Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сагындыкова дәрілердің өндірістік технологиясы 102-215.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қою экстрактар байланыстыргыш заттар ретінде, корригенттер ретінде колданылады, ұнтактар, микстуралар кұрамына кіреді жэне т.б.

Дэрілік бак-бак және үшжапырак сүбеделер кою экстрактары -бисмацерация; мия тамыры кою экстракты - бисмацерация жэне карсы агымды экстракция; ащы жусан кою экстракты - перколяция жэне экстрагенттің циркуляциясы аркылы белшекті мацерация; еркек усасыр папоротнигі кою экстракты - циркуляциялык экстракция тэсілдерімен алынады.

Бак-бак тамырлары мен ащы жусан шөбін сумен экстракциялайды, консервілеуші зат ретінде 0,5% хлороформ косады. Мия тамыры экстрактысын бисмацерация тэсілімен алуда 0,25% аммиактың сулы ерітіндісін колданады. Бүл салкын суда нашар еритін глицирризин кышкылын жақсы еритін аммоний тұзына алмастыру үшін кажет. Үшжапырак субеделер кою экстрактын алуда ферменттерді инактивациялау үшін жэне негізгі эсер етуші заты гликозид -мениантинді - толык сыгындау үшін экстрагент ретінде кайнаған су колданылады.

Қою экстрактар алу келесі сатылардан тұрады:

  1. шикізат пен экстрагентті дайындау

  2. сыгынды алу

  3. сыгындыны тазарту

  4. койылту (буландыру)

  5. стандарттау.

  1. Өсімдік шикізаты мен экстрагентті дайындау эдеттегідей жүргізіледі.

  2. Сыгындыны алу мына тэсілдермен жүргізіледі: бөлшекті мацерация, перколяция, реперколяция, үздіксіз карсы агымды экстракция, циркуляциялык экстракция.

Шикізатты сыгындау үшін су, спиртті-сулы ерітінділер, эфир колданылады. Шикізатты сумен сыгындаган кезде (суык немесе кайнаган сумен), көбінесе, ремацерация тэсілі колданылады. Сыгындыны консервілеу максатымен (ұзак уакыт жібіткен кезде) суга 0,5% хлороформ косады.

  1. Сыгындыны тазарту. Сулы сығындыларда эдетте балласты заттардың біраз мөлшері болады (крахмал, пектиндер, шырыштар, белоктар, жэне т.б.). Олар сыгындыда микроорганизмдердің өсуі үшін колайлы орта болады. Бүл заттар коюландырганга дейін міндетті түрде аластатылуы керек. Осы максатпен сыгындыны кыска мерзім аралыгында кайнау температурасына дейін, кейде, адсорбенттер косу аркылы, кыздырады немесе салкын жерде адсорбциялык тазарту жүргізеді. Бүрісіп калган балласты заттар онай түндырылады.

Сүйык экстрактарды алудың техінологиялык процессінің жалпы схемасы келесі сатылардан тұрады:

  1. Шикізат пен экстрагентті дайындау

  2. Сығынды any (экстракциялау)

  3. Сығындыны тазарту

  4. Стандарттау.

  1. Шикізат пен экстрагентті дайындау тұндырмалар алу процессіндегідей жүргізіледі.

  2. Дәрілік өсімдік шикізатынан сығындылар алу үшін перколяция, реперколяция, карсы агымды экстракция, карсы агымды бөлшекті мацерация және еріту тэсілдері колданылады.

Экстрагенттер ретінде сұйык экстрактардың көбі үшін 70% этанол колданылады, кейде спирттің баска концентрациялары да пайдаланылады.

Мысалы, шәңкіш, калакай, дэрілік шелна, мыңжапырак экстрактары 40-50% спиртте, ал 20-30% спиртте етжапырак, тасшөп, жебір экстрактарды дайындалады.

  1. Тазарту. Сұйык экстрактарды тазарту оларды арнайы тұндыргыштарда (+8)°С температурадан жогары емес температурада 4-7 тэулік бойына түндыру аркылы жүргізіледі. Сонан сон. тұндырылган сыгындыны пресс-фильтрде фильтрлеу аркылы бөліп алады.

  2. Суйық экстрактарды стандарттау эсер етуші заттардың пайыздык мөлшері, спирттің мөлшері немесе тыгыздыгы, кұргақ калдык жэне ауыр металдар (0.01%) бойынша жүргізіледі. Сұйык экстрактарда олардың тез бүлінбеуі үшін спирттің кажетті мөлшері болуы тиіс. Құргак калдыктың мөлшері 25%-ға дейін жетуі мүмкін. Сұйык экстрактардың басты кемшілігі - (+8°С) температурадан төмен жағдайларда тұнба түсуі. Бүл препараттын эртүрлі косарлы заттармен каныккандыгының нәтижесі. Сұйык экстрактар медицинада кең колданылады. Олардың біркатар артыкшылыктары бар: пипеткамен немесе бюреткамен жеңіл жэне оңай дозаланады; өндіріс сатылары карапайым; алынған сыгындыны жылулык өндеу кажет емес, сондыктан, эсер етуші заттары табиғи күйде сакталады.

8.1.2. Қою экстрактар (Extracta spissa).

Қою экстрактар дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын койылтылган концентрлі сыгындылар болып табылады. Жекеленген жагдайларда балласты (косарлы) заттардан тазартылган және ылгалдылыгы 25%-дан аспауы керек.

Бүл экстрактардың ерекше тобы, олар күрамында ащы, ащы-ароматты немесе тэтті заттары бар өсімдіктерден алынады.