Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
yerdaulet_ot4et.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

1. «КазАгроЭкс» ақ және оның технологиялық сипаттамасы

"КазАгрЭкс" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық капиталда мемлекеттің 100 % қатысуымен Республикалық астық инспекциясының құқықтық ісін жалғастырушысы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.03.2000 жылғы Қаулысына сәйкес құрылды.

"Казагрэкс" АҚ-ның басты бәсекелестік артықшылдығы - бұл Мемлекеттік астық инспекциясының тарихи мирасқорлығын сақтаған көп санды астық сараптамалық пунктілері бар Қазақстан Республикасының аумағында кең тараған аккредиттелген сынау зертханалар жүйесі.

  1. Астық және оның қайта өндірілген өнімдерінің сәйкестігін бағалау және сәйкестік сертификатын беру.

  2. шығару елін анықтау сараптау және сәйкестік сертификатын беру.

  3. астық және оның қайта өндірілген өнімдерінің сапасын сараптау және сапа паспортын беру.

  4. астық және оның қайта өндірілген өнімдерін талдау және сынау хаттамасын беру.

  5. жана астықтың сапасын, оның ICC, ISO халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін технологиялық қасиеттерін бағалауын өткізу

  6. барлық өсімдік тұқымдырының егістік сапасын анықтау

  7. мақта-талшық сапасын сараптау және покипті сапа паспортын беру негізгі қызмет әрекеттері болып табылады.

"Казагрэкс" АҚ-ның, өз қызметімен Қазақстан Республикасының барлық бидай егетін облыстар аумағын қамтитын, Астана қаласында Орталық сынау зертханасы және аккредиттелген сынау зертханалы 11 облыстық филиалдары бар. Сондай-ақ, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес 127 аудандық және тұқымдық зертханалар мен Түркістан және Жетісай қалаларында орналасқан 2 мақта зертханалары бар.

Зертханаларда HVI M 700 құралы арқылы мақта-талшықтың сапалық параметрлерін 14 көрсеткіш бойынша анықтайтын сынауды автоматтандырылған сынау жүйесімен өткізеді. Талшықты сынау үшін арналған HVI автоматтандырылған құралы сынауды дәл және нақты жасайды.

"Казагрэкс" АҚ СТ РК 17025-2001 стандартына сәйкес аккредиттелді, сынаулар клиенттер мен шетел алушылардың тапсырысы бойынша жасалады. Кәсіпорынның Астана қаласындағы орталық зертхана ғимаратының технологиялық сипаттамасына тоқтала кетер болсақ, жалпы алғанда кәсіпорын кірпіштен жасалған, салалары бойынша жіктелген ғимарат болып табылады. Бұл ғимарат іші бірнеше бөліктерден тұрады. Акционерлік қоғамда тұқымдық қорды зерттеу залы, технологиялық зал, биохимиялық зерттеу жүргізу бөлімі, шикі сағызды жууға арналған арнайы қондырғымен жабдықталған астық сапасын анықтайтын зертхана, астық сапасын анықтауға арналған БИС-1 бөлгіші және майдалағыш машина орналасқан арнайы бөлмемен, және барлық құжаттар сақталынған архивке арналған жеке бөлімдерден тұрады.2 –суретте мекеменің әкімшілік ғимараты көрсетілген.

Cурет 1 – Мекеме ғимаратының сыртқы көрінісі

Бұдан басқа басшылық, кадрлар бөлімі және бухгалтерияға ғимарат аумағында өз қызметін іске асыруда. Мекеменің аумағында жүк көлігінен сынама алуға арналған астық зертханасы орналасқан. Зертханада жүк көліктерінен орташа тәуліктік сынама алынып, сынама технологиялық залға жіберіледі. Жүк көліктерінен сынама алу 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2 – Жүк көлігінен сынама алу

Астық партиясын жеткізетін автомобильдер жүкқұжатқа қолбелгі қою алаңында арнайы тексерістен өтіп, онда нұсқаулыққа сай сынама алынады. Технологиялық зал мамандары астықтың ылғалдылығын, қоқыстылығын, зақымдалуын, типтік және төментиптік құрамын, түсін, иісін анықтайды. Әр қожалықтан келген біркелкі астық партиясына орта тәуліктік үлгі жасайды. Сараптама нәтижесіне сай астық партиясының сапа көрсеткіштерін астық сапасы жайлы құжатқа толтырылады.

«Қазагроэкс» АҚ технологиялық сипаттамасы заманауи зертхана талаптарына сай келеді, мүмкіншіліктері жоғары зертхана болып табылады. Сонымен қатар мекеме астық сапа көрсеткіштеріне баға беретін, шаруа қожалықтарына сертификат берумен және де халықаралық тауар айналымында астық сапасының көрсеткіштері екі тараптың зерттеулері қарама – қарсы келген уақытта қосалқы зерттеу жұмысын жүргізумен айналысатын мекеме.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]