Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
yerdaulet_ot4et.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе 3

1. «КазАгроЭкс» АҚ және оның технологиялық сипаттамасы 5

1.1 Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары 8

1.2 Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар 10

2 Астық сақтау кезінде жүретін сапалық көрсеткіштер. 14

2.1. Дәннің ұзақ сақтауға төзімділігі туралы. 14

2.2. Дәннің тыныс алуы. 15

3. Астықтың өздігінен қызуы. 17

3.1 Өздігінен қызу процесінің мәні 17

3.2 Астық сақтаудың жағдайлары, өздігінен қызу үрдісінің дамуы. 20

3.3 Өздігінен қызудың алдын – алу шаралары. 22

4 Астық массасының органилептикалық, физикалық, химиялық

және технологиялық көрсеткіштері. 23

5 Қорытынды 27

6 Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы рет өңдеу, қайта өңдеу және оны сақтау жөніндегі ғылым.

Қазіргі кезде, Қазақстанда технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Әр алуан шикізаттың сапасына сорттық және оны өсіру жағдайының әсері туралы мәліметтерді студенттер өсімдік шаруашылығы, биохимия, астықтану, егіншілік және тағы басқа пәндердің курсынан алады. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.

Ауыл шаруашылық мамандарын осы курстан өнімнің тұтынушы бағасы жөнінде түсінік алған соң, соны ескеріп, халықтың қажетіне сай өнімді өндіруді жоғары тиімділікпен ұйымдастыра алады.

Қазіргі уақытта ғылым мен техника біршама жақсы дамығанымен сақтау кезінде жыл сайын астық шығыны 10-15%, ал кей жылдары 40-50% жетеді.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығының өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы күрделі іс. Болашақ ауыл шаруашылық мамандарына өсімдік шаруашылығында азық-түлік сапасын арттыруға және өнімді сақтаған кезде шығынның аса көп болмау жолдарын табуға көмектеседі.

Қазақстанда астық, тұқым және олардан өндірілетін өнімдер селекциялық станцияларда, әр түрлі шаруашылықтарда, элеваторларда, астық қабылдау жерлерде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік майы, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында сақталады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны дамыту және жаңарту үкімет алдында маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде үкімет өз алдына ұн және жарма өнеркәсібінің техника – өндірістік және техника – қайта жандандыру базаларын дамыту, қосымша өндірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды тиімді пайдалану, құрылыстық өндірісті экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.

Бұл мәселелерді шешу көбінесе жоғары мамандырылған технологтарға жүктеледі. Технологтардың өндірістік өнеркәсіптерді дұрыс жобалауынан оған бөлінген қаражатты қаншалықты дұрыс игергенін көресетеді. Жаңа өнеркісіптерді және қайта жандандырылатын өнеркісптерді жобалау жаңа ғылыми – техникалық жетістіктер, технологиялық процесстер және өндірістік процесстерді автоматтандыру, оған қоса қолданыстағы кәсіптердің тәжірибесі негізінде жүргізіледі.

Дақыл дәндерінен ұн, жарма және құрама жем алу технологиясы - бірімен бірі тығыз байланысқан астықты тазалап тартуға арналған дайындау, ұнтақтау, майдалау, мөлшерлеу, араластыру және қаптау сияқты негізгі жүйелерден тұрады.

Дайындалған астықты ұнға айналдыру тәсілдері мынадай оперциялардан тұрады: жармалау жүйесіндегі дәнді жармалау, ұнтақталған заттарды түйіршіктерінің ірілігіне қарай бөлу, елек пен желдеткішті қолданып жарманы кебегінен айыру, таза жарманы ұнтақтап ұнаға айналдыру, сортқа бөлу, сапасын тексеру, байыту, қаптау.

Ұн өндірудің технологиялық жүйелерінің құндылығы астық пен электр энергиясын тиімді пайдалануы арқылы бағаланады. Мұнда ұн сапасы да ескеріледі. Ұн, жарма және құрама жем шығаруға, астықты үнемді пайдалануға дәннің технологиялық жүйелердің құамы және олардың жұмыс істеу ырғақтығы, сондай – ақ технологиялық және тасымалдау жүйелерінің түрі де әсер етеді.

Дәнді ұнға айналдырудың технологиялық жүйелері, дәннің және дайын азық – түлік құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, т.б. көптеген қасиеттері тығыз байланысты.

Нарықтық экономика кезінде ұн, жарма және құрама жем өндіру салаларында, осы өнімдерді өндіретін кіші шағын кәсіпорындар саны жедел өсіп дамуда. Бірақ бұл зауыттар Кеңес үкіметі кезінен қалған технологиямен қолданатындықтан, дайын өнім сапасы айтарлықтай жоғары болмайды. Сондықтан соңғы кездері жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізілуде, оған мысал, заманауи сегізбілікті станоктар, біріктірілген сепараторлар және т.б. жаңа қондырғылар шығарылып жасалуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]