Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ювеналдық құқық пәнінен дәрістер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488.58 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік күшіне енеді?

  1. Қандай қылмыстар жасағаны үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болады?

  1. Егер жас мөлшерін (туган күнін, айын, жылын) көрсететін құжат болмаған жағдайда, кәмелеттік жаска толмағандардың жасы қалай анықталады?

4. Қылмыстық жазаға тартулар қандай мақсатты көздейді?

5. Қылмыс жасаған, кәмелеттік жасқа толмағандарға қандай қылмыстық жазалар қолданылуы мүмкін?

  1. Қылмыстық жауапкершіліктен босату нені білдіреді?

  2. Қылмыстық жазаға тартудан босату нені білдіреді?

8. Қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершіліктен босатудың қандай жалпы түрлері қарастырылған?

9. Қылмыстық заңда қылмыстық жазаға тартудан босатудың қандай жалпы түрлері қарастырылған?

10. Қылмыстық заңда қылмыс жасаган кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен босатудың қандай арнайы түрлері қарастырылган?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних.-М., 1970.

  2. Дуйсекеев Г. Особенности уголовной ответственности несовершеннолетних // Фемида, 2004. - № 6.

  3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне түсініктемелер. - Алматы, 2007.

  4. Конвенция о правах ребенка // Сборник международных документов и законодательных актов РК в области прав человека. - Алматы, 1996. Т. 1. Ч. 1.

  5. Мельникова Э.Б. Ювенальная юстиция. - М., 1998.

  1. Правила ООН, касающиеся защиты несовершеннолетних, лишенных свободы // Сборник международных документов и законодательных актов

РК в области прав человека. - Алматы, 1996 Т. 1.4. II.

  1. Скрябин М.А. Общие начала назначения наказания и их применение к несовершеннолетним. - Казань, 1988.

  2. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть: Курс лекций. - Караганды, 2002.

9. Шапинова С.А. Подросток: Общество и закон. - Алматы, 1989

11 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-атқарушылық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары.

Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ күдікті, айыпкер және қамауға алынған кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.

Маңызды сөздер: кәмелеттік жасқа толмаған күдікті және айыпкер, жазаны өтеуде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайлары.

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Қамауға алынған кәмелеттік жасқа толмаған күдікті және айыпкердің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері.

  2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайлары.

Жалпы қылмыспен, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысымен күрестің негізгі құралдарының бірі (ол жалғыз емес) қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жазалар қолдану болып табылады.

Бұрынғы қолданыстағыға қарағандағы жаңа ҚР ҚК ерекшелігі - ол кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және оларды жазалау ерекшеліктеріне арналған өз алдына жеке бөлім (6-бөлім) ұсынады.

ҚР қылмыстық заңдылыктарымен белгіленген олардың жасаған қылмыстары үшін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға жаза тағайындаудың ерекшеліктері оларды орындау үшін арнайы ерекшеліктердің жүзеге асырылуы қажеттігін туындатады.

Барлық субъектілер үшін қылмыстық жауапкершіліктің бірыңғай негізін белгілей отырып, кәмелеттік жасқа толмағандарды жазалау туралы мәселені шешу барысында қылмыстық заң олардың жас мөлшерлік ерекшеліктерін есепке алады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істерімен күрес барысында қылмыстық заңдылықтар жаза қолдануға, қатыгездікке емес, дифференция мен индивидуализмнің тиісті принциптеріне байланысты болып келетін, кінәлілерді дер кезінде анықтауға және оларды жауапкершілікке тартуға сүйенетінін ерекше атап өтуіміз қежет. Кәмелеттік жасқа толмағандар жауапкершіліктерінің жас мөлшерлік ерекшеліктері ҚР ҚК қылмысты істер шеңберінде ғана емес, сонымен қоса оларға қолданылатын жазалар жүйесінде де көрсетілген. Қылмыстық кодекс тек қана кәмелеттік жасқа толмағандарға ғана қолданылатын жазалардың өзіндік арнайы түрлерін қарастырмайды. Әйтсе де, ересектерге қолданылатын тура осындай жазалауларға қарағанда, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалар өздерінің мән-мағынасы бойынша өзіндік ерекшеліктерге ие болатынын назардан шығаруға болмайды. Басты ерекшелік, ересек сотталғандарға қолданылатын бір атаудағы жазалауларға қарағанда, оларда қатыгездік біршама аз мөлшерде болады. ҚР ҚК 79-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға сот мынадай үкімдер қолдана алады: а) айыппұл; б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмысқа тарту; г) түзету жұмыстары; д)бостандығын шектеу; е) бостандығынан айыру.

Заң әдебиеттерінде жазаны екі топ бойынша классификациялау қабылданған: 1) айыпталушыны қоғамнан бөлектеумен байланысты емес жазалау және 2) айыпталушыны қоғамнан бөлектеумен байланысты жазалау. Келтірілген тізімнің ішіндегі екінші топқа жататын тек бір ғана жазаның түрі - бостандығынан айыру.

Жазаның бұл екі тобы өздерінің мазмұны бойынша ғана емес, сонымен қоса оларды орындаудың өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Бұл екі арнайы өзіндік ерекшеліктер мыналармен қамтамасыз етілген, сотталған тұлғаның қоғамнан бөлектендірілмеумен байланысты жазаны өтеу үшін арнайы мемлекеттік орган - қылмыстық-атқарушы инспекция құрылған, ал бостандығынан айыруды құрамына кәмелеттік жасқа толмағандар үшін тәрбие беру колониясы кіретін мемлекеттік түзету мекемесі орындайды.

Сотталушыны қоғамнан шеттетумен байланысты емес жазалардың ауқымды тізімін енгізе отырып, заң шығарушылар бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануды альтернатива ретінде сот тәжірибесінде кеңінен қолдануды ойластырды.

Алайда, іс жүзінде бұлай болмай шықты. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларда өздерінің жеке кірісі және өзіндік еңбекақылары болмауына байланысты, оларға айып салу сияқты жазаның түрлері мүлде қолданылмайды. Осыған байланысты кәмелеттік жасқа толмағандардың көпшілік бөлігінің қылмыс жасаған сәттерінде тұрақты жұмыс орындары болмайды және оларға тәжірибе жүзінде түзету жұмыстары тағайындалмайды. Қоғамдық жұмыстарға тарту да әлі жеткілікті дәрежеде қолданыста болмайды, былайша айтқанда, жергілікті атқарушы органдар сотталғандардың жұмыс күшін пайдалану мүмкін болатын объектілерді бөлу туралы мәселелерге жеткілікті көңіл бөлмейді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың бостандығын шектеу қолдануды қарастыратын ҚР ҚК 79-бабындағы өзгерістер әзірше олардың сотталғандық құрылымына ықпал ете қойған жоқ. Кейінгі бірнеше жылдардағы кәмелеттік жасқа толмағандардың сотталғандығы туралы құрылымға Қарағанды облысы бойынша 2006 жылғы мәліметтер тұрғысында сараптама жасауға болады. Бұл жылы барлығы 269 кәмелеттік жасқа толмағандар жазаға тартылды, оның ішінде бостандығынан айыруға -65 (25,1%), бостандығын шектеуге -3, қоғамдық жұмысқа - 8, жазасын өтеуді кейінге қалдыруға-1, амнистия бойынша жазалаудан босатылғандар - 44 (16,3%). Айып және түзету жұмыстары мүлде қолданылған жоқ. Барлық сотталғандардың жартысына жуығы (148 адам, 55,0%) шартты түрде бостандығынан айыруға сотталды.

ҚР ҚАК 14-бабына сәйкес, кәмелеттік жасқа тағайындалатын, сотталушыны қоғамнан шеттетумен (айып салудан басқа) байланысты емес жазалауды сотталушының тұрғылықты мекен жайы бойынша ҚР ӘМ (КУИС) қылмыстық-атқарушы жүйесінің құрамына енетін қылмыстық-атқарушы инспекция орындайды. Айып төлеу түріндегі жазаның орындалуы үкім шығарушы сот арқылы және сол сияқты мүліктің орналасқан жері және сотталушының жұмыс істейтін орны бойынша соттар арқылы жүзеге асырылады.

Және осы қылмыстық-атқарушы инспекцияға шартты түрде сотталғандарға да бақылау жасау жүктелген (ҚР ҚАК 14-6. 9 б.).

Қылмыстық-атқарушы инспекция өз қызметін атқару барысында сотталушы кәмелетгік жасқа толмағандарға қатысты жазаның орындалуының арнайы ерекшеліктерін көрсетпейтін ҚР ҚАК және ведомстволық нұсқауларды басшылыққа алатынын да атап өтуге болады. Сотталушыны қоғамнан шеттетумен байланысты емес жазаны орындаушы осындай органдарды арнайы жүйелендіруді кейінгі жылдары өте табысты қарқынмен жүргізіліп отырған қылмыстық-атқарушы органдарды реформалау процестерінде жүзеге асыру тиімді болады.

Сөз жоқ, қылмыстық-атқарушы инспекцияның қызметі де жетілдіруді қажет етеді. Ең бастысы, жақын арада қандай мәселелерді шешу қажет - бұл дегеніміз - батыс елдерінің үлгісіне сай пробация қызметін құру және қызметкерлердің штаттық санын барынша жеткілікті деңгейге дейін жеткізу. Көптеген елдердің бұл деңгейі пробация қызметінің бір қызметкерінің жүктемесі есепте тұратын адамдардың 50 адамынан аспауы қажет екенін ұсынады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 213 аймақтық қылмыстык-атқарушы инспекция бар, олардың штатында тұратындардың барлық саны 339 бірлікті құрайды. Бір қызметкердің орташа жүктемесі бүгінде 124 адамнан асады. Әлбетте, бұндай жағдайда сотталғандармен жекеше тұрғыдағы тәрбиелік жұмыстарды жолға қою және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу үшін қызметкерлерін қайта даярлаудан өткізуді қамтамасыз ету мүлде мүмкін емес. Пробация қызметін педагогика, психология, заң ғылымы және әлеуметтік саладағы тиісті кәсіби-мамандармен толықтай жабдықтауда маңызды міндеттердің біріне саналады.

ҚР ҚК (79-6. 8-6.) кәмелеттік жасқа толмаған сотталушы бостандыгынан айырылу мерзімін өтейтін, қылмыстық-атқарушы мекеменің түрін тәрбиелеу колониясын (ТК) айқындайды. Әйел жынысты кәмелеттік жасқа толмағандар үшін тек қана жазасын өтеудің жалпы режимі ғана белгіленетін болады. Ер жынысты кәмелеттік жасқа толмағандар үшін жазасын өтеудің жалпы және күшейтілген режимі белгіленген. Күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына бұрындары бостандығынан айыру жазасын өтеген ер жынысты кәмелеттік жасқа толмағандар орналастырылады; бірінші рет сотталған тұлғалар жалпы режимге жіберіледі. Дегенмен, бұл ережеде мынандай ерекшелік болады: жекелеген жағдайларда кінәлі тұлғаның қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипатына және істің басқадай жағдайларына байланысты сотқа қабылданған шешімнің негіздерін түсіндіре отырып, ер жынысты кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында бостандығынан айрылу мерзімін өткеруді тағайындау құқығы берілген.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға жаза тағайындау барысында сот ҚР ҚК 80-бабына сәйкес, жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын басшылыққа ала отырып және сол сияқты оның тұлғасына өз әсерін тигізетін даму дәрежесін, өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын, денсаулық жағдайын, жасалған қылмыстың себебін, ересектердің және басқадай жағдайлардың ықпал етуін есепке алады.

Бұл жағдайлар кәмелеттік жасқа толмағандар жас мөлшерінің ерекшеліктерімен тікелей байланыста болады, олардың қатарына ересектерге еліктеуге құштарлық, жасөспірімдік максимализм, жақсылық пен зұлымдықтың шекарасы туралы бұлыңғыр түсінік, жолдастықтың жалған сезімі, тоқтап қалу процестеріне қоздырудың үстемдік жағдайлары және т.б. жатады және бұлар жасөспірімнің жетіліп келе жатқан ағзасымен алдын ала келісілген болып саналады. Сонымен қоса, олардың өздерінің құқыққа қарсы мінез-құлықтарының әлеуметтік маңызын толық көлемде түсінулері үшін әлі де болса жеткілікті дәрежеде әлеуметтендірілмегенін түсіну өте маңызды. Жоғарыда аталып өткендей, бұл жаста олардың мінез-құлқына отбасы, тәрбиелену жағдайлары және қоршаған ортасы үстемдік жағдайларында әсер ететін болады.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы үшін жаза қолданудың үлкен таңдауы болуына қарамастан, сот органдары ақырғы шара - бостандығынан айыруды жиі таң-дайды. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын шара түрі ретінде бостандығынан айыру оны жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларын жіберу жолдары арқылы сотталушыны қоғамнан аластату болып табылады.

Тәрбиелеу колониялары (ТК) кәмелеттік жасқа толмаған сотталушыларға қатысты бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін арнайы қарастырылған түзету мекемелерінің бір түрі болып табылады және Қазақстан Республикасының түзету мекемелерінің жалпы жүйесіне енеді.

КСРО-дан мұра ретінде Қазақстанға қазіргі заманның талаптарына жауап бермейтін және біршама реформалауды қажет ететін түзету мекемелерінің (оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар үшін) кең ауқымды желісі қалдырылды.

Сот-құқық саласындағы реформа туралы айта келе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаев: «Біздің алдағы уақыттағы күшімізді жүмылдыратын бірінші нәрсе - бұл қылмыстық заңдылықтарды гуманизациялау және либеризациялау, қуғын-сүргінге ұшырағандарды жасаған қылмыстары үшін жауапқа тарту жүйесіндегі қатаң жазалау функцияларын реттеу сол сияқты әділдік және гуманизм принциптерінің маңызын күшейту, олардың тұлғаға жасампаздық ықпал етуі», - деп атап өтті.

Бұл жағдайлар қазіргі қылмыстық-атқарушы саясатта өзінің қолдауын тапты, онда кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушыларға тәрбиелік ықпал ету құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңейту және оларға тағайындалған жазаларды өтеу барысында қатаң элементтердің болу үлесін азайту бірінші кезекке қойылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жазаны орындаудың өзгешеліктерін есепке ала отырып, заң шығарушы ҚР ҚТК «Кәмелеттік жасқа толмаған сотталушының бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеу ерекшеліктері туралы» 17-бөлімін енгізді. Бұл ерекшеліктер мынада көрінеді, тәрбиелеу колонияларында кәмелеттік жасқа толмаған сотталушыларды ұстау жағдайларын мемлекет әрқашан гуманизациялауга барынша күш салды.

Бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды педагогизациялау және гуманизациялау процестері жаңа импульстер алды және қылмыстық-атқарушы жүйені ҚР ИМ кұзырынан ӘМ қүзырына беруге байланысты кері айналмайтын болды. Әсіресе, қылмыстық жазаны орындау барысындағы гуманизация және педагогизация курстары тәрбиелеу колонияларының қызметінде ерекше белгіде көрінеді, бұнда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жазаны орындау барысында қатаңдықтың сөзсіз болатын жағдайларын ТК қызметінің барлық жақтарын педагогизациялау жолдары арқылы ғана компенсациялау мүмкін болады. ҚР ҚАК реформалау процестері адамдар құқығын реттейтін, халықаралық құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда, ал Қазақстанның түзету мекемелерінде сотталғандарды ұстау жағдайы әлемдік стандарттарға жақындап келеді.

Соңғы жылдары тәрбиелеу колонияларындағы лагерьлік атрибутика деп аталатын нәрсе алынып тасталды, тәртіптік изоляторлардың жабдықталулары гуманизацияланды, қысқа мерзімге кездесу беру тәжірибесі қайта қарастырылды, туысқандарымен кездесу өткізу барысындағы кабиналық және телефондық жүйе жойылды, тәрбиеленушілерге қысқа шаш өсіруге және басқалары рұқсат етілді.

Мұнымен қоса, кәмелеттік жасқа толмаған сотталушыға колонияда және одан тысқары жерде ұзақ мерзімді кездесуге; демалыс алуға, оның ішінде түратын жеріне баруы арқылы

туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге; колониядан тысқары жерлерге спорттық және қойылымдық шараларға баруға рұқсат етілді; алынатын заттай салымдардың, заттай берілімдердің және кездесу берулердің саны ұлғайтылды; заттай салымдардан, заттай берілімдерден және кездесу беруден айыру сияқты жаза қолдану түрлері алынып тастал-ды.

Сотталушының жеке қауіпсіздігіне құқығы болуы сияқты құқықтық мөлшердің жаңа түрі енгізілді, бұл тәрбиелеу колониясының лауазымды тұлғаларын сотталушының өзіне төнген қауіп және, осыған орай, өзін қауіпсіз орынга ауыстыру жөніндегі өтініші бойынша кешіктірмей шара қолдануга міндеттеді.

Жазаны орындайтын мекемелердің қызметіне депутаттық және қоғамдық ұйымдар, сол сияқты сотталғандармен кездесіп, шағым арызды шешуге қатыса алатын, қажетті құжаттармен танысу мүмкіндіктері бар жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олар-дың өкілетті тұлғалары тарапынан бақылау кеңейтілді. Тәрбиелеу колонияларындағы аталып өткен өзгерістер кәмелеттік жасқа толмаған сотталушылардың бостандығынан айыру түріндегі жазаларын өтеу ерекшеліктеріне назар салуды жұмылдыруға мүмкіндіктер береді.