Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Метод.указ. к сем. по Филос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
750.59 Кб
Скачать

5)Бақылау сұрақтары

1.Орыс философиясы дамуының негізгі сатыларын атаңыз.

2.Орыс философиясындағы материалистік бағыттың негізгі өкілдерінің идеяларын атаңыз.

3.Орыс консерватизмінің негізгі сипаты қандай?

4.А.И.Герценнің шығармашылығының маңыздылығы неде?

5.Батысшылдық бағыттың негізін сипаттаңыз.

6.Славяншылдардың философиялық көзқарастары мен өзіндік белгісін ашып көрсетіңіз.

7. «Халықшылдықтың» орыс философиясындағы мазмұны қандай?

8.В.Соловьевтің философиясындағы біртұтастықтың тарихи ролі қандай?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар. Сызбаға көңіл аударыңыз: Орыс философиясы

Орыс философиясының жалпы сипаттамасы

  1. Орыс философиясының жалпы ұғымы және негізгі белгілері

Орыс философиясы пәні

Адам проблемасы

Космизм (космосты біртұтас организм ретінде қабылдау)

Мораль және құлықтылық проблемалары

Россия дамуының тарихи жолын таңдау проблемасы – Шығыс пен Батыс арасындағы (орыс философиясының аса ерекше проблемасы)

Билік проблемасы

Мемлекет проблемасы

Әлеуметтік әділеттілік проблемасы (орыс философиясы бұл мәселемен сіңісіп кеткен)

Идеалды қоғам проблемасы

Болашақ проблемасы

  1. Ерте орыс философиясы (оның пайда болу кезеңі және ерте христиандық)

Россияның ежелгі орыс философиясы мен ерте христиан философиясының дүниеге келу кезеңі ІХ – ХІІ ғ.ғ. сәйкес келеді. (Ежелгі орыс мемлекеті Киевтік Русьтің пайда болу кезеңінен феодалдық бытыраңқылық және монғол – татар жаулап алу уақыты аралығына сәйкес)

Ерте орыс философиясының негізгі тақырыптары

Өкілдері

Илларион (негізгі шығармасы – «Слово о законе и Благодати», мұнда христиан діні популяризацияланған және талданған, оның Русь кезіндегі және болашақтағы ролі туралы сөз қозғалған.)

Владимир Мономах (негізгі шығармасы – «Үйрету», ол моральды – құлықтылық философиялық кодексі, мұнда келешек ұрпаққа өсиеттер айтылған, сонымен қатар жақсылық пен жамандық, батылдық, шындық және басқа да моральды құлықтылық сұрақтары талданған.)

Климент Смолятич (негізгі шығармасы – «Фема ақсақалға жолдау», философиясының негізгі тақырыбы – ақыл және таным проблемасы);

Филипп Пустынник (негізгі шығармасы – «Жылау», дене мен рух өзара қарым-қатынас проблемасы, тәнге және жанға қатысты проблемаларды қозғайды.)

Мораль және құлықтылық проблемалары

Христиан дінін түсіндіру, оны пұтқа табынушылықпен байланыстыруға әрекет

Мемлекет

Құқық

Табиғат

Табиғат

  1. ХІІ – ХҮІІ ғ.ғ. орыс философиясы

ХІІ – ХҮІІ ғ.ғ. орыс философиясының құрылу кезеңі монғол-татар езгісінен босау үшін күресу кезеңі мен орталықтанған Орыс мемлекетінің (Мәскеулік)

өкілдері

ХІІ – ХҮІІ ғ.ғ. орыс философиясының негізгі тақырыптары

Орыс руханилығын сақтау

Христиандық

Бостандық үшін күрес

Мемлекеттің құрылуы

Таным

Сергей Радонежский (ХІҮ ғ.) – діндар философ, христиан дінінің күшін және қуатын, әмбебаптығын және әділеттілігін ең негізгі идеал деп санады; орыс халқының нығаюын, монғол-татар өзгісінен құтылуын қалады.

Философий (ХҮІ ғ.) – христиандық дін ілімі сұрақтарымен айналысқан, христиан дінінің Рим-Констаниополь – Москва линиясы бойынша жүретін жолының жалғасуын қалаған («Москва – Үшінші Рим»)

Максим Грек (1475-1556) – моральды-құлықтылық құндылықтарын қолдаған, сыпайылық пен аскетизмді жақтаған, патша билігі мен монархия идеологы болған, негізгі мақсаты болып халыққа қолдау көрсету және әділеттілік деп санады.

Андрей Курбский (1528-1583) – оппозициялық әлеуметтік – саяси философияның идеологы болған, патша билігіндегі деспотизмнің шектеулігіне, бостандыққа, құқыққа, таптық-уәкілдік монархияға қарсы болған. Иван Грозныймен сырттай сөзбен қақпайласуға түскен.

Нил Сорский, Вассиан Патрикеев – шіркеу реформасын қолдаған, шіркеудің бастылығы менсалтанаттылығын, шіркеудің халыққа жақындығын түп-тамырымен жою «тойымсыздар» (не стяжатель) қозғалысының идеологтары болған. (Бұрынғы шіркеу негіздерін сақтап қалудың жақтаушыларына қарсы күрескен.)

Аввакиум және Никон-шіркеудің жаңаруын қолдап күрескен, бірақ тек идеологиялық мағынада ғана. Никон ырымдар реформасы деңгейіне көтеруді қолдаса, Аввакиум ырым-жораларды еске сақтауды қолдаған.

Юрий Крижанич (ХҮІІ ғ.) – орыс теологиясында схоластиканың дамуы мен схоластиканың өзіне қарсы болған. Біріншіден ол гносеология сұрақтарымен шұғылданған; екіншіден рационалды және тәжірибелік (эмпирикалық) танымды қолдаған; барлық дүниенің түпнегізін құдай деп таныған.

4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]