Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319.81 Кб
Скачать

1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі

Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының барысын, оның жеке кезеңдері мен нәтижелерін және криминалистикалық-сараптамалық зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлелдемелік, жедел-іздестіру және сараптамалық ақпараттарды дәлме-дәл алуға болады. Бекітудің мұндай кең тараған әдістері мен құрал-жабдықтарына криминалистикалық фотосурет, бейне- және дыбысжазбалары жатады. Осыған сәйкес аталған құрал-жабдықтар мен әдістердің жиынтығы, яғни фотография, бейне- және дыбысжазбалары криминалистикалық техниканың бір топтық тарауларын құрады. Аталған тараулардың ішінде криминалистикалық фотография бөлімі бұрынырақ пайда болып қалыптасқан. Ал бейнежазбалары кейіннен пайда болып қолдана бастады. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың криминалистикалық аспектілері әлі жеке бөлім ретінде қалыптаспаған. Ол бейнежазбамен бірге қарастырылады.

Криминалистикалық фотография – фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әртүрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.

  1. Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.

Осыған сәйкес фотографиялық құрал-жабдықтарға: криминалистер ойлап тапқан барлық жаңа түсірілімдік және проекциялық аппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілімдердің арнайы құрылғыларын, фотоматериал-дарды және оларды өңдеу үшін қолданылатын химиялық реактивтерді жатқызамыз. Аталған құрал-жабдықтардың ішінде кейбір фотоқұрылғылар тек қана криминалистикалық мақсатта қолдануға арналған. Мысалы: оқтың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоға түсіру үшін, фотографияға түсірудің осы берілген құрал-жабдықтарын криминалистикалық қызмет барысында қолдануға байланысты өңдеп жетілдірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтығы фотографиялық әдіс болып табылады.

  1. Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.

Криминалистикалық фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудің тиімді әдіс-құралы. Ол іс үшін маңызы бар қылмыстың іздерін, жеке заттарды және басқа да материалдық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудің сенімді әдіс-құралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін.

Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

  1. сот-жеделдік фотография;

  2. сот-зерттеу фотографиясы.

Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық құралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әртүрлі іздер мен объектілерді бекіту мақсатында қолданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмашылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады. Криминалистикалық бейнежазба, бейнежазбаның құралдары мен әдіс-тәсілдері тергеу барысындағы мәселелерді криминалистикалық мақсатта ғылыми талдап қорытындылау мен криминалистикалық-ғылыми жетістіктерге сәйкес пайдалану негізінде қалыптасады. Аталған түсірілім және бейнежазба түрлері криминалистикалық техниканың бір тарауы ретінде криминалисти-калық әрекет жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау мен бекіту үшін қолданылатын бейнежазба құралдарының ғылыми әдістемелік өңделіп жетілдірілген жүйесінен тұрады. Фото- және бейнежазба құралдарына қарағанда дыбысжазба техникасының ерекшелігі – ол жеке тергеу әрекеттерін жүргізу барысын дыбыстай көрнекі түрде бекіту құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тергеушінің қылмыстық оқиғаға байланысты алғашқы жедел ақпараттарын бекіту жұмыстарын жеңілдететін техникалық құрал болып табылады. Мысалы: құжаттарды толтыру кезінде (кейбір тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейінгі бағдарламалық ақпаратты алу құралы ретінде, оқиға болған жерді қарау кезінде хаттамаға бекітетін ақпаратты басып алу құралы ретінде, жауап алу барысын жазып алу құралы ретінде) қолданылады. Дыбысжазба жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында да кеңінен қолданылады. Әсіресе ол тыңдалатын телефондағы және басқа да сөйлесулерді жазып алу кезінде пайдаланылады. Осыған сәйкес жаңадан қалыптасып келе жатқан криминалистикалық техниканың бір бөлімі ретінде дыбысжазбалары тергеулік және жедел-іздестірушілік деп шартты түрде екіге бөлінеді.

  1. Криминалистикалық бейнетаспаға жазу, оларды іске асырудағы әдіс-қүралдар, қолданылатын жерлері. Криминалистикалық бейнетаспаға жазу нәтижелерінің қылмысты әшкерлеуде, қылмыскерді іздеуде, қылмыс жағдайларындәлелдеп-анықтаудағы маңызы.

Сот-жеделдік фотографиялық әдістер

Сот-жеделдік түсіру әдісі әртүрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және әуе кеңістіктерін, адам, мәйіт, заттар мен құжаттарды және олардың бөлшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі мен ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдық іздерді, сондай-ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды. Криминалистикалық фототүсірілімнің объектілері мен түсіру мақсатының ерекшелігін ескере отырып бейнелейтін фотографияның келесі әдістері қолданылады:

1. қарапайым;

2. панорамалық;

3. сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін;

4. өлшеп түсіру;

5. репродукциялық;

6. ірі масштабта (макротүсіру);

7. стереоскопиялық түсіру әдістері.

Бірақ стереоскопиялық түсіру әдісі тәжірибеде өте сирек қолданылады.

1. Қарапайым түсіру әдісі – бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2. Панорамалық түсіру – сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мәйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір панорамалық фотосурет шығару. Мысалы: кейбір ұзыннан-ұзақ созылып жатқан немесе биік объектіні түсіру қажет болған жағдайда (бір кадрға симайтын) объектіні бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір панорамалық фотосурет шығаруға болады. Панорамалық түсіру сызықты және шеңберлі болып екі түрге бөлінеді.

1-сурет. Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.

а) Сызықты панорамалық түсіру кезінде объект бөлшектеп түсіріледі, бірақ мұнда фотоаппаратты тізу сызықтың бойымен кезектілікті сақтай отырып, қарама-қарсы орналасқан объектілер бірнеше нүктелерден түсіріледі

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Криминалимстикалық фотография түсінігі, жүйесі және мағынасы деген не?

  2. Жалпы фотография негіздері дегеніміз не?

  3. Фотографиялық процеске және оның сатылары мен мазмұнына тоқтал?

  4. Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптарға тоқтал?

  5. Криминалистикалық бейнетаспаға жазу, оларды іске асырудағы әдіс-қүралдар, қолданылатын жерлері дегеніміз ме?

  6. Криминалистикалық бейнетаспаға жазу нәтижелерінің қылмысты әшкерлеуде, қылмыскерді іздеуде, қылмыс жағдайларын дәлелдеп-анықтаудағы маңызы неде?

6 дәріс Тақырып: «Атыс, қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және оларды қолдану нәтижесінде қалыптасқан іздердің криминалисатикалық зерттелуі»

Тақырып мақсаты: Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің қалыптасуына байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде маңызын талқылау

Түйін сөздер: гильза, оқ, бытыра, тығын, атыс іздері, қарау, бекіту, алу, дәлелдемелер.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі:

  1. Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.

  2. Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.

  3. Қару және олардың іздерін табу, қарау, бекіту, және алу.