Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319.81 Кб
Скачать
  1. Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.

Көріну дәрежесіне байланысты іздер: көрінетін, әлсіз көрінетін (нашар) және көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздер арнайы әдістерді қолданбай-ақ қарапайым көзге көрінеді. Әлсіз көрінетін іздер немесе көрінбейтін іздер – із қабылдайтын объектінің түсі тасаланып өзгеруі немесе түскен із көлемінің шағын көлемді (микро іздер, микро бөлшектер) болуы негізінде пайда болады. Нашар көрінетін немесе көрінбейтін іздерді арнайы жарықтандыру әдістерін қолданып немесе іздің түсуі мүмкін беткі қабатқа әртүрлі заттармен механикалық немесе химиялық зерттеу жүргізу арқылы тауып айқындауға болады. Іздерді табу, бекіту және алу әдіс-тәсілдері іздердің қай категорияға (яғни көлемді немесе беткі қабатты ма, көрінетін немесе көрінбейтін бе) жататындығына байланысты таңдап алынады. Оқиға болған жерде ізді іздеп таппас бұрын оның жағдайымен танысу керек. Ол үшін оқиға болған жердегі жекеленген заттардың жағдайы мен орналасуын анықтап зерттеу қажет; қылмыскердің келуі мен кетуі мүмкін жолдарын анықтау керек; қандай заттарды қолмен ұстағанын, орнын ауыстырғанын және т.б. мәселелерді шешу қажет. Осы мақсатта көзімен көрушілер мен жәбірленушілердің жауаптарын оқиға болған жерді шолып қарауының нәтижесінде қолданылады.

Іздерді табу, бекіту және алудың жалпы ережелері. Көптеген іздер, мысалы: аяқ киімнің көлемді немесе боялған іздері, бұзу құралдарының іздері, көлік құралдарының іздері жәй қарау кезінде анықталады. Ал ұсақ іздерді табу үшін әртүрлі үлкейткіш шынылар (лупалар) қолданылады. Егер із түсі бойынша қабылдау объектісінің түсімен бірдей болып бірлесіп жатса, оны айқындап табу үшін жарықфильтрлері, ултракүлгін жарықтандырғыштары қолданылады.

  1. Затар қылмыс іздері ретінде

Табылған іздер ең алдымен фотосуретке түсіріледі. Ізді табылған объектімен бірге, содан соң іздің өзі жеке (детальды, масштабты) түсіріледі. Түсірілім масштабты фотосуретке түсіру ережесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бекіту әдісі ретінде ізді суретке салып алу әдісі қолданылады. Салынып алынған схемада маңызды белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тіркелетін жоспарда іздердің орналасуы көрсетіледі.

Іздерді бекітудің бірден-бір негізгі әдісі тергеу әрекетінің хаттамасында сипаттау болып табылады. Ең алдымен із табылған тұрғын-үй, ғимарат, ашық жерлер, заттар сипатталады, содан соң іздің бейнеленуіне, табылуына, сақталуына әсер ететін ізді тікелей қабылдаған объектілердің беткі қабатының қасиеті мен жағдайы көрсетіледі. Сонымен қатар, хаттамада объектіде іздердің орналасу жағдайы (бірнеше іздер болса, өзара орналасу жағдайы), іздердің белгілері: пішіні, өлшемі, бөлшектері сипатталады. Әсіресе, ерекше белгілеріне көңіл бөлінеді. Хаттамада ізді табу, бекіту және алу әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары көрсетіледі. Хаттаманың қорытынды бөлімінде қандай іздер алынғаны, олардың қалай буып-түйілгені және қайда жіберілгені сипатталынады.

Ізді объектімен бірге алу мүмкін болмаған жағдайларда (үлкен қолайсыз болуына, ерекше құнды болуына байланысты) іздің көшірмесі, құймасы алынады.

Ізі бар объектілер немесе із көшірмелері буып-түйю орауыштары ізге тимей-тіндей етіп орналастырылады. Әсіресе, қол саусақтарының іздері бар тез сынып қалатын заттарды (бөтелке, стакан және т.б.) мұқият буып-түйю қажет. Оралынған объектіге мөр қойылып, түсіндірме жазбалар жазылады. Онда: кім, қашан, қандай іс бойынша заттай дәлелдемелер алынғаны көрсетіледі

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қылмыс іздеріне және олардың түрлеріне түсінік бер?

  2. Материалдық және идеалды іздер дегеніміз не?

  3. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері дегеніміз не?

  4. Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдеріне тоқтал?

  5. Қол іздердің криминалиститкалық мағынасы неде?

  6. Затар қылмыс іздері ретінде дегенді қалай түсінесіз?

Негізгі әдебиеттер: 5 (18-26), 2 (21-35), 3 (20-26), 4 (19-30)

Қосымша әдебиеттер: 1 9 (3-45), 5 (6-35)

5 дәріс Крминалистикалық фотография және бейнежазу

Тақырып мақсаты: Криминалистикалық фотография және бейнежазудың тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының барысындағы қажеттілігі мен маңыздылығы

Түйін сөздер: бейнетаспа, диагностика, дыбысжазбалар, фотография, бейнежазу, іздер, фототүсүрілім, тергеу әрекеттері, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер.

Дәріс жоспары:

  1. Криминалимстикалық фотография түсінігі, жүйесі және мағынасы.

  2. Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.

  3. Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.

  4. Криминалистикалық бейнетаспаға жазу, оларды іске асырудағы әдіс-қүралдар, қолданылатын жерлері. Криминалистикалық бейнетаспаға жазу нәтижелерінің қылмысты әшкерлеуде, қылмыскерді іздеуде, қылмыс жағдайларындәлелдеп-анықтаудағы маңызы.