- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
№ 1 дәріс Тақырып: Криминалистика пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері
Тақырып мақсаты:Криминалистика пәнінің қылмыстық құқық пәнінде алатын орнын анықтау
Түйін сөздер: тергеу, қылмыс, қылмысты ашу, техника, криминалистикалық іздер, заттар, дәлелдемелер.
Қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Криминалистика пәні. Криминалистика зерттейтін объективтік шындық заңдылықтары.
Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
Криминалистика әдістері туралы ілім.
Криминалистика пәні. Криминалистика зерттейтін объективтік шындық заңдылықтары.
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ақ қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдың ала сақтандырады.
Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.
Қылмыстық оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктердің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылуына) байланысты олардың жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз.
Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның тетігін болжап білуге болады.
Әрине қай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін ойымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.
Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін) анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық қылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.
Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әртүрлі пәндік сипаттама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға болады. Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады. Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.
Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстық-процесуалдық заңға сәйкес болуы атап айтылады.
Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер тек қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді.
Авторлардың бір тобы криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, тек алдын ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, сот әрекетін жүргізгенде пайдалануға болатынын баяндайды.
Сонымен айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына төмендегідей пәндік сипаттама беруге болады.
Криминалистика – қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі органның өзара қарым-қатынасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді. Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан іс бойынша тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел-іздестіру орган-дары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама жүргізетін органдардан қолқабыс талап етуге құқылы. Тергеушінің мұндай тапсырмалары мен нұсқаулары анықтама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші органның арасында қарым-қатынас тергеу жүргізу үстінде қалыптасады. Бірақ тергеу тәжірибесіне қарасақ, кейде бұл екі органның арасындағы қарым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі қозғауға керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен алуға болады.
Қозғалған іс бойынша анықтама жүргізуші орган тергеушіге мына төмендегідей жағдайларды анықтауға жәрдемдеседі: іс бойынша керекті куәлерді тауып алуға, ұрланған заттардың тығылған жерін анықтап және ол заттарды дер кезінде алуға, қылмыс жасаған адамды іздеуге және оны ұстауға, тінту жүргізілетін объект жөнінде алдын ала мәлімет жинауға т.б. Сонымен қатар анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергеушіге аса ауыр және күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
