Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319.81 Кб
Скачать

8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде студенттердің оқу жетістіктері 100 ұпайлық шкала бойынша әр орындалған тапсырма үшін (ағымдық сабақтарда жауап беру, үй жұмысын, Білім алушының өздік жұмысын (әрі қарай - БӨЖ) тапсыру, аралық бақылау) бағаланады және үлгерімнің ағымдық бақылауының соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың ортақ арифметикалық сомасының есебімен жүргізіледі.

Дәл осы әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін де қолданылады (қараңыз: ҚР БҒМ 2008 жылдың 18 наурызындағы №125 бұйрығымен (ҚР БҒМ 2010 жылдың 13 сәуіріндегі № 168 бұйрығы және ҚР БҒМ 2010 жылдың 1 қарашасындағы № 506 бұйрығы бойынша өзгерістерімен) бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережелерінің» 7 тармағымен. Семестр бойы білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесілер есепке алынады:

- Практикалық сабақтарға белсенді және тиімді қатысу:

- Негізгі және қосымша әдебиеттерді оқып білу:

- БӨЖ-ді орындау: 

- Барлық тапсырмалардың уақытылы тапсырылуы

Академиялық мінез-құлық саясаты және этика.

Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін құрметтеңіз. Қарсы пікіріңізді сыпайы түрде білдіріңіз. Плагиат және жұмыстың басқа да, адалсыз формаларына жол берілмейді. БӨЖ, аралық бақылау және қортынды емтихан тапсыру кезінде айтып кеңес беруге, көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тиым салынады.

Көмек: Өзіндік жұмыстарды (БӨЖ) орындау бойынша кеңес алу, оларды тапсыру және қорғау үшін, сонымен қатар өткен материал бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылған курс бойынша басқа да сұрақтармен оқытушыға оның офис-сағаттары кезеңінде хабарласуға болады.

Оқытушының талаптары:

  - Сабаққа кешікпей уақытында келу.

- Егер студент белгілі бір себептермен сабақтан босатылса (мекемеден арнаулы қағазы болса ғана), кейін ұпайларды  толығымен орындамаған тапсырмаларды істеу арқылы алады.

- Егер студент себепсіз сабақты босатса – ұпайлардың бір бөлігін ғана, кейінгі сабақтарда орындалған тапсырмалар үшін алады.

9. Әдебиеттер тізімі

Нормативті-құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана: Елорда, 2008. – 56 б.

2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 1997ж.

3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. Алматы, 1997ж.

9.1. Негізгі әдебиет:

1. Шакенов А.О. Криминалистика: Оқулық. – Астана: Фолиант. – 464 б.

2. Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520 бет.

3. Салаев Б., Әмитов Ш., Сатыбалдинов М., Айдарқұлов Ә-С. Криминалистикалық техника тарауы бойынша қысқаша дәрістер жинағы. Әдістемелік оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2005 – 144 бет

4. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық. – Алматы, 2012. – 282 бет

5. Аубакиров А. Ф. Криминалистическая техника. Алматы. 2002.

9.2. Қосымша әдебиет:

1. Криминалистика. Учебник для вузов. Под. ред. проф. Р.С.Белкина – Москва 2000.

2. Н.П.Яблоков Криминалистика. Краткий учебный курс. Москва 2009.

3. Криминалистика: учебник для ВУЗов. Под ред. И.Ф.Герасимова и Л.Я.Драпкина. М., Высшая школа. 1994.

4. Криминалистика: учебник для ВУЗов. Под ред. В.А.Образцова. М., Юрист. 1997.

5. Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. Сущность и методы . М., 1976.

6. Пахомов А.В. Криминалистика. Москва, 2011.

7. Порубов Н.И. Курс криминалистики. Минск, 2010.

8. Крылов И.Ф. Криминалистика. Ленинград, 1976.

9. Вобырев В.Г., Кузьмин Н.И. Физические и химические методы исследования. Волгоград, 1979г.

10. А.Н. Эртевциан, Н.В. Бахарев. Упражнения по криминалистической технике. Казань, 1984.

Пәннің жетекші оқытушысы:

Аға оқытушы Алибеков Сериккали Кунтебаевич, ЕО-113, s.alibekov_1962@mail.ru