Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ювеналдық құқық пәнінен дәрістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488.58 Кб
Скачать

Жапония, Қытай, Кореядағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкер-шілігі

Жапондық қоғамның құқықтық жүйесі қазақстандық ғылымның оны әлі зерттей қоймағандығымен және бұл елде қылмыстық деңгейдің төмендігіне байланысты ерекше қызығушылық тудырады. Жапонияда кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысымен күрес бірқатар нормативтік актілермен, оның ішінде ең алдымен кәмелеттік жасқа толмағандар туралы Заңмен (1948 ж.) және балалардың қолайлы жағдайлары туралы Заңмен (1947 ж.) реттеледі. 2007 жылғы қарашада Жапония Парламенті 1948 жылғы кәмелеттік жасқа толмағандар туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін ауыр қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмағандар үшін жаза қолдану күшейтіліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылудың жас мөлшері 12 жасқа дейін төмендетілді. Полиция 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің қатысы бар қылмыстық істер бойынша тінтулер жүргізіп және заттық айғақтарды алу мүмкіндігіне ие болды.

Ұзақ уақыттардан бері жапондық юстиция, мүмкіндігінше қоғамнан алыстатпай-ақ, тәртіп бұзушылықтың алдын алу және қылмыскерлерді қайта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуге бағыт алуда. Бостандығынан айырылуға жазаланғандардың жартысы шартты түрде ғана сотталады және жаза ретінде мемлекеттің шығындарын кей жағдайларда тол-тырып отыратын айып салу кеңінен қолданылады. Қылмыстық емес сипаттағы тәрбиелік-түзету шаралары, отбасылық соттың жекеше заңдылық ұстанымдары, кәмелетке толмаған жасты пробация қызметінің қарауына орналастыру, делинквентті мінез-құлыққа бейімі бар кәмелеттік жасқа толмағандарды статистикалық есепке алуды жалпы қамтитын жүйелер, «жартылай штаттағы» қызметкерлерді жұмысқа тарту, арнайы жалпы ұлтық қоғамдық ұйымдарды құру бұнда тиімді болып саналады.

Шартты бостандыққа шығу ережелерін бұзған жасөспірім қылмыскерлер қазіргі уақытта бостандықтарынан айырмай, қайта тәрбиелеуге талпыныс жасайтын арнайы оқу орындарына емес, түзету мекемелеріне жіберіледі.

Заңгер-ғалымдардың көпшілігі ювеналдық жасқа тұспа-тұс келетін тұлғаларды жауап беруге қабілетсіздер ретінде айқындайды. Кәмелеттік жасқа толмағандарды жауап беруге қабілетсіз деп тануға болатын жапон заңдылықтарымен келісу қиын, алайда жапондық ғалымдардың қылмыстық жауапкершілік жасына қатысты Жапонияның қылмыстық құқық доктринасын білдіретін мына тұжырымы қызықты: «Қылмыстық кұқық, ең алдымен, қылмыс жасаушыдан оған қылмыстық құқық бойынша жауапкершілік жүктеуге мүмкін болатын және қылмыстық жауапкершілікті алып жүруге қабілетті тұлға болуын талап етеді» (сэ-кини мунореку ся). Мұндайлардың қатарына жақсылықтан зүлымдықты, жақсы істен жаман істі айыра білетін және осы бағамдар бойынша іс-қимылдар жасайтын тұлғалар жатады. Мұндай қабілеті жоқ тұлғалар қылмыстық жауапкершілікті алып жүруге қабілетсіз (сэкинин мунореку ся), ал мұндай қабілеті төмен тұлғалар қылмыстық жауапкершілікті алып жүруге қабілеті шектеулі (гэнтэй сэкинин нореку ся). деп саналады». Жазаланудың шектелген қабілеті азайған жағдайда қылмыстық жауапкершілікті алып жүруге қабілетсіздік шарасы қолда-нылмайды. Жауапкершілікті алып жүру мүмкіндігі «тұлғаның жақсылықтан зұлымдықты айыра білу мүмкіндігін (оның әрекеті заңмен рұқсат етіле ме, соны түсіну)» және осы бағаға сәйкес өзін ұстай білуін білдіреді. Жауапкершілікті алып жүру мүмкіндіктеріне ие емес тұлғаларға қатысты артында қылмыстық жазалау түріндегі санкция тұратын мөлшерлердің өзі күшінде бола алмайды, мұндай тұлғалардың әрекеттерінде жауапкершіліктің өзі де, жазалау мүмкіндігі де жоқ. Жауапкершілікті алып жүру қабілетінің болмауы жауапкершілікті жоюдың негізі болып саналады (сэкинин сокяку гэнъю, сэкинын сокяқу дзию), сонымен қоса, оған қателіктердің болмауы (сакуго) және «оған сену мүмкіндіктерінің» болмауы кіреді.

Мұндай қатынас кәмелеттік жасқа толмаған жастың өз әрекетін түсіну мүмкіндігін психологиялық саралау түрғысынан қызығушылық және құндылық тудырады. Біздің республикамыздағы кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы заңдылықтарды жетілдіру барысында бұл тәжірибені назарға алған дұрыс. Оның үстіне, Жапонияның қылмыстық заңдылықтарының ерекшеліктері және институттары өз құрылымдары бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдылықтарымен (автордың салыстырмалы зерттеулері) біршама ұқсас келеді. Сол сияқты, кәмелеттік жасқа толмағандар туралы Заңда (1948 ж.) кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық танымдарға атүсті қарауы, мінез ерекшелігі, жеткіліксіз әлеуметтендірілуі, олардың қылмыстық құқықтағы жауапкершілігін кәсібилендіреді деп атап өтілген. 14 жас мөлшеріне жетпеген кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ар-найы өзіндік үлгісі қорғау шаралары болып саналады (қауіпсіздік шараларының әртүрлілігі), қорғаулы қадағалау түзету-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру, ал қылмыс-тық жаза тек шектен шыққан жағдайларда ғана қолданылады. Мысалы, 16 жасқа толмаған тұлғаларға қылмыстық жазалау шаралары қолданылмайды, ал 16-дан 20 жасқа дейінгі аралықтағыларға ол өлім жазасымен немесе мәжбүрлі еңбекпен және онсыз да бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қылмыстар үшін ғана қолданылады. Сонымен қоса, кәмелеттік жасқа толмағандарға қылмыстық жаза қолдану үшін олардың өткенін, қоршаған ортасын, жасаған қылмысының жағдайын және ерекшеліктерін толықтай зерттеу қажет. Бұл жерде дамыған жапондық «баланы сүю» дәстүрінің ықпалы ерекше екені даусыз.

Қытайдың құқықтық жүйесінде де өзіндік ерекшеліктер баршылық. Қытайдың ҚК-де кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын қылмыстардың нақты тізімі белгіленбеген. ҚХР ҚК 17-бабында қоғамдық тәртіпке зиян келтіретін (кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, қыз зорлау, ұрлық жасау, есірткі тарату, өрт қою, жарылыс жасау, уландыру немесе басқа) қылмыстар жасаған 14 жастан 16 жасқа дейінгі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп айқындайды. Осы жерде Қазақстан Республикасының ҚК 15-бабында, осындай жастағы тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын 21 қылмыстың құрамы көрсетілгенін атап өту қажет. ҚХР ҚК кәмелетке толмағандардың қылмысы үшін жаза топтарын қарастыратын бөлім жоқ, бұл реттейтін құқықтық қатынастар мөлшерінің жүйесін қалыптастыруға саяси құрылымның ықпал етуін көрсетеді.

Корей Республикасының ҚК үшін конфуциялық идеялардың енуі қолайлы. Кореяның ҚК 11-бабында қандай да болмасын қылмыс жасағаны үшін кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілікте болатын жалпы жас мөлшерлері бекітілген. Алайда, жасөспірім және ересек қылмыскер арасында ешқандай айырмашылықтар қарас-тырылмаған және, тиісінше, кәмелеттік жасқа толмағандарға және ересек қылмыскерге қолданылатын жазалардың түрі де бірдей болып келеді.

Жапония, Корея және Қытай елдеріндегі кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі, еуропалық және америкалық құқық жүйелері біршама дәрежеде әсер еткенімен, шығыстық дәстүрлердің өзіндік қолтаңбасы шеңберінде болатындығын атап өткен жөн.

ТМД және Балтық елдеріндегі кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі

ТМД елдері және Балтық жағалауы мемлекеттерініц қылмыстық заңдылықтары жалпы тарихи тамырластыққа ие және сондықтан да қазіргі уақытқа дейін мөлшерлерінің, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мөлшерлердің бір-біріне ұқсастықтарымен сипатталады.

Жалпы мөлшерлер кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктеріне арналған қылмыстық заңның құрылымдық бөлімдерінің жас мөлшерлік белгілеріне қатысты болады. Мысалы, аталып өткен барлық мемлекеттерде, Эстония және кейбір өзге мемлекеттерден басқасында, қылмыстық жауапкершіліктің жалпы айқындаушысы болып он алты жас белгіленген.

Іс жүзінде осы топтағы барлық елдерде қылмыстық жауапкершіліктің ең төменгі жас мөлшері 14 жас болып айқындалады. Бірқатар Балтық мемлекеттері, мысалы Эстония,

қылмыстық жауапкершілікке тартудың жас мөлшерінің бұл ережелерін он бес жастағылар жалпы және он үш жастағылар арнайы қылмыстық жауапкершілік жасындағылар деп өзгертті. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап күшінде болатын, басыңқы сандық құрамға мыналар енеді: кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр және орташа зиян келтіру, адам ұрлау, зорлау, жыныстық қатынасқа күштеп көндіру, ұрлық, тонау, қарақшылық, еріксіз тартып алу, ұрлау мақсатынсыз автокөлікке заңсыз иелік ету, мүлікті бұзу және қасақана жою, лаңкестік, кепілдікке алу, лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама жасау (Әзірбайжан Республикасының ҚК-де жоқ), бұзақылық, вандализм, қару-жарақ және оқ-дәрілерді ұрлау, есірткі заттарын ұрлау, қайтыс болған адамдардың денесіне және зираттарда зомбылық әрекеттер жасау (Әзірбайжан Республикасының ҚК-де жоқ), жол-көлік құралдарын және қатынас жолдарын қасақана істен шығару. Кейбір мемлекеттерде (Эстонияда) 16 жасқа толғанға дейін ұрлық жасағаны үшін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды.

Кейбір елдерде кәмелеттік жасқа толмаған жастарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтын қылмыс түрлерінің санаттары нақты айқындалған. Айталық, Өзбекстанда бұл санатқа мынандай қылмыстар жатқызылады: кәмелеттік жасқа толмаған және еңбекке жарамсыз тұлғаны асыраудан жалтару, ата-аналарын асыраудан жалтару, кәмелеттік жасқа толмаған жасты әлеуметтік қарсы мінездерге тарту, азаматтардың өтініштері туралы заңдылықтарды бұзу, ұйымдар туралы заңдылықтарды бұзу, сайлау немесе референдумдарды өткізу, экологиялық қауіпсіздіктің талаптарын және мөлшерін бұзу, қоршаған табиғат ортасын ластауы туралы мәліметтерді бұрмалау және қасақана жасыру, қоршаған табиғат ортасының ластануының зардаптарын жою жөніндегі шараларды қабылдамау, билік немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, билік немесе лауазымдық өкілеттігін қасақана пайдалану, лауазымдық салғырттық, биліктің шарасыздығы, лауазымдық алдау, пара алу, әскери және альтернативті қызметтен жалтару, әкімшілік қадағалаудың ержелерін бұзу, кінәсіз адамды жауапкершілікке тарту, сот құқығынсыз үкім шығару, сот шешімін орындамау, заңсыз ұстау және қамауға алу, түсінік беруге мәжбүрлеу, бұйрыққа бағынбау және әскери қызметті атқаруға байланысты бірқатар қылмыстар. Эстон Республикасы қылмыстың 15 құрамын жас мөлшерлері бойынша белгіленген топтарға қоса отырып, жалпы тізімді басқа құраммен толықтырады.

Әйтсе де, бүгінгі уақытта белгілі болған өзгешеліктерге назар аударуға болады. Айталық, Әзірбайжан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Қазақстандық қылмыстық заңдылықтардан ерекшелігі, онда лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат беру және қайтыс болғандардың мәйітін бүлдіріп және оларды жерлеген зираттарды қирату сияқты қылмыстар үшін он төрт жас емес, он алты жас мөлшерін жауапты деп тағайындайды.

Сонымен қоса, кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жазаны, тұтас қылмыстық жауапкершілікті тағайындау және орындаудың ерекшеліктерін қарастыратын жағдайлардың ортақ бағытта болатындығын да атап өтуге болады. ТМД-ның көптеген елдерінің Қылмыстық кодексінің, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жазаның түрін және оларды орындау ерекшеліктерін айқындайтын арнайы бөлімдері болады. Мұндай бөлім Эстония және Молдованың Қылмыстық кодекстерінде жоқ.

ТМД және Балтық елдерінің Қылмыстық кодексінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сот қылмыстық ықпал ету шарасын қолданады деп тікелей және жанама мағынада көрсетіледі. Эстонияда бұл шара 13-тен 15 жасқа дейінгі жас мөлшеріндегілерге ауыр қылмыстың барлық түрлерін жасаған жағдайда, ал 15-тен 18 жас мөлшеріндегілерге тек қана үшінші дәрежедегі ауыр қылмыс жасағанда қолданылады. Бұнымен қоса, тәрбиелік сипаттағы жазалау шарасы және ықпал ету шарасынан басқа, ықпал ету шараларының құқықтық құзыры кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға беріледі (көрсетілген мөлшер процессуалдық емес, материалдық қылмыстық заңда ашылады).

Жаза қолдануды тіркеу туралы Заңмен реттеліп отыратын сотталулар институтының Қылмыстық кодексте болмауы - эстондық заңдылықтардың өзіндік ерекшелігі. Мұнымен қоса, Эстон Республикасының ҚК (ӘР ҚК) кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктеріне толықтай арналған бөлім жоқ. Бұл жағдайлар тиісінше, жазалауға, жаза қолданудың жалпы бастауына, қылмыстық жауапкершіліктен босатуға және жазалауға, дәрігерлік және тәрбиелік сипаттағы ықпал етулерге арналған 3-5 бөлімдерде орналасқан. ТМД және Балтық елдерінің басқа мемле-кеттеріне қарағанда Эстонияда кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары мерзімі өткендігі бойынша қысқартылмайды.

Кәмелеттік жасқа толмағандарды мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығару тағайындалған жазасын өтеу мерзімінің ең кем дегенде жартысын немесе ауыр қылмыс санаты бойынша үштен екісін өтегенде ғана мүмкін болады (Эстония, Қазақстан, Ресей және т.б.).

Түрлі елдерде қылмыстық-құқықтық тәрбиелік ықпал етулер мынандай әрқилы шараларды қолданады:

1) Арнайы білім және тәрбие беру мекемелеріне орналастыру (Эстония, Латвия);

2) Сауықтыру-тәрбиелеу мекемелеріне орналастыру (Эстония);

  1. Келтірілген шығынның орнын толтыру міндетін кәмелеттік жасқа толмағандарға жүктеу (Латвия);

  2. Келтірілген зиянның зардаптарын кәмелеттік жасқа толмағандарға өз еңбектерімен жою міндетін жүктеу (Латвия);

5) Кәмелеттік жасқа толмағандарды ата-аналарының немесе оларды ауыстыра алатын адамдардың, сонымен қоса басқа адамға, мекемеге немесе ұйымның қолына беру (Латвия).

Сол сияқты, кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан болатын тәртіпсіздіктерді болдырмауға бағытталған ескерту шараларының мемлекеттік жүйесін атап өту керек. Бұл бағытта заңдылықтардың және мемлекеттік шаралардың барлық жүйесінің салалары жұмыс істейді. Айталық, мысалы ТМД-ның көптеген елдерінде кәмелеттік жасқа толмағандардың дене шынықтыру және рухани дамуларына жағымсыз тұрғыда ықпал ететін азаматтарға қатысты, оларды ата-аналық құқығынан айыру шаралары қарастырылған және кәмелетке толмаған азаматтарды қорғауға және қомқорлыққа алу жүйесі жұмыс істейді.

Ережеге сай, мұндай органдар жергілікті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады және біршама тиімді жұмыстар атқарады. Болашақ ұрпаққа камқорлық көрсете отырып, кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан болатын девиантты мінез-құлықтардың алдын алуды осылайша қамтамасыз ете отырып, мемлекет баланы басқа отбасында, жетім балаларға және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі мекемелерде (тәрбиелік, емдеу, білім беру және т.б.) тәрбиелеуді, сол сияқты асырап алу және патронаттық тәрбие арқылы (Ресей, Қазақстан), басқа институттардың көмектері ар-қылы балаларды қомқорлыққа алуды қамтамасыз етеді.

Девиантты мінез-құлықтағы кәмелеттік жасқа толмағандарға деген ерекше көзқарас барлық елдерге тиесілі, дегенмен мемлекет пен заң шығарушылардан екі тенденцияны да назарға алатын, осындай шараларды жасауды талап ететін қылмыстың жасарып келе жатқанының жалпы тенденциясын ұмытуға болмайды.

Шет елдердің заңдылықтарын салыстырмалы-құқықтық саралау қылмыстық жауапкершілікке тартудың жас мөлшері түрлі елдерде 10 жастан бастап 14-16 жас аралығында, кейбір жағдайларда 21 жасқа дейінгі мөлшерде болатындығын көрсетеді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың делинквенттігінің жас мөлшері біртіндеп өсуін тарихи тұрғыдан бақылауға болады. Сонымен қоса, бірқатар елдерде кәмелеттік жасқа толма-ғандарға өзгеше шаралар қолдану байқалады, өйткені көптеген мемлекеттер қауіпсіздік және тәрбиелік шараларды, қылмыстық санатқа жатқызбайды. Іс жүзінде барлық мемлекеттер кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігін жас мөлшерлерінің ерекшеліктеріне байланысты дифференциялайды, себебі ол бір елдерде екі топқа, ал кейбірінде үш топқа бөлінеді.

Жалпы әлемдік тенденциялар кәмелеттік жасқа толмағандардың делинквенттік жас мөлшерін төмендетудің қажеттігі жоқ екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясаты да осы бағытты ұстанады. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыстарының жасарып келе жатқандығы мәселесін қалай шешуге болады? «Ювеналдық юстиция» бағдарламасын жүзеге асыруды енгізу және кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі арнайы соттарды құру, девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдердің жауапкершіліктерімен байланысты институттарды жетілдіру және дамытудағы мемлекеттің нақты ұстанымдарын көрсетеді. Бұл жерде әңгіме кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі соттар туралы ғана болып отырған жоқ, сонымен қоса тәрбиелік және басқадай алдын алу шараларының жалпы кешені туралы, девиантты мінез-құлықтағы кәмелеттік жасқа толмағандар және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен жұмыс жөніндегі органдар жүйесін құру туралы болып отыр. Бұл шаралар және органдар жүйесінің жұмысы тек қана қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмағандарды жауапкершілікке тартуға ғана арналып қоймай, сонымен қоса көп жағдайларда тәртіп бұзушыларды анықтауға, есейген делинквенттік жастағы кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталғаны да дұрыс.

Бақылау сұрақтары

1. Кәмелеттік жасқа толмағандарды жауапкершілікке тарту мәселелерін реттейтін ТМД және Балтық жағалауы елдерінің қылмыстық заңдылықтарының негізгі белгілерін анықтаңыз.

  1. Скандинав тобы елдерінің кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық заңдылықтарының негізгі өзгешеліктерін анықтаңыз.

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі мәселелерін реттейтін Еуропа елдерінің қылмыстық заңдылықтарының негізгі сипаттарын анықтаңыз.

  3. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты АҚШ-тың қылмыстық заңдылықтары-ның негізгі белгілерін анықтаңыз.

  4. Әлемдік тәжірибедегі кәмелеттік жасқа толмағандарга қатысты заңдылықтардың дамуының негізгі тенденцияларын атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Жалинский А.Э. Современное немецкое уголовное право. - М: Проспект. 2004.- 560 с.

2. Жетписбаев Б.А. Ювенальная юстиция. - Алматы: Данекер, 2001.- 144 с.

  1. Романов А.К. Правовая система Англии: Учебное пособие. - М.: Дело. 2000.

  2. Келина С.Г. Субъект преступления в современном европейском уголовном праве. Уголовное право России: проблемы и перспективы. - М.: ИГП РАН, 2004.- 161-168 с.

  3. ҚР Президенті қолдаған құқықтық саясат тұжырымдамасы, 20 қыркүйек 2002 ж.

  4. Уголовное право зарубежных стран. Общая часть / Под ред. И.Д. Козочкина. Мл ИМПЭ, 2001. - 550 с.