Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать
☆

Түсіндірме беретін жазба

Бағдарлама типтік бола отырып, "Криминалистика" бағамын оқыту нысанын, мазмұнын және мөлшерін анықтайды. Аталмыш құжат жоғары оқу орындарында "Зантану" мамандығы бойынша күндізгі, сырттай және біліктілікті көтеру факультеттерінде білім беруге арналады. Осы бағдарламаны және оқу жоспарын негізге ала отырып, әрбір жоғары оқу орны қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды дайындайды, алдымен әрине жұмыс бағдарламаларын, сондай-ақ нактылы тақырыптарды оқытуға берілетін сағаттарын анықтайды.

Криминалистика бағамын оқу арқылы студенттер қылмыстың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын криминалистикалык құралдар мен әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйренеді.

Типтік бағдарламаны дайындау барысында құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес жолындағы құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасы Конституциясының, Ішкі Істер органдары туралы Заңының, занды күші бар, Ел басы Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының кағидалары, сондай-ақ Прокуратура, Жоғары Сот Пленумының, Білім және Ғылым Министрлгінің нормативтік актілері, сондай-ак, Жоғары арнайы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарт қағидалары ескерілген.

Еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күресте қолданылатын криминалистикалык әдіс-құралдардың тәжірибелік бағытын аталмыш бағдарлама анық беріп отыр.

"Криминалистика" пәнін оқып білу келешек құқык қоргау органдарының мамандарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы - ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады.

Криминалистика бағамының бағдарламасы осы және басқа да ғылым салаларындағы теориялық ойларды жетік меңгеріп, оларды тергеуші, анықтама органы жэне криминалистикалык бөлім қызметкерлеріне арналған тәжірибелік нұсқаулармен байланыстырады.

Бағдарлама, Қазакстан және басқа да мемлекет жоғары оқу орындарында "Криминалистика" бағамын оқытудың көпжылдық тәжірибесін талдау негізінде және қоғамдық өмір жағдайын жан-жакты бағалай білетін, қажетті кәсіби білім және дағдымен қамтамасыз етілген, сондай-ак жоғары дәрежелі қазіргі заман мамандарын дайындау талаптарына сай, құрастырылып отыр.

Типтік бағдарламаныц негізгі элементтерінін біріне пэннің тақырыптық жоспарын жатқызуға болады, оның ішінде кажетті тараулар мен такьірыптар тізімі орын алган.

Негізгі сабак түрлері болып дәріс, семинар, практикалық және лабораториялык сабактар есептеледі. Практикалык жэне лабораториялық сабактаррды жүргізу барысында оку топтары екі топшага бөлінеді. Оларды жүргізу кезінде қажетті техникалык-криминалистикалық кұралдар, оқу-әдістемелік кабинеттері мен сурет шығару лабораторияларындағы құрылғылар, оқу-криминалистикалық объектілер, криминалистикалық полигондар мүмкіндіктері, кылмыстық іс көшірмелері, оқытудың техникалык жабдыктары және тиісті насихаттық материалдар пайдаланылады. Өздігінен дайындық үстінде студенттер әдебиеттерді оқумен қатар, оқу деңгейіне тиісті практикалық тапсырмаларды орындайды.

Оку процесінде қылмыспен күреске катысты еліміздің және шетелдік кұқык корғау органдарының озық тәжірибесі мен жаңа криминалистикалық техниканы қарастырып-зерттеу көзделген.

Бағдарламаға әдебиеттер тізімі жэне тематикалық жоспар қосымша ретінде енгізілген. Тематикалық жоспар нақтылы тақырыптарды оқу ретіне және сабақтар нысанына берілген сағаттарға бағдарлайды.