- •Кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық қорғау ерекшеліктері және оны күшейту қажеттілігі.
- •Ювеналдық құқық ғылымы. Ювеналдық саясат.
- •2 Тақырып. Шет елдердегі ювеналдық юстиция
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Жапония, Қытай, Кореядағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкер-шілігі
- •3 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін қалыптастырудың тарихи аспектілері
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •4 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын халықаралық және конституциялық құқықтық реттеу
- •5 Тақырып. Отбасылық заңнамалар бойынша жан-ұяны және кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •7 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық жағдайлары
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •8 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-процессуалдық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •9 Тақырып.
- •10 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және оларды жазалау
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •11 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-атқарушылық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •12 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •13 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқықтық жағдайлары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •14 Тақырып. Қылмыстық істер бойынша сотта кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін қорғау
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •15 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауына қарсы әрекет етудің криминологиялық және виктимологиялық мәселелері
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
Бақылау сұрақтары
«Бала», «нәресте», «кәмелеттік жасқа толмаған» түсініктерінің ара қатынасы.
Баланың басымдылық құқығы.
Отбасында тұру құқығы.
Денсаулығын қорғау құқығы.
Балалар құқығын қорғау құқығы.
Есімін, тегін, фамилиясын алу құқығы.
Өзіндік пікір айту құқығы.
8. Жалпы жоспардағы балалар құқығы (балалар мүддесін қамтамасыз ету, оларды жан-жақты дамыту, олардың адамгершілік жетістіктерін құрметтеу құқығы ).
9. Балалардың мүлікке ие болу, пайдалану және оны игере білу құқығы.
10. Балалардың бағып-қағылу құқығы.
Ұсынылатын әдебиеттер
Балалар құқығы туралы Конвенция. 20 қараша 1989 ж.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім, 15 шілде 1996 ж.
4. Қазақстан Республикасының 1998 ж. 17 желтоқсандағы №321-1 «Неке және отбасы туралы» Заңы. - Алматы: БОРКИ, 1999.
6 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары
Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ ҚР заңнамаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың азаматтық-құқықтық статусына байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.
Маңызды сөздер: азаматтық құқықтық статус, азаматтық құқық қабілеттік, азаматтық әрекет қабілеттілік.
Дәріс жоспары (1 сағат)
Кәмелеттік жасқа толмағандардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық статусы.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық құқық қабілеттілігі және қабілетсіздігі.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-құқықтық мәртебесі
Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-құқықтық мәртебесін, олардың жас мөлшеріне байланысты, толық әрекет ету қабілетіне жетпеген азаматтардың мемлекет қорғайтын және кепілдік беретін өзіндік түсініктері ретінде айқындауға болады.
Субъективті азаматтық құқық; дегеніміз - азаматтық заңдармен қамтамасыз етілген құқықты өкілетті адамның мінез-құлқының белгіленген мөлшерлері және құқықты өкілетті адамның заң бойынша танылған мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында міндетті адамнан белгілі бір мінез-құлықты талап ету мүмкіндігі.
Азаматтық-құқықтық міндеттеме, өз кезегінде, міндетті тұлға құқықтық өкілеттігінің заңмен танылған мүдделерін қанағаттандыру мақсатында және соның талаптарына тиісті қимыл жасап, азаматтық заңмен қамтамасыз етілген қажетті мінез-құлықтың мөлшерін көрсетеді.
Субьективті азаматтық құқық және азаматтық-құқықтық міндеттердің маңызын нақты түсіну үшін оларды ажырамас байланыста, яғни азаматтық құқықтық қатынастардың құрамы ретінде қарастырған дұрыс. Соңғысын қоғамдық қатынастардағы азаматтық құқықтың реттелген мөлшері етіп айқындауға болады. Алайда, азаматтық-құқықтық қатынастардың маңызын толықтай түсіну үшін аталған айқындау жеткіліксіз, ол үшін қоғамдық қатынастардың осы тобына тән негізгі белгілерді ашу қажет.
Заттық-ақшалай, тепе-теңдік жағдайына негізделген қатысушылардың басқадай мүліктік қатынастары және, сонымен қоса, олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастардың барлығы азаматтық құқықтармен реттеледі. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшелігі мыналармен түсіндіріледі:
Біріншіден, азаматтық-құқықтық қатынастар қатысушылардың теңдігіне негізделген. Бұл өзгешелік заңдылықтарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің І-бабында (бұдан былай - АК), қатысушылардың теңдігін азаматтық құқықтық қатынастардың конститутивті дәрежесіне қояды, 2-бабында қатысушылардың теңдігін азаматтық заңдылықтар ұстанымдарының бірі етіп жариялайды.
С.Н. Братусь: «...жан-жақтардың теңдігі - азаматтық құқықтар тақырыбын құрайтын, мүліктік қатынастардың өзінің маңызды белгісі», - деп жазды. Әрине, тараптардың теңдігі азаматтардың саяси құқықтарын және отбасылық және процессуалдық қатынастарды жүзеге асыру барысында және қоғамдық ұйымдардың ішіндегі қатынастардағы олардың мүшелігіне негізделген қатынастарға байланысты болады, ал азаматтык құқықта әңгіме басқа негіздерге сүйенетін бұл теңдік туралы емес, мүліктік қатынастардың өзіндік сипаттарымен байланыстағы теңдік жөнінде болады. Зат өндіру эквиваленттікті, бағаның теңдігін (әлбетте, реттелген және белгіленген мемлекеттік баға түрінде) және бұл орайда заттай өндірістегі мүліктік қатынастарга негізделген қатысушылардың теңдігі түсінігін білдіреді. Басқаша айтқанда, азаматтық құқықтық қатынастардағы жан-жақтардың теңдігін азаматтық құқық тақырыбының өзінен және оның өзі реттейтін мүліктік қатынастардың өзінен іздеген дұрыс.
Екіншіден, азаматтық-құқықтық қатынастар әрқашан еркін сипатта болады. Айтылған жағдайды АК 2-бабының 2-тармағынан көруге болады: азаматтар және заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еріктерімен және өз мүдделері үшін алады және жүзеге асырады. Сонымен қоса, қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын қатынастарда азаматтық құқықтармен реттелетін болады. Мысал ретінде келтірілген зиянды қалпына " келтіру жөніндегі міндеттемені және тұрақты түрде емес қор жинауды атап өтуге болады. Ал айда, бұл жерде әңгіме пайда болу сәті туралы ғана болып отыр, ал пайда болған міндеттемелер және құқық келтірілген зиянды қалпына келтіруге немесе дәйексіз алынған мүлікті қайтаруға бағытталған ерікті іс-қимылдар арқылы саналы түрде жүргізіледі. Дегенмен, аталмыш азаматтық-құқықтық қатынастарда да тараптар заңды теңдікте болады және заңға ғана бағынады.
Жоғарыда аталып өткендей, мүліктік мүлікке қатысы жоқ жеке мүліктік қатынастардың екі түрі болады. Біріншісі жалпы құқықтар бойынша азаматтық құқықтармен реттеледі, екіншісі не құқықтық актілермен азаматтық-құқықтық реттеулерден алынып тасталады, не жеке мүліктік құқықтардың күшінде болуына байланысты, мүндай реттеулерге мүлде жатпайды. Мұндай қорытындылар АК 1-бабынан барып туындайды. Бұл жерде азаматтық заңдылықтардың маңызы бұл қатынастардың мазмұнын айқындауға емес (оларға қол сұғушылықты болдырмауды қалыптастыру жеткілікті), азаматтық құқықтарға тән оларды қорғау әдістерін ойластыруда болады.
Азаматтық құқық тақырыбын ең алдымен мүліктік қатынастар құрайды.Сондықтанда кәмелеттік жасқа толмағандардыңазаматтық-құқықтық мәртебелерін қарастыру барысында олардың құқықтық мәртебесін мүліктік қалыптастырулардың таңдап алынуы кездейсоқ емес. Оның үстіне осы бөлімнің алдыңғы параграфы кәмелеттік жасқа толмағандардың жеке құқығына арналған.
2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне сәйкес, он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмағандар бала болып танылады, яғни 14 жас мөлшеріне келмеген, сол сияқты 14 жастан бастап 18 жас аралығындағы тұлғалар, азаматтық-құқықтық мәртебе тұрғысынан бала ретінде саналады. Мұндай дәстүр үлкен тәжірибелік маңызға ие, өйткені құқық және кейбір жағдайларда кәмелеттік жасқа толмағандардың міндеттерінің аумағы осы екі жас мөлшерінің қиылысында әр түрлі болып келеді. Оның үстіне, осындай бөлінулер барысындағы жас мөлшеріне және осыған байланысты тұлғаның ой-өрісі, әрекет ету сипаттары ҚР АҚ ұстанады. Алайда, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Заңына қарағанда ҚР АК ерекшелігі, онда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты «бала» түсінігін қолданбайды, оларды тек кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. Аталған терминнің артында «азамат» деген ұғым тұрады, өйткені «Азаматтық құқықтар субъектісінің» 2-бөлімінің 1-тармағының өзі «Қазақстан Республикасының азаматтары және басқа тұлғалары» деп аталады. «Кәмелеттік жасқа толмағандар» («азамат» сөзімен байланыста болмай-ақ қойсын) терминін пайдаланудың өзін, заң шығарушылардың, азаматтардың бұл санатына оларда отбасының мүшесі құқықтық мәртебесінің болуы және болмауына қарамастан, азаматтық құқықтың субъектісі ретінде қарағаны деп бағалауға болады. «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы, керісінше, «бала» түсінігін пайдалана отырып, құқықты жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, ата-анасы мен баласы арасындағы құқықтық байланыс негізінде реттейді. Бұл, өз кезегінде, азаматтық және отбасылық құқық тақырыптарының өз бетінше болатындығына тағы бір дәлел бола алады.
Отбасылық заңдылықтар бойынша бала құқығы жеке және мүліктік болып екіге бөлінеді. Кейінгісіне «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңында бар-жоғы бір ғана 58-бап арналған. Бұл түсінікті жағдай, өйткені мүліктік қатынастарды реттейтін негізгі Заң ҚР АК болып табылады.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Заңы баланың төмендегідей мүліктік құқықтарын бекітті:
өзінің ата-анасынан және отбасының басқа мүшелерінен көмектер алуға құқық;
ата-аналарының (олардың орнындағы тұлғалардың) құзырына келіп түсетін және олар баланы асырап-сақтауға, білім алуына және тәрбиелеуге жұмсайтын балаға тиесілі алимент, зейнетақы, төлемақы ретіндегі қаражат алу құқығы;
оларға сыйлық ретінде немесе мұра етіп қалдырылған мүлікті, кірісті, сол сияқты баланың қара-жатына алынған қандай да болмасын мүлікті өзінің жекеменшігіне алу құқығы;
4) егер бала ата-аналарымен бірге тұрып және оның үстіне өзінің жеке жұмысынан кіріс табатын болса, отбасын ұстап тұру жөніндегі шығындарға қатысу құқығы.
Баланың осындай мүліктік құкықтары 2002 жылғы 8 тамыздағы «Балалар құқығы туралы» ҚР Заңында да бекітілген. Осы екі заңмен қарастырылған құқықтар тізімі, ҚР АК берілген кәмелеттік жасқа тол-мағандар құқығының тізімінен кеңірек. Кейбір құқықтар ҚР АК реттейтін шеңберлерге мүлде енбейді, мысалы, алимент, зейнетақы, төлемақы ретінде балаға тиесілі қаражатқа кұқығы.
Жекеменшік құқығы негізінде өзіне тиесілі мүлікпен әрекет ету жөніндегі балалар құқығы ҚР АК 22 және 23-баптарымен анықталады.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы ата-аналары мен балаларының бөлек меншігінің кестесін бекітеді, бұл 58-баптың 4-тармағында былайша көрсетілген: «Балалардың ата-ана мүлкіне жекеменшік құқығы болмайды, ата-аналардың бала мүлкіне жеке-меншік құқықтары болмайды. Бірге өмір сүретін балалар мен ата-аналар бір-бірінің мүліктерін өзара келісім арқылы ғана пайдалана алады».
Ата-аналардың және балалардың жекеменшігі үшін ешқандай ерекше құқықтық жағдайлар болмайды. Ата-аналар мен балалардың ортақ жекеменшіктері туралы мәселелер пайда болған жағдайда, оларға иелік ету, пайдалану және бөліп жұмсау құқығы азаматтық заңнамалар арқылы анықталатын болады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығы сақталуының кепілдігі және балалардың заңды өкілдері тарапынан өз құқықтарын асыра пайдаланудың болмауына жол берілмеуі де сол сияқты заңдылықтармен бекітілген. Бұл сұрақты көрсетуге жан-жақты тоқталмай-ақ, тек мыналарға ғана тоқталып өтеміз. 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес, жалпы ортақ меншіктегі тұрғын үйді бөлу тек қана барлық жекеменшік иелерінің келісімі арқылы ғана жүзеге асы-рылады. Егер іс-қимыл меншік иесі болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған баланың мүддесіне қатысты болса, онда қамқоршы және қараушы органдардың келісімі қажет болады. ҚР АК 509-бабының 1-тармақшасы кәдімгі сыйлықтардан басқа, құны заңдылықтармен бекітілген он айлық еңбекақы мөлшеріндегі есепті көрсеткіштен асатын қандай да болмасын сыйға тарту әрекеттеріне тыйым салады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың өздеріне тиесілі мүліктерге иелік ету мәселесі, ҚР АК 22 және 23-баптарында реттеледі, онда он төрт жас мөлшеріне дейінгі және 14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекет ету қабілеті көрсетілген.
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретіндегі азаматтардың құқықтық ережелері, олардың бірлігі азаматтық құқықтық субъектіні білдіретін құқықтық қабілет және әрекет ету қабілеттерімен айқындалады.
Азаматтардың құқықтық қабілеті олардың азаматтық құқығы болуын және міндеттеме алып жүруін білдіреді. Ал әрекет ету қабілеті азаматтардың өздерінің іс-қимылдары арқылы азаматтық құқықты алу және жүзеге асыруы, өзі үшін азаматтық міндеттер қойып және оларды орындау деген ұғымдарды түсіндіреді. Егер азаматтардың құқықтық қабілеті туған сәтінен бастап өлгенінше барлық азаматтарда бірдей деңгейде танылатын болса, ал әрекет ету қабілеті белгілі бір жас мөлшерінде, нақты айтқанда, 18 жастан бастап пайда болады. Осыған байланысты мынандай сұрақ туындайды, тек қана құқықтық қабілеті бар, бірақ әрекет ету қабілетінің жас мөлшеріне толық жетпеген азамат азаматтық құқықтың толық субъектісі бола ала ма? Өзі жалғыз - жоқ, дегенмен оларда әрекет ету қабілетінің болмауы оның заңды өкілдері - ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршысы және қараушыларының іс-қимылдары арқылы толтырылуы мүмкін. Басқаша сөзбен айтқанда, кәмелеттік жасқа толмағандарға азаматтық құқық субъектісінің мәртебесін беруде, барлық азаматтардың жас мөлшеріне, жынысына және тағы басқаларына қарамай, бірдей мөлшерде танылатын құқыктық қабілет болса жеткілікті.
Азаматтардың құқықтық қабілеті құқықтық субъектіліктің негізі болып саналады, өйткені құқықтық қабілеттің болуының өзі азаматты азаматтық құқықтық субъектісі деп тану үшін жеткілікті, себебі құқықтық қабілетті тұлғада әрекет ету қабілетінің болмауын басқа адамдардың іс-қимылдары арқылы толтыруға болады. Құқықтық қабілет дегеніміз - азаматтық құқықтың болуын және міндетті алып жүрудің абстракт мүмкіндіктерін білдіреді және ол субъективті құқықтардың және міндеттердің пайда болуы на сілтеме жасайды. Басқаша сөзбен айтқанда, құқықтық қабілетті нақты субъективті құқықтардан боле қарауға болмайды, олар жалпы және жеке мағыналарға бірдей қатысты.
Кәмелетгік жасқа толмаған азаматтар толық көлемде өзге азаматтармен бірдей құқықтық қабілеттерге ие болады. Қанша дегенмен, кәмелеттік жасқа толмағандарда есейген адамдарға қарағанда құқық біршама аз болуы мүмкін болганымен, бірақ оларға иелік ету мүмкіндіктері (құқықтық қабілет) оларда бірдей. Құқықтық қабілеттің құқықтық мәртебеден басты айырмашылығы осында.
Құқықтық қабілеттің негізгі мазмұны АК 14-бабында берілген және онда азаматтардың жекеменшік мүлік иемдену құқығын оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шекарасынан тыс жерлерде шетелдік валюта ұстау мүмкіндіктері қарастырылған: мүлікке мұрагер болу және мұра етіп қалдыру; республика аумағында еркін қозғалыста болып және тұрғылықты мекен жайды таңдау; республика аумағын еркін тастап шығып және оның аумағына еркін оралу; заңдылық актілерімен тыйым салынбаған кандай да болмасын қызмет түрімен айналысу; басқа адамдармен немесе заңды тұлғалармен бірігіп немесе өз бетінше заңды тұлға құру, заңдылык актілерімен тыйым салынбаған қандай да болмасын әрекеттерді жасау және міндеттемелерге қатысу; ойлап табуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына зияткерлік құқық болу; зияткерлік қызметтердің басқа нәтижелері; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету; басқадай мүліктік және жеке құқықтардың болуы. Осындай негізгі және басқадай азаматтық құқықтардың болу мүмкіндігі кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға да берілген.
Азаматтардың құқықтық қабілетін жүзеге асыру олардың әрекет ету қабілеттері арқылы орындалады, ал ол мынандай сапаларға: интеллект, жас мөлшері, психологиялық жағдай, бір сөзбен айтқанда, саналы түрде заңдылық маңызы бар іс-қимылдарды жасап және олар үшін жауап беруге қабілеттілікке тікелей байланысты болады. Әрекет ету қабілеттілігі деген түсінік азаматтардың өзінің іс-қимылдар (іс-қимылдар қабілеті) жасап және басқадай құқықтық мөлшерлі әрекеттер жасауға баруын, сол сияқты азаматтық тәртіп бұзушылықтар үшін жауапкершілікті алып жүруін білдіреді. Осы орайда, әрекет ету қабілеті іс-қимылды жасаудың өзіне емес, тек іс-қимыл жасаудың қабілетіне, оған басшылық етудің және жауап берудің заңдылық қабілетін білдіреді. Соңғылары заңды фактілер болуы мүмкін.
Аталған санаттың құндылықтары былайша айқындалады, әрекет ету қабілеті тұлғаның экономикалық айналымға, кәсіпкерлік және басқа да қызметтерге белсенді қатысуын, өзінің мүліктік құқығын, бірінші кезекте жекеменшік құқығын, сол сияқты жеке мүліктік емес құқықтарын жүзеге асыруды заңды тұрғыдан қамтамасыз етеді. Осы орайда, айналымға барлық басқа қатысушылар, міндеттемені бұзған немесе келісімшарттық қатынастар болмаған жағдайда мүліктік зиян келтірген, әрекет етуге қабілетті тұлғаға жауапкершілік шаралары қолданатынына әрқашан сенулеріне болады. Тиісінше, осындай азаматтардың әрекет етуге қабілетті санаты, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар сферасындағы тұлғалардың бостандығын білдіретін заңды құрал болып табылуына байланысты, үлкен құндылықтарға ие болады.
Азаматтық әрекет ету қабілеті кәмелеттік жасқа толғанда, яғни 18 жасқа толғанда және 18 жасқа жет-кенге дейінгі кейбір жағдайларда толық көлемде пайда болады. ҚР АК 17-бабының 2-тармағында мынандай мөлшер айтылған, егерде Заң бойынша 18 жасқа толмағанға дейін некеге отыруға рұқсат етілсе, онда некеге отырған кәмелеттік жасқа толмаған тұлға некеге отырған сәтінен бастап әрекет ету қабілетіне толық көлемде ие болады. Неке бұзылған жағдайда әрекет етуге қабілеттілік кәмелеттік жасқа толмаған некені бұзған жұбайларда сақталатын болады.
Азамат эмансипация нәтижесінде кәмелеттік жасқа (ҚР АК 22-1 бабы) толмай-ақ толық әрекет ету қабілетіне ие бола алады. Отандық заңдылықтарда эмансипация институты мүлде бертінде, нақтырақ айтсақ, АК толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі 2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР № 225-111 Заңы шыққаннан кейін гана пайда болды. Мұндай норма кәсіпкерлік қызметтің, оның ішінде 18 жасқа толмағандардың арасында кең құлаш жаюы арқасында пайда болды және ол кәмелеттік жасқа толмағандардың өздерінің мүдделерімен ғана байланысты емес, сонымен қоса несие берушілер үшін белгілі бір кепілдіктер беретін азаматтық айналымдардыц тұрақтылыгына да байланысты.
Егер 16 жасқа жеткен, кәмелеттік жасқа толмаған тұлға еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істесе немесе ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қараушыларының келісімі бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысса, ол толық әрекет етуге қабілетті деп жариялануы мүмкін (ҚР АК 22-6. 1-т.).
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны толық әрекет етуге қабілетті (эмансипация) деп жариялау екі ата-анасының, асырап алушысының немесе қараушысының келісімдері ақылы қамқоршы және қараушы органдардың шешімі, ал бұндай келісімдер болмаган жағдайда сот шешімі арқылы жүргізіледі. Әрекет етуге қабілетті кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның, оларды алуга заңдылықтар бойынша жас мөлшеріне байланысты шектеу койылган құқықтар мен міндеттемелерден басқа азаматтық құқықтары болып және міндеттеме алып жүретінін де (оның ішінде олар келтірген зияндар барысында пайда болған міндеттер бойынша) назардан шығаруға болмай ды. Ата-аналары, асырап алушылары және қараушылары әрекет етуге қабілетті кәмелеттік жасқа толмағандардың міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болмайды (ҚР АК 22-1-бабының 2 және 3-тармақтары). Некеге отырған және әрекет етуге қабілетті немесе эмансипация тәртібі бойынша әрекет етуге қабілетті деп жарияланған тұлға 18 жасқа толған тұлғамен бірдей құқық пен міндеттемеге ие болады: олар өз беттерінше кез келген келісімді жасайды, келісімшарттағы міндеттемелер бойынша, зиян келтіру барысында пайда болған міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болады. Егер мұндай кәмелеттік жасқа толмағандарға қамқоршы бекітілген болса, ол бекіту күшін жояды.
Егер заңдылық актілерімен басқа жағдайлар белгіленбеген болса, онда барлық азаматтар бірдей әрекет ету қабілетіне ие болады (ҚР АК 17-6. 3-х).
Психологиялық даму деңгейіне байланысты ҚР АК 18 жасқа толмаған азаматтардың әрекет ету қабілетінің әр түрлі көлемін белгілейді (егер олар осы жасқа дейін әрекет ету қабілетін толық көлемде игермесе ҚР АК 22-1, 17-баптары). Кәмелеттік жасқа толмағандар екі топқа бөлінеді: 14 жас мөлшеріне жетпегендер және 14 жас пен 18 жас аралығындагы тұлғалар.
Әрекет ету қабілеті іс-қимыл әреке-ті мен деликто қабілеттің біртұтасты-ғын қалыптастыратындығын есеп-ке ала отырып, 14 жасқа жетпеген кәмелеттік жасқа толмағандарды әрекет етуге қабілетсіз деп санауга болады. Осы санаттагы адамдарға заң шағын көлемдегі келісімдерді жасауга рүқсат еткенімен, оларды сол өздері жасаган келісімдер бойынша немесе келісімдер сферасынан тыс тәртіп бұзушылықтар бойынша өз беттерінше азаматтық-құқықтық жауапкершілік алып жүретін тұлғалар ретінде қарастырмайды.
14 жасқа жетпеген кәмелеттік жасқа толмағандар өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін, олар өздері орындайтын шағын тұрмыстық келісімдерді (ҚР АК 23-6. 2-х), сол сияқты банкілерге салымдар салып және оларда өз беттерінше бөлуді жүзеге асырады.
РФ АК 14 жасқа жетпеген кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекет етуге қабілеті туралы мәселелер біршама басқаша түрде шешіледі. Кәмелеттік жаска толмағандардың жалпы осы санатын жас жеткіншектер деп тани отырып, РФ АК тұлғалардың әрекет етуге қабілетін 6 жастан 14 жас аралығында бекітеді. Олар шағын тұрмыстық келісімдерді, қайтарымсыз пайда табуға арналған, нотариалды бекітілген немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін келісімдерді, сол сияқты заңды өкілдері ұсынган мүліктерді немесе нақты бір мақсаттар немесе еркін қолданыстагы заттарды бөлу жөнінде келісімдер жасай алады (РФ АК 28-6. 2-х). Мұнымен қоса, жас жеткіншектердің жасаған келісімдері бойынша, оның ішінде өз беттерінше жасаған келісімдері бойынша жауапкершілікке, егер міндеттеме өздерінің кінәсінсіз жасалғанын дәлелдей алмаса, онда олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қамқоршысы жауап беретін болады. Заң бойынша бұл тұлғалар жас жеткіншектер келтірген зияндар үшін де жауапты болады (РФ АК 28-6. 3-т.). Тиісінше, 6 жасқа толмаған тұлға толық әрекет етуге қабілетсіз болып саналады. РФ АК осындай мөлшерлердің бар болуы Ресейдің заңдылық әдебиеттерінде 6 жастан 14 жасқа дейінгі жас жеткіншектерде кішкентай да болса белгілі бір әрекет етуге қабілеттілік бар деген пікірді қалыптастырды.
14 жас және 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандар психологиялық жетілудің жоғары деңгейімен ерекшеленеді, сондықтан заң оларға ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының алдын ала келісімдері арқылы әрекет етуге рұқсат етеді. Бұндай келісімдердің үлгісі кәмелеттік жасқа толмағандар жасайтын келісімдер үшін заңдылықтармен бекітілген үлгіге сәйкес болуы қажет (ҚРАК22-6. 1-т.).
14 жас және 18 жас аралығындагы кәмелеттік жасқа толмағандар өздері жасаған істері, сол сияқты олардың әрекеттері барысында келтірілген зияндар үшін өз беттерінше жауап бере алады (ҚР АК 22-6. 4-т.).
Мұнымен қоса, көрсетілген жас мөлшеріндегі кәмелеттік жасқа толмағандар өздерінің еңбекақыларын, стипендиясын, басқа да кірістерін және өздері құрған зияткерлік меншік құқығындагы объектілерді өз беттерінше еркін басқаруга, сол сияқты шағын тұрмыстық келісімдер жасауға құқылы болады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қаражатын талан-таражға түсірмеу немесе оларды құқыққа қарсы әрекеттерге жұмсамау, сол сияқты қаражаттарды басқадай келеңсіз жағдайларға пайдаланбау мақсатында, қамқоршы және қамқорлыққа алу органдары кәмелеттік жасқа толмағандарды өздерінің еңбек ақыларын, стипен-дияларын және басқа да кірістерін және олардың өздері құрған зияткерлік меншік құқығындағы объектілерді өз беттерінше еркін басқарудан шектеуі немесе мүлде айыруы мүмкін.
