелділік пайда болды. Осы кезде адамзат үлкен ауыр проблемамен кездесті. Себебі, адамның психо физикалық организмі табиғи ортаға бейімделгендіктен, оған техникалық машиналық орта үлкен қауіп төндіруде. Машиналық техникалық өркениет бәрінен бұрын адам жаны үшін өте қауіпті. Техникалық өркениет адамның белсенді болуын талап еткенімен, адамның тұлға болуын қаламайды»,- деген Н.Бердяевтың пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Қосымша тапсырмаларда талдаңыз (осы айтылған ойларды өз бетіңше жалғастырып, өз көзқарасыңызбен толықтырыңыз):

«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына ос төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңыштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін, мықты, берік денелі болса, түзу ойлайьын, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақылды болса, сұлу сө, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанды адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы...»

Мағжан Жұмабаев Шығ. Жин., Алматы, 2003.3-т., 15б.

«Қоғам – индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, ол адамдардың бірлігінен тұратын, ерекше қасиетке ие жүйе. Әрине, ұжымдық өмір дараланған сананың қалыптасуын көрсетеді, бірақ бұл қазіргі жағдайда жеткіліксіз. Бұл сана ерекше түрде дамуға, үйлесімділікке қол жеткізуі тиіс. Осы үйлесімділіктен келіп әлеуметтік өмір туындайды»(Э. Дюргкгейм)

«Біздің қазақ ғұрпында қай заттан болса да ел ішіне келген адам нәсіліне қарамай бәрі бірдей құрметте болады, бәрі бірдей қонақ болып көрінеді... Қазақтың қарияларының айтып кеткен сөзіне қарағанда, тіршіліктің қызығы адамзатқа жақслылық қылуменен болып көрінеді.

Ел билеген жақсылардың ойлағаны ел қамы болмаса, әрқайсысы өзінің пайдасын ойлап мұқатқаны ағайыны, жұрты болса, билерде әділет болмаса, енді жақсылықты жұрт қайдан күтпек».

М. Дулатұылы Шығармалары: Мақалалар мен зерттеулер.-Алматы, 1997.-2-т.-85б.

«Индивидтен ойллаудың қайнар көзін іздейміз. Осыдан келіп қателік туындайды.

Біріншіден, адам ойының негізі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадан, әлеуметтік топтан туындайды. Адам өзін қоршаған әлеуметтік ортаның ісерімен ойланады».

Л. Гумплович Основания социологий. М., 1991.-1991-С-261

«Адамдағы жеке тұлға дегеніміз күрестің нәтижесі... Адамда, күмәнсіз екі «мен» бар, ақиқатты, шындыққа сай қалыптасқан «мен» және төменге тартатын, құмарлықтан туындайтын «мен»...

Адамзат рухы адамнан жоғарыға ұмтылуы тиіс... Сонда ғана адам өзін жоғалтпайды, өзін-өзі құрметтей алады.

АДАМ ТІРІ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ».

Н. Бердяев Мир философий. М., 1991. 2б.

«Адамдар табиғи ортасын жасанды, таьиғи емес – мәдениет саласымен ауыстырды. Біз өткенге көз жүгірткен сайын даналықты жиі байқаймыз. ...»

Б.Ф.Поршнев. Социологяия. Хрестоматия. М.,1991. 80 б.