Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод. указ. по Соц. каз.10.2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577.02 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Кафедра «Әлеуметтік-саяси пәндер»

Барлық мамандықтарға

шифр, мамандық

1-2 курс студенттеріне арналған

«Әлеуметтану» пәні бойынша практикалық (семинарлық) сабақтарға

Әдістемелік нұсқаулық

Ақтөбе қ.

2015 ж.

Орындаушы(лар)

Орындағандар:

Ф. ғ .к., аға оқытушы _________ Е.Е. Мұханбетқалиев

(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Г. ғ. магистрі, оқытушы _________ Г.С. Симұқанова

(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Г. ғ. магистрі, оқытушы _________ Б.А. Нұралина

(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Хаттама № 203қыркүйек 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі

Ф.ғ.к.________________ _______ Ү.Қ. Сәрсембин

(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Алғы сөз

Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігі тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімінің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның бір тұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез - келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндіктер береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық қағидалары тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.

Әлеуметтану пәнінен семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау студенттердің өзін қоршаған әлеуметтік әлемді ғылыми тануға, әлеуметтану ғылымның әдістемелері мен әдістерін меңгеруге және қоғамдағы түрлі өзгерістерді болжауға, оларды талдауға бейімділікке, шығармашылық пен сыни тұрғыда ойлауға үйретуге бағытталған. Осы семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауда әр сабақтың тақырыптары және мақсаты, блиц-тест, түрлі кестелер мен жағдаяттарды, тапсырмалар, студенттердің тақырып аясындағы білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтар, әлеуметтену ғылымындағы негізгі ұғымдар, мәнжазба тақырыптары берілген. Ол пәнді оқып-үйрену барысында студенттің белгілі бір біліктілікке, дағдыға, құзыреттілікке ие болуына септігін тигізеді.