Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ювеналдық құқық пәнінен дәрістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488.58 Кб
Скачать

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

ЖҚ және АП кафедрасының меңгерушісі

_____________________________

кафедраның оқу-әдістемелік семинарының хаттамасы

_____ «_____»_________2013ж.

_______________________________

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЮВЕНАЛДЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

ПӘНІНІҢ ДӘРІСТІК КЕШЕНІ

ҚАРАГАНДЫ – 2013

1 Тақырып

Ювеналдық құқықтың құрылуының алғы шарттары, оның негізгі түсінігі және қайнар көздері.

Дәрістің мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық қорғау ерекшеліктеріне байланысты теориялық білімді тереңдету және кеңейту, сондай-ақ дағдыларды қалыптастырып бекіту.

Маңызды сөздер: ювеналдық құқық, ювеналдық юстиция, ювеналдық саясат, кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау, кәмелеттік жасқа толмағандардың субъективтік құқықтары мен міндеттері.

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық қорғау ерекшеліктері және оны күшейту қажеттілігі.

  2. Ювеналдық құқық түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі.

  3. Ювеналдық құқық ғылымы. Ювеналдық саясат.

Жастар - аса маңызды фактор, әлеуметтік өзгерістердің құралы және қозғаушысы, инновациялық күш. Бүгінгі қоғамдағы өмір-тұрмыс сапасының түрлі деңгейі көп жағдайда еліміздің ертеңгі белсенді экономикалық тұрғындары - бүгінгі жастардың еңбек әлеуетінің мүмкіндіктерін: оның демографиялық, дәрігерлік-биологиялық сипаттамасын, әлеуметтік қамтылу дәрежесін, білім алу деңгейін, кәсіби дайындығын, саяси және азаматтық көзқарасын анықтайды. Осылайша, болашақ қоғамдық әлеуетті қандай да бір өлшемдерге жеткізу мен барынша жақсарту сияқты маңызды мәселені шешу бүгінгі жас голқынның сапасын жақсартумен тығыз байланыста болады. Сондықтан да пәнаралық білімнің жаңа саласын - ювенологияны - «жастар туралы ілімді» juventilis - жастық, балалық, logos - білім) құру қажеттілігі туындады.

Ювенология жеткіншек ұрпақтың қалыптасуы туралы кешенді понаралық эілімге, оның Ішінде биологиялық және әлеуметтік диалектикалық байланысқа негізделген. Ол - барлық тарихи кезеңде де өзекті мәселе. Осындай маңызды және ғылыми негізделген шешімдерді қажет ететін мәселелердің бірі - келешек ұрпақты әлеуметтендіру, оларға білім, кәсіби дайындық және патриоттық тәрбие беру. Әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде ұлттың салауатты ұрпағын қалыптастыру жағдайларын шешу үшін көбіне білікті мамандардың көмегі қажет болуы кездейсоқтық емес.

Ювенология адамның тірі организм ретіндегі (физиологиялық аспект) қалыптасуы мен есеюі, ойлау қабілеті бар тұлға - адамның қалыптасуы (психоэмоционалдық және әлеуметтік-психологиялық аспект), әлеуметтендіру құралдары арқылы оны қоғам мүшесі ретінде қалыптастыру туралы кешенді білім беруді қарастырады.

Ювенология жастарды онтоногезде оқиды, былайша айтқанда, жас адамның биоәлеуметтік қалыптасуы мен есею механизмін және қоғамның әлеуметтік-демографиялық ерекше тобы - жастарды зерттейді. Жастық дамудың өзара байланыс және өзара түсіністігін құрайтын барлық процестерді, оның мәселелерін зерттеу үшін түрлі ғылыми үрдістерді тарту қажеттігін айқындайды және ювенологияның өз алдына жеке ғылым ретінде туындауы мен қалыптасуын объективті тұрғыдан дәлелдейді. Ювенология пәнаралық білім құрылымына толық енеді және оның үлкен болашағы бар. Ювенологиялық білімнің әдіснамалық және әдістемелік мәселелерін жасау ювенологиялық зерттеулерді ойдағыдай дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар гуманитарлык ғылым, бірқатар нақты ғылыми тәртіп пен олардың өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасы үшін де қажет.

Қазіргі таңда заң ғылымы саласындағы ерекше пән - жасөспірімдердің қатысуымен құқықтық қатынастарды реттеп отыратын құқықтық жаңа саланы енгізу туралы көп айтылуда. Тұрмыс-тіршілік қағидаларының қиындауына байланысты, бұрындары ретке келтірілмеген құқықтық мәселелер үсті-үстіне туындай түсуде.

Шындығында да, отандық заңнамалардың қалыптасуы барысында балалардың мүддесін қорғау мәселелеріне қажетті деңгейде көңіл бөлінген емес. Отандық отбасылық құқық тарихы олардың қатаң кемсітілгенін көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың толық түрде қорғалмағаны айқын байқалады.

Жаңа саланы құру туралы ұсыныс азаматтык, қылмыстық, отбасылық құқықтар сияқты жетекші ғылымдардың уақыт талаптарына сай өзгере білмеуінен туындап отыр, өйткені жастар мәселесі жедел түрде араласуды талап етеді және дәстүрлі құқық салаларындағы қолданыстағы заңдылықтарда қашан өзгеріс болатынын тосып тұра алмайды.

Балалар құқығын қорғаудың қолданыстағы механизм ювеналдық юстиция болып табылады. Ювеналдық юстиция дегеніміз - жасөспірімдер үшін арнайы құқықтық тәрбие жүйесі. Оның басты міндеті - жасөспірімдердің құқық бұзушылығы туралы істерді жай ғана қарау емес, нақты балалар құқығын қорғау.

Қазақстан Республикасы үшін қандай да болмасын Конвенцияны орындау жөнінде халықаралық құжатты қабылдау арқылы демократиялық қоғамды дамыту өзгермейтін қағида және ұстаным болып табылады.

Қандай да болмасын Конвенцияға қол қойғаннан кейін, қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсарту және азаматтардың құқығын сақтау мақсатында заң шығарушы және атқарушы жүйеде міндетті түрде өзгеріс болады.

Балалар құқығын сақтауға қол жеткізу тұрғысындағы маңызды бағыттардың бірі - балалардың қараусыз қалуының алдын алуға, заңмен қарама-қайшылықтағы балалардың құқығын сақтауға бағытталған нақты шаралардың қабылдануы.

Бұл механизмді ювеналдық юстиция немесе кэмел еттік жасқа толмағандарға қатысты заңдылық деп атауға болады. Ювеналдық юстиция - кәмелеттік жасқа толмағандар үшін ерекше заңдылық жүйесі, оның негізінде мемлекет, тұлға және асыраушысы ретінде оларды қауіпті мінез-құлықтардан және зиянды ортадан қорғай отыра кәмелетке толмаған жастарға жауапты болып табылатын доктрина жатыр.

Бұл ұстаным екі идеяға негізделген: біріншіден, жасөспірім өзінің өсу деңгейі бойынша іс-әрекетін ұғынуға және ол үшін толық жауапкершілікте болуға қабілетті емес.

Екіншіден, жасөспірім алдағы уақытта қандай да болмасын заң бұзушылыққа итермелеуге ьштасы болмайтын, қайта тәрбиелеуге нақты көнетін жаста.

Осылайша, ювеналдық юстицияда заң бұзушылықтың өзінен гөрі заң бұзушы маңыздырақ.

Ювеналдық юстицияны институттандыру (соттар және әлеуметтік қызмет) бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал ете алады:

  • кәмелеттік жасқа толмағандардың дамуына тиімді ықпал ету және қажетсіз тенденциялардың болуына шектеу жасау;

  • өзін-өзі басқару органынан бастап орталық атқарушы органға дейін барлық деңгейде басқарушылық ықпалды жүзеге асыру;

  • жеткіншектің жалпы тұлғалық кешенді қалыптасуына барынша ықпал жасау;

  • кәмелетке толмаған жастың ықтимал кертартпа мінезін саралау және құқықтық еріксіз шараларға бармай-ақ, тәрбиенің әлеуметтік бағдарламасын қолдану;

  • ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы болып табылатын белгіленген стратегиялық әлеуметтік-құқықтық және педагогикалық мақсатқа қол жеткізу.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көтерілуіне байланысты балалық шақты арнаулы құқықтық қорғаудың жүйесін құру мемлекеттің алдағы уақыттағы дамуы мен гүлденуінің артықшылықты міндеттерінің біріне айналып отыр.

Ересек өмірдің талаптарына кәмелетке толмағандардың жастарына байланысты бейімделуі өте қиын, құқықтық қорғанысты күшейту жолы арқылы бұл олқылықтың орны тола алады. Арнайы ювеналдық юстиция институтын енгізуге осы мысал да толық негіз болады.

Кейінгі уақытта қоғамның да, мемлекеттің де тараптарынан кәмелетке толмаған жастардың құқығын қорғау мәселелеріне деген қызығушылығы артты.

Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, балалар құқығы жөніндегі Конвенцияға қол қою, «Қазақстандағы ювеналдық юстиция» халықаралық жобасын жүзеге асыру осыны дәлелдейді.

Дегенмен, республикадағы ювеналдық юстиция қалыптасу жүйесін бастан өткеруде, сондықтан да оның бағдарламасын жасауға және жекелеген элементтерді дайындауға ерекше назар аударылғаны жөн.

Ұлттық заңдылық құжаттары Қазақстанда кәмелетке толмаған жастарға қатысты құқық қорғау тұрғысында арнайы жүйенің не олардың ісі жөнінде соттардың жоқ екендігін дәлелдейді. Үкім шығаруды ересектер үшін үкім шығаратын, жалпы құқығы бар соттар жүзеге асырып келеді.

Кәмелетке толмаған жастар ісімен арнайы айналысатын қорғаушылар да жоқ. Кәмелетке толмаған жастар ісі бойынша айыптау, қорғау және барлық процестер тәртіп бұзушы кәмелетке толмаған жастар үшін бекітілген қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-орындалу заңдылықтарына сәйкес, негізінен жалпы ережелер мен процедуралар бойынша жүргізіледі.

Кәмелетке толмаған жас уақытша ұсталған немесе қамауға алынған жағдайда, қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген оның ата-анасына немесе басқадай заңды өкілдеріне, жақын туыстарына олардың жағдайы жөнінде шұғыл хабарлау туралы мөлшерлер көбіне өрескел бұзылады. Кәмелетке толмаған жастарға қатысты полицияның оларды тұтқындау сияқты шараларды кеңінен қолдануы ерекше алаңдаушылық туғызуда.

Балалар құқығы жөніндегі Конвенцияның 40-бабында «бала қылмыстық заңдылықты бұзған немесе оны бұзғандығы жөнінде айыпталған болып есептелсе, оның кінәсі дәлелденгенше, ол кепілдікте болады» деп жарияланған.

Алайда, «Балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында олардың жауапкершілік ерекшеліктері тұрғысындағы кепілдігі турасында айтылмайды, тек жай ғана Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сілтеме жасалады.

Гавана Конгресінің (1990 ж.) ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюцияның бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған жастарды қорғауға байланысты Ережесінде «кәмелетке толмаған жастарды түзеу мекемесіне жіберу ең қатал шара ретінде ғана және мүмкіндігінше ең аз мерзімге ғана қолданылуы керек» деп атап өтілген.

Бұл ереже Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстық жауапкершілігі туралы» Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде назарға алынған: «Шамалы немесе орташа ауыр қылмыс жасап, бірінші рет сотталып отырған кәмелетке толмаған жасөспірім, түзелу тәрбиелік сипаттағы еріксіз шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деп танылған жағдайда, сот арқылы жазадан босатылуы мүмкін» (ҚР ҚК 81-бабы).

Дегенмен, соттардың бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған тұлғаға, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған жастарға азғантай ғана қылмыс бұзғандығы үшін бостандығынан айыру шарасын қолданған жағдайлары белгілі.

2007 жылғы 23 тамыздағы Президент Жарлығы еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары үшін арнайы сот өндірісі жүйесін құру қажеттігі жөніндегі ұзақ жылдарға созылған қарама-қайшылыққа нүкте қойды.

Астана және Алматы қалаларында тәжірибе ретінде кәмелетке толмаған жастар ісі жөнінде арнайы ауданаралық соттар құрылады, оларда кәмелетке толмаған жастардың мүдделеріне қатысты қылмыстық, азаматтық істер, сол сияқты әкімшілік тәртіп бұзушылық жөніндегі істер қаралатын болады.

Бұл шешім қабылданудан бұрын «Қазақстандағы ювеналдық юстиция» жобасы шеңберінде Алматы каласы мен Алматы облысында төрт жыл бойы тәжірибе жүргізілді және ол үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан да қаржыландырылып отырды.

Тәжірибе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алудың қалыптасқан жүйесі және әлеуметтік қызметтердің белсенді жұмыстарымен бірге ювеналдық соттардың қызметі жасөспірімдер арасында қылмыс жасау деңгейінің біршама төмендеуіне қөмектескендігін көрсетті. Басқаша айтқанда, ювеналдық соттарды құру барлық сот жүйесін арнайыландыру, заң бұзуына байланысты қатаң сот құрсауына тап болған кәмелетке толмаған жастардың құкығы мен заңды мүдделерін сақтау жөніндегі мемлекеттің заңды қадамы болды. Ендігі мәселе - олардың нақты жұмыс істеуі, өйткені соттарды құрумен шектелмей, жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу мен әлеуметтік қолайсыз отбасыларына бақылау жасаудан бастап, жазаның бұлжытпай орындалуымен аяқталған ювеналдық юстиция жүйесін қалыптастыру қажет. Соттарға әлеуметтік қызметтердің үлкен көмегі қажет, ол бізде бүгінде жеткілікті деңгейде емес. Ювеналдық сот өндірісінде бірқатар арнайы дайындалған тергеушілер, қорғаушылар және соттар болуы қажет, өйткені жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал алаңдаушылық туғызады.

Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс жасау мәселесі Қазақстанда өте өткір әрі өзекті мәселенің бірі ретінде қалуда. Құқықтық статистика жөніндегі Комитеттің және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы есебінің мәліметтері бойынша, жыл сайын қылмыс жасаған 7000-нан астам кәмелетке толмаған жастар анықталып, олардың жартысына жуығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мұнымен қоса, кейінгі жылдары кәмелетке толмаған жастардың қатысумен жасалған қылмыс саны ұлғая түскендігі де байқалады: 2003 жылы - 6614 қылмыс, 2004 жылы - 7948, 2006 жылы - 8000-ға жуық. 2007 жылдың тек бірінші жартысында кәмелетке толмаған жастар 5000-ға жуық құқық бұзушылыққа жол берген.

Кейінгі 9 жылда кәмелеттік жасқа толмаған жастарды уақытша оқшауландыру, бейімдеу және реабилитациялау республикалық Орталығына 70 мыңға жуық қараусыз және қаңғыбас балалар орналастырылған, олардың 11 мыңға жуығы балалар үйі мен мектеп-интернаттарға жіберілген.

Бүгінде тиісті материалдық база мен арнайы даярланған мамандар жоқ. Орталықтар мен арнайы оқу орындарында психолог, тәрбиеші және мұғалімдердің жетіспеуі де үйреншікті мәселеге айналған. Негізінде, осы жерлерде жасөспірімнің қылмысқа бейімділігін түп-тамырымен жұлып тастап, оны дұрыс жолға салып жіберуге болады. Басқадай жағдайда жасөспірімдердің қылмыс жасауы мен қараусыз жүруі өріс ала беретін болады.

Бұл жерде мемлекеттің күшті қолдауы болса, барлық шығындар ондаған жылдар өткеннен соң қылмыскер емес, оның орнына қоғамның барлық әр түрлі салаларына қатысуға бейімді салиқалы, белсенді және завды құрметтейтін азаматты алғанда барып бір-ақ кайтады.

Ювеналдық сот ендірісі жүйесі міндетті түрде тиімді алғашқы алдын алу жұмыстарымен ұштасып отыруы қажет. Бүгінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Комиссияның құрамында түрлі мекемелердің мамандары бар, бірақ бірыңғай басқару орталығы жоқ. Сондықтан да олардың жұмысының тиімділігі төмен. Қиын мінез-құлықты балалардың, айталық ата-аналары ішкілікке салынып кеткен (тоқтаусыз арақ ішетін) отбасыларындағы балалардың қоршаған ортаға қаншама қауіптілігін білу үшін әлеуметтік қызметтердің есебіне алу және шұғыл шара қолдану қажет.

Өкінішке қарай, үнемі осылай бола бермейді, көптеген жағдайда комиссия жалған жұмыс істейді. Сондықтан ювеналдық юстицияның қалыпты жұмысы үшін осы мәселелермен айналысатын барлық әлеуметтік қызметтің, барлық мекемелердің жұмыс үлгісі мсн әдісін қайта құру керек.

Кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастардың құқығын қорғау, оларға тиісінше жағдайларды қамтамасыз ету, балаларға қатысты қатаң шаралар қолдаиуын қысқарту ювеналдық юстиция жүйесін құруда алға бірқатар маңызды мәселелер тартады.

Барлық мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің, соттар, әкімшілік және заң шығарушы органдардың балалар өміріне қатысты орындайтын барлық істерінде бірінші кезекте олардың мүддесінің ең жақсы қамтамасыз етілуіне назар аударуды талап ететін балалар құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының 3-бабының ережесі осы жүйені жасау барысында негізгі принцип болып қабылдануы қажет.

Ювеналдық юстиция біршама гуманитарлық-процессуалдық нормаларға сәйкес құрылуы қажет және осылайша кәмелетке толмаған тәртіп бұзушылар үшін әр түрлі әлеуметтік және тәртіп сақтау қызметін, отбасы мен кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі соттар жүйесін өзіне біріктіре алар еді.

Ювеналдық юстиция жүйесіне, кең тұрғыда алғанда, мыналар енуі қажет:

  • ювеналдық соттар институты;

  • ювеналдық прокуратура;

  • балалар адвокатурасы;

  • балалар құқығы жөніндегі өкілетті агенттік;

  • әлеуметтік мекемелер инфрақұрылымы және әлеуметтік қызметкерлер институты.

Тікелей қылмыстық жаза жасөспірімдер үшін төтенше шара, сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты қылмыстық жазалармен байланысты емес тәрбиелік ықпал ету шараларын жүзеге асыруға, жасөспірімді түрлі әлеуметтік-психологиялық және сауықтыру бағдарламаларына бейімдеуге негізделген кең тараған құқық қолдану тәжірибесі болуы керек.

Осылайша, ювеналдық юстиция:

  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың тиімді алдын алуды;

  • кәмелетке толмағандарға қатысты қандай да болмасын құқықтық шешімнің әділдігін;

  • олардың өмірі мен тәрбиесі, сол секілді олардың жасаған құқық бұзушылығы жағдайларына байланысты азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді шешу барысында кәмелетке толмағандар мен жастардың завды мүдделері мен құқықтарын қорғауды;

  • барынша қолайлы өмір жағдайында бала тұлғасын әлеуметтендіруді қамтамасыз етуі қажет.

Ювеналдық юстицияны қалыптастыру елімізде арнайы әзірленген мамандарды дайындау жүйесін құрумен байланысты болады. Сондықтан да көрсетілген нысандарға қатысты құқықтық, медициналық, психологиялық және басқадай мәселелерді тереңдетіп оқу үшін педагогикалық саладағы жоғарғы оқу орындарының жанынан кәмелетке толмаған жастардың әлеуметтік-құқығын қорғау бөлімі, заң саласындағы жоғарғы оқу орындарында ювеналдық юстиция органдары үшін соттар, тәртіп сақтау органы қызметкерлері мен адвокаттар даярлайтын арнайы бөлімдер ашу қажет. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтық даму Концепциясы ережелерін жүзеге асыру осы құқықтық институттың барлық аспектілерін қамтитын «Ювеналдық юстиция туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын ювеналдық юстицияның автономды жүйесіне сатылап өтуді жүзеге асыруға, оны қалыптастыруға және оның дамуына жол ашады.