Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319.81 Кб
Скачать

1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла - әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдай-ларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз – тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықтан тергеу тактикасы деген ұғым бұл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистикалық тактика деп атау өте орынды.

Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы – тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық әдістер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондықтан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.

Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.

2. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. Криминалистикалық тактика саннатары. Тактикалық тәсіл: түсінігі жіктемесі шектілік саннатары, тактикалық комбинация құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысы.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі – ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты – тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмай, кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талап – оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.

Тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі – тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық қағидасы). Осы айтылғанды тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалык әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалық санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз – тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіңдігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процесуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық әдістің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Айтылған ғылыми салалардың қағида-лары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модифика-цияланған. Белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл әдістер – логикалық, психологиялық, педагогикалық тактикалық әдістер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.

Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалис-тикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолда-нылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.

Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді. Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні қолдап, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды қолдамай отырған адамнан жауап алынады.

Тактикалық әдістер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.

Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге алынады.

Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру шаралары және басқа да дайындық, ұйымдастыру жүмыстары жүргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру жұмыстарын кешіктірмей дұрыс кезекпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және жөнді әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бірі мен бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. Бірінші айтылған оқулықтың авторлары тактикалық комбинация деген ұғымды қарапайым және күрделі деген екі топқа бөледі. Қарапайым тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық әдістердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.

Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады – тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.

Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет – ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмысты алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі – қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

        1. Криминалистикалық тактика түсінігі мен жүйесін түсіндір?

        2. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң дегеніміз не?

        3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы?

        4. Криминалистикалық тактика саннатары?

        5. Тактикалық тәсіл: түсінігі жіктемесі шектілік саннатары, тактикалық комбинация құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысына тоқтал?

Негізгі әдебиеттер: 5 (50-79),6 (76-85), 7 (87-111), 4 (65-81)

Қосымша әдебиеттер: 7 (3-35), 10 (115-119), 11 (215-217)

11 дәріс.

Тақырып: Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы.

Тақырып мақсаты: Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасының орнын анықтау және аталған тергеу әрекеттерінің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылықтарын талқылау.

Түйін сөздер: идентификация, диагностика, ойлау, таным, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер, табу, бекіту, алу, зерттеу.

Дәріс жоспары:

  1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.

  2. Көрсетулерді ОБЖ тексеру және нақтылауға дайындық.

  3. Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу