- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі
Трасология – криминалистикалық техниканың дәстүрлі саласы болып табылады. Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген – Б.И. Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов, Ю.Г. Василевский, М.В. Салтевский, С.И. Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М. Прищепа, Я. Бергер, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова және т.б. Сонымен қатар, И.Ф. Крылов, Ф.П. Сова, В.И. Шикановтардың трасология іліміне қатысты еңбектері бар. Трасологияның ғылыми негізде қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Ең алғаш 1938 жылы «трасология» терминін И.Н. Якимов: «Заттай дәлелдемелер мен іздерді оқу», – деген атаумен трасологияны криминалис-тиканың жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастыруды ұсынған. Оның берген «іздер» жөніндегі ұғымы кең мағынада қарастырылып, қылмыстардың барлық іздерін қамтыған. Дегенімен де ізді ортақ өңдеп жетілдірудің ғылыми негізі трасологиялық зерттеу объектілердің нақты анықтамасын талап етті.
1945 жылы С.М. Потапов іздер туралы ұғымдардың әртүрлі болуына байланысты іздің трасологиялық түсінігін бөліп көрсетуге мүмкіндік беретіндей белгілерді ұсынды. Із – тергелетін оқиғамен себепті байланыста болатын құбылыстардың материалдық заттардан көрініс табатын белгілері. Мұнда С.М. Потапов із ұғымын анықтауда: «ізді қылмыстың жалпы материалдық жағдайының өзгеруі ретінде емес, ол белгілердің көрініс табуы» - деп іздер туралы ұғымды (түсінікті) шектейді. 1942 жылы және кейіннен де Б.И. Шевченко із жөніндегі ұғымдарды «заттардың басқа да бір материалдық заттарға сыртқы көрініс бейнесін қалдыру (түсіру) трасологияның объектісі болып табылады» – деп толықтырады. Трасология үшін маңызы бар төмендегідей тәртіп ережелерін ұсынған:
трасологияның объектісі болып қатты денелердің табылуы;
іздің – активті және пассивті іздердің өзара байланысқа түсуі арқылы пайда болуы;
қатты денелердің сыртқы құрылысының жекелілігі, олардың сыртқы көрінісінің бедерінен тұрады, бұл қатты дененің жалпы және қажетті қасиетіне жатуы;
объектілердің сыртқы құрылысы ішкі факторлардың – заттың өзіндік қасиеті және қоршаған ортадағы заттардың сырттай әсер етуі арқылы қалыптасуы;
объектінің сыртқы құрылысы үздіксіз қозғалыстағы және өзгерістегі қасиеттер ретінде қарастырылуы;
трасологиялық идентификация процесі объектінің сыртқы құрылысының қайталанбайтын жеке белгілерінің жиынтығын анықтаудан тұруы;
із қалдырушы объектінің сыртқы құрылысының пайда болу процесін зерттеу және де оларды табу, бекіту, алу әдістерін типтендіру үшін, сондай-ақ идентификациялау мақсатында зерттеу әдістемесі мен техникасын өңдеу үшін топтастырулар жасалуы қажет. Іздердің көмегімен шешілетін мәселелерді идентификациялық және иденти-фикациялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Іздер бойынша анықталатын идентификациялық емес сұрақтарды негізінен тергеуші мен криминалист-маман оқиға болған жерді қарау, тінту кезінде шешеді. Идентификациялық сипаттағы мәселелер әдетте трасологиялық сараптама шеңберінде анықталады. Іздердің көмегімен анықталынатын нақты жағдайларды (идентификациялық және идентификациялық емес) төменде көрсетеміз.
Іздерді криминалистикалық зерттеудің негізінде пайда болған негізгі қағидаларға мыналар жатады:
материалдық дүниедегі объектілердің жекелілігі, соның ішінде объектінің сыртқы құрылысының жекелілігі. Бір топтық объектілердің сыртқы құрылысы жалпы белгілері бойынша сәйкес келуі мүмкін, бірақ олар жеке белгілері (формасы, көлемі, түрі және т.б.) бойынша ерекшеленеді. Трасологиялық жеке белгілерге – іздің сыртқы қабаты бедерінің (ерекшеліктері) немесе із өрнегінің («суретінің») детальдары жатады. Шабу іздеріндегі бедер детальдары балта қырының тегіс емес кедір-бұдыр жерлерімен қалдырылған қыртыс пен көтеріңкі шыққан, арасы шұңқырланған сызықтардан тұрады; қол саусағынан қалған іздерде папиллярлы өрнектің детальдары қалады, автокөлік дөңгелектерінің протектірлерінен қалған іздерде жекеленген ақау белгілері (мысалы: дөңгелек резенкелерінің жырылуы) қалады;
объектілердің сыртқы құрылысының салыстырмалы тұрақтылығы – бұл белгілі бір уақыт аралығында объектінің өз формасы мен басқа объектілерден бөліп қарастыруға мүмкіндік беретін айрықша белгілерін сақтау қасиеті. Трасологиялық зерттеудің объектісіне тек қана қатты заттар, яғни қасиеттері салыстармалы түрде өзгермейтін объектілер жатады. Із қалдырған объектінің белгілері және ізде көрініс тапқан белгілер белгілі бір уақыт аралығында өзгеріске ұшырамаған жағдайда ғана трасологиялық идентификацияны жүзеге асыруға болады. Қатты заттардың сыртқы құрылысы салыстырмалы тұрақты болғандықтан, олардың іздері ұзақ уақыт аралығында өзгеріске ұшырамайды және зерттеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты сақтай алады. Бұл қасиет із қалдырушы мен із қабылдаушы объектілерден әртүрлі көрініс табуы мүмкін. Мысалы, бұзу құралының бөгетте қалдырған ізі уақыттың өтуіне қарамастан өзгеріске ұшырамайды, ал тістің тағамда (алма, алмұрт) қалдырған ізі аз уақыттың ішінде де өзгеріске ұшырайды.
объектілердің сыртқы құрылысы, соның ішінде оның жеке белгілері (детальдары), белгілі бір жағдайларда басқа бір объектілерде өз бейнесін дәлме-дәл түсіру қабілетіне ие жеке белгілердің дәлме-дәл, әрі толық көрініс табуы. Жеке белгілердің толық және дәлме-дәл көрініс табуы іздің пайда болу жағдайларына байланысты. Олардың негізгісіне – із қалдырушы мен із қабылдаушы объект материалдарының физикалық қасиеті жатады. Сонымен қатар, объектілердің қарым-қатынасқа түсу механизмі де жатады. Із қабылдаушы объект неғұрлым иілімгіш (созылмалы), құрамдық құрылысы ұсағырақ болса, пайда болатын іздің детальдары соғұрлым нақтырақ, айқынырақ көрініс табады;
пайда болатын ізде объектінің сыртқы құрылысының көрініс табуы айналы түрде кері жүретін процестің нәтижесі түрінде қарастыруға болады. Мысалы: дөңес (шығыңқы) объектілер (аяқ киім ұлтаны (табаны) жұмсақ материалдарда: құмда, лай-батпақтарда) көлемді іздерді қалдырады. Іздің пайда болу кезіндегі жағдайларға қатысты басқа да өзгешеліктерді байқауға болады. Мысалы: беткі қабаттың бедерлі болуынан із тырналып түседі.
Сонымен, трасологиялық зерттеудің негізгі объектісі болып табылатын із-бейнелеуші объектілер екі объектінің өзара қарым-қатынасқа түсу нәтижесінен пайда болады. Із қалған объект – із-қабылдаушы, ал із қалдырған объект – із-қалдырушы деп аталады. Із пайда болған кезде қарым-қатынасқа түсетін беткі қабаттар – түйісу қабаттары деп аталады.
