- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі).
Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
Объект ұғымы – криминалистикалық идентификация теориясының басты элементі. Объектілерді анықтау – идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақталады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты.
XX-ғасырдың 1-жартысындағы идентификациялық объект шеңбері мен XX-ғасыр аяғындағы идентификациялық объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Криминалистикалық идентификация объектілерінің түсінігіне байланысты пікір-таластық талдаулар екі кезеңнен өтті.
Бірінші кезең пікір-таластық 1940 жылдары профессор С.М. Потаповтың мақаласының шығуына байланысты болды. С.М. Потапов криминалистикалық идентификация объектісіне – заттарды, адамдарды, олардың ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Потаповтың көзқарасы бойынша криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі материалдық заттармен құбылыс және ойлармен қамтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер жазылды. Жазылған сыни көзқарас жайындағы пікір-таластықтар 60-жылдары тоқтады.
Криминалистикалық идентификация объектілеріне «қандай дүниедегі объектілерді жатқызуға болады» - деген сұрақтарға байланысты 70-жылдары жаңа пікір-таластар туындай бастады.
Бір көзқарастар (бұл дәстүрлі идентификацияның өкілдері) бойынша криминалистикалық идентификация объектілеріне сыртқы құрылысы бар, толық тұрақты формадағы заттарды жатқызылды. Ал бұл қатты денелер болып табылады.
Басқа көзқарастар бойынша, криминалистикалық идентификация объекті-леріне кез-келген субстанциядағы материалды денелердің қалыптасуынан тұратын заттар, яғни, қатты, сұйық, газ тәріздес заттар жатқызылды.
Ганс Гросстың пікіріне байланысты кез-келген материалды субстанциядағы объектілерді жекелей идентификациялау мүмкіндігі танылған.
Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
XX-ғасырдың екінші жартысынан бастап жоғарыдағы пікірлер бойынша көптеген материалды объектілерді теңдестіру жұмыстары сараптама тәжірибесінде ғылыми-техникалық құралдар мен аналитикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен ендіре отырып жүзеге асырыла бастады. Бұл мәселеге байланысты зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіру мен айналысқан криминалистердің арасынан В.С. Митричевтің еңбегін атауға болады. В.С. Митричевтің баста-масымен объектілер шеңбері кеңінен қарастырылды, объектілерге қатты денелер ғана емес, сонымен қатар, сұйық, газ тәріздес, сусымалы заттар кеңінен енгізіліп дәлелдеу мүмкіндіктерін арттырды. Криминалистикалық идентификацияның объектісі – жалпы қайталанбайтын идентификациялық белгілер жүйесі мен салыстырмалы тұрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады. Идентификацияның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады.
Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады:
Біріншіден, материалдық дүниедегі объектілердің сапалылық және сандық жағынан анықталуы.
Екіншіден, материалдық дүниедегі объектілердің салыстырмалы тұрақты болуы.
Осы негізгі қағидалар таным әдістерінің қандай да болмасын қолдану аясына байланыссыз тұрақты болып қалады.
Материалдық дүние объектілерін сапасы жағынан анықтау олардың жекелілігін көрсетеді, яғни объектілердің бір-бірінен ажыратылып, дүниенің шексіз әртүрлі екендігін көрсетеді: екі тамшы судың, талдың екі жапырағы, бір станокта жасалған детальдардың және т.б. объектілердің өзара ажыратылуы.
Сапа – объектінің жеке қасиеттерінен көрінеді, ол затпен бүтіндей байланыстырылып, толығымен қамтылады, одан бөлініп қарастырылмайды.
Әрбір объектінің өзіндік табиғи сапасы болады. Материалдық дүниедегі объектілер сапа жағынан анықталуымен қатар, сандық жағынан да қарастырылады.
Бір-біріне ұқсамайтын объектілердің өзара ерекшелігі сапасы жағынан көрінеді, ал бір-біріне ұқсайтын объектілер сандық жағынан сипатталынады. Сапаға қарағанда сандық жағынан сипаттау объектінің мәнімен байланыспайды. Сандық өзгерістер объектінің бірден жойылуына әкелмейді. Сандық жағынан өзгерістердің өз шегіне жетуі басқа сапаға әкелуі мүмкін. Идентификация үшін сандық өзгерістердің шегін анықтау өте маңызды.
Әлемде барлық объектілер қозғалыста болады – бұл материяның қасиеті, оның тіршілік ету әдісі болып табылады. Біз бүкіл табиғаттың қозғалыста болып өзгеріске ұшырайтынын білеміз. Бірақ бұл процесте кез келген материалдық денелердің салыстырмалы тыныштықта, яғни бір қалыпта болатын кезеңдері де кездеседі.
Заттардың осы объективті қасиеті арқылы объектілердің белгілі бір уақыт арасында өзінің бейнесін сақтай отырып, оларды шексіз материалдық объектілердің арасынан бөліп анықтауға мүмкіндік береді. Яғни олар сәйкестендіру арқылы анықталады.
Салыстырмалы тұрақтылық – бұл материяның қасиеті, ол болмаса объектінің сапалық жағынан анықталуы мүмкін болмас еді. Қозғалыстың үзіліссіз процесіне қарамастан сапа әр уақытта сақталынады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Криминалистикалық идентификация түсінігіне тоқтал?
Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттерін ата?
Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары дегеніміз не?
Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
Негізгі әдебиеттер: 14 (.10-12б 2 (.7-9б), 15 (8-10б), 4 (9-12б)
Қосымша әдебиеттер: 8 (21-30б)
№ 3 дәріс Тақырып: Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері
Тақырып мақсаты: Криминалистикалық тактика, оның ішінде іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдардың маңыздылығын талқылу
Түйін сөздер: дәлелдемелер, бекіту, табу, заттық дәлелдемелер, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер.
Қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар.
Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
