- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде – оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек.
Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек.
Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет.
Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса басқа себеппен келгенін айту керек, мысалы комму-налды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп түрғанын алдын ала білмеуі шарт.
Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
Тінтудің тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту арқылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондықтан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер қолдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тәсілін ойластыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объектілерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірақ тергеушінің жұмысы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек заттар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір қарауға ыңғайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін.
Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс – тінту нысанын жалпы шолып қарау, ауланы, бөлмелерді бақылап, дайындық үстінде алған бағдарлық мәліметтерге сәйкес пе, жоқ па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге қазіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, нақты жаңа жағдайларға байланысты, қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса қауіпті қылмыскер болып, оның қару қолдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.
Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпылай тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұқыпты, мұқият тексеріп шығу қажет. Қалтасынан табылған құжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге қойылып, кейін хаттамаға енгізіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байланған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қатыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.
Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді қарау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, оның белгілі бір тәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді қарау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толық және дұрыс қолданылуына байланысты.
Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қайдан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрықша назар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер алдында анықтап, шешіп алады. Ал, қайдан іздеу керектігі тінтілетін нысанды (үйді, бөлмені) жалпы шолып қарағанда анықталады.
Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор. Айталық, ізделетін нәрсе үлкен зат па, құжат па, ақша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жұмысы көпке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау керек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке тұрған көп бөлмелі, ауласы, қорасы, жанында участкесі бар үй болса тінту жұмысын, іздейтін заттың неғұрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дұрыс. Айталық, жасырын көміп қойылды деген өлікті іздеуді қорадан, үй жанындағы участкеден бастаған жөн, ал құжат, ақша, қымбат бұйымдарды іздеуді тұрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, басқа да жерлерге тығып қоюы мүмкін. Сондықтан олар да қаралады. Бірақ мұндай заттар көбінесе үйде тығылатындықтан іздеу жұмыстарын тұрғын бөлмелерден бастаған дұрыс.
Тінтуге келгенде үйде қанша адам болса, бәрі де тінту біткенше орнында болуы тиіс, кетуге рұқсат етілмейді. Тек жұмыс бабымен келген адамдарға, айталық, укол салуға келген медбикеге, хат тасушыға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келген шеберге, өзінің кәсіби қызметіне байланысты келген тағы басқа адамдарға, олардың құжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетуге рұқсат беріледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса, қай бөлмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, анықталуы тиіс. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция қызметкеріне тапсырылады. Тінтетін нысан тек бір бөлме болса іздеу есіктен басталып, қабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында тұрған объектілер қаралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айталық, арнайы жеке үстелге кезек-кезегімен қойылады.
Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, психологиялық құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам асып-сасып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп қоюы әбден мүмкін.
Мысалы, іс бойынша тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұратын, сатушы әйел басында ашуы келіп, асып-сасып абдырай берген еді. Бөлменің бір бөлігі тексерілгеннен кейін оның көңіл-күйі көтеріліп, тінтіп жатқан адамдармен қалжыңдаса бастады. Тергеуші әйелдің көңіл-күйінің өзгеруін байқап қалып, дер кезінде оған мән береді, тексерілген нысандарды тағы бір мұқият қарап шығуды жөн көреді, әсіресе, осы әйелдің тапжылмай тұрып алған төсек-орын тұсы сезік келтіреді. Айтқандай, қайта тексергенде төсектің алмалы-салмалы арқалығының қуысынан көп ақша, тергеуге қажет жалған құжаттар табылады. Міне, сөйтіп тергеуші тінтіліп жатқан адамның психологиялық көңіл күйіне дер кезінде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті нысандарды тауып, тінтуді табысты аяқтайды. Сондай-ақ тінтуде бір нәтиже беретін тактикалық, психологиялық әдіс – "ауызша барлау". Бұл тактикалық әдістің мәні тергеуші өзінің көмекшілеріне нұсқау берген болып немесе ақылдасқан болып, ауызша тінтілушіге естіртіп, қай жерлерді, қай нәрсені, нендей нысанды мұқият қарау керек екендігін айтады. Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялық көңіл-күйін бақылайды. Затты тыққан жері аталғанда, өзін қанша ұстамды ұстаса да, тінтілетін адам көбіне қобалжыған көңіл-күйін білдіріп қояды, құты қашып асып-сасып қалады.
Керекті затты қай жерден іздеу керек екенін табу үшін тергеуші бірден өзін тінтілетін адамның орнына қойып, мен өзім қайда тығар едім деп өзіне-өзі сұрақ қойып, ойлап, болжап көруі керек. Жиіркеніп, толық қарамас деп, ізделетін затты қылмыскер қоқсықтың арасына, сыпырынды жәшікке, тағы басқа бір лас жерге тығуы да мүмкін. Мұны да тергеуші есінен шығармауы керек. Егер кұпия, жасырын жер еденде болса, оны да зер салып, мұқият тексеру арқылы табуға болады. Мысалы, еденге жаңадан қағылған немесе жаңадан сырланған тақтай не шеге, еден тақтайларының арасындағы саңылаулар шындықты ашуға көмектеседі. Сондықтан осындай сезік келтіретін белгілер болса осы жерді үстірт қарамай, неғұрлым зер салып, қолдағы бар техникалық құрал-саймандарды пайдалана отырып қарау керек.
Жасырын, құпия жерді іздегенде тінтілетін адамның мамандығын, оның кәсіби қабілетін де ескерген жөн. Сонымен қатар, тығылатын затты қоятын құпия жер, ол заттың қандай зат екеніне және оның көлеміне де байланысты. Егер ізделіп жатқан заттай дәлелдеме, айталық, жалған құжат, хат болса оны кітаптың арасына тығуға болады. Тұрғын үйді тінтіп болғаннан кейін ауланы, қораны қарау керек. Бұл жерге кезек келгенше оны қарап тұруға полиция қызметкерін күзетке қою керек. Қорада, сарайда ағаш, көмір болса олардың бәрін аударып, ағаштарды екінші жерге қойып, арасын, астын мұқият қарау қажет.
Төсек тартып жатқан ауру адамның, не ұйықтап жатқан баланың төсегін де тексеруге тура келеді. Әрине, мұндайда сырқаттың да, баланың да жағдайына нұқсан келтірілмеуі тиіс. Кейде қылмыскерлер заттарды тығатын арнайы құпия орындар жасауы да мүмкін. Осындай құпия орындар, қабырғада, терезенің ернеуіндегі табанша тақтайдың астында, жылу құбырыныың араларында, т.б. қалтарысты жерлерде болуы мүмкін.
Қабырғадағы қуыс балғамен қаққан кезде күңгірт дыбыс береді, ол құлаққа естіледі. Жаңадан сырланған, жаңадан түсқағаз жабыстырылған жер болса осы жерді аса ұқыптылықпен қарау керек, қабырғадағы суреттер де алынып қаралады. Металдан жасалған асыл бұйымдарды іздеуге арнаулы құрал-жабдықтар пайдаланылады. Өйткені бұл іске қатысты өте маңызды, не аса қымбатты заттарды сақтап қалу, сөйтіп болмашы, арзан заттармен алдарқатып құтылып кету үшін қылмыскерлер әр түрлі айлалар қолдануы мүмкін. Сондықтан мұны естен шығаруға болмайды.
