Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Метод.указ. к сем. по Филос.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
750.59 Кб
Скачать

3) Семинар жоспары:

1. ХҮІІІ-дың 2 жартысындағы және ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы неміс философиясының классикалық сипаты.

2. Неміс философиясының негізін қалаушы И.Канттың өмірі мен шығармашылық қызметі.

3. И.Канттың философияда жасаған "коперниктік төңкерісі.

4. Г.Гегельдің идеалистік жүйесі.

5. Г.Гегельдің диалектикалық тәсілі.

6. Л.Фейербахтың идеалистік философия мен дінді сынауы.

7. Л.Фейербах философиясының антропологиялық сипаты.

4) Блиц-тест

1. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы:

А) Кант.

В) Гегель.

С) Фейербах.

D) Шеллинг.

Е) Фихте.

2. Сыни кезеңге дейін Кант негізінен

А) ғалым.

В) философ.

С) ағартушы.

D) жазушы.

Е) ұстаз.

3. Философтар есімдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз: Кант-Фихте - Шеллинг….Фейербах:

А) Гегель.

В) Гердер.

С) Гете.

Д) Маркс.

Е) Лейбниц.

4. И.Кант ілімін сипаттаңыз:

А) таным табиғатын ашқан, философияда төңкеріс жасаған ілім.

В) объективтік идеализм.

С) панлогизм.

D) антропологиялық материализм.

Е) гносеологиялық оптимизм.

5. И.Кант бойынша дүниені бірегей тұтастығында ойлауға, сөйтіп өзіндік заттар дүниесін тануға бет алған ақыл-ой кезігетін шешілмейтін қайшылық қалай аталады?

А) антиномия.

В) апория.

С) дилемма.

D) антитезис.

Е) триада.

6. Таным белсенділігі жөніндегі идеяны алғаш ұсынған:

А) Кант

В) Фихте

С) Гегель

D) Фейербах

Е) Маркс

7. Пайымның категориялары тәжірибеге дейін берілген және өзіндік заттар дүниесіне ешқандай қатынасы жоқ дейтін И.Кант:

А) априоризм.

В) монизм.

С) реализм.

D) гилозоизм.

Е) пантеизм.

8. Категориялық императив ұғымын ұсынған:

А) Кант.

В) Спиноза.

С) Фихте.

D) Гегель.

Е) Маркс.

9. "Өзіндік зат":

А) танылмаған нәрсе

В) утопиялық ұғым

С) ешқандай мәні жоқ атау

D) сыртқы дүниедегі нәрсе

Е) идеалистік ұғым

10. И.Фихтенің негізгі шығармасын көрсетіңіз?

А) "Ғылым-ілім".

В) "Логика ұғымы".

С) "Христиандықтың мәні".

D) "Таза ақылды сынау"

Е) "Табиғат философиясының идеялар".

5) Бақылау сұрақтары

1. "Сыни" кезеңге дейін И.Кант қандай мәселелермен көбірек айналысты?

2. Канттың философияда жасаған "коперниктің төңкерісінің" мәнісі неде?

3. "Өзіндік зат" деген Канттың ұғымы нені аңғартады?

4. Канттың этикасының басты қағидалары.

5. Канттың "Антропологиясының" негізгі сұрақтарын талда.

6. Немістің классикалық философиясындағы И.Фихтенің орны қандай?

7. Ф.Шеллингтің қандай идеялары дүниенің қазіргі ғылыми көрінісіне сай келеді?

8. Г.Гегельдің философиялық идеяларының жаңашылдығы неде?

9. Гегель тарихты қандай позиция тұрғысынан түсіндіреді?

10. Гегельдің: "Шындықтың бәрі ақылға сыйымды, ақылға сыйымдының бәрі шындық" деген қағидасын түсіндір.

11. Маркс пен Энгельс Гегель ілімінің "рациональдық дәні" неде деп білді?

12. Л.Фейербах діннің мәнін қалай түсінеді?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар. Сызбаға көңіл аударыңыз: Иммануил Кант (1724-1804 ж.)

Кант философиясы – философиядағы Коперниктік төңкеріс. Әрбір философия әрбір тәжірибенің негізі бола алатын әлемнің абсолютті ақиқаттарын емес, сана әрекетінің түпнегізі бола алатын сол тәжірибенің шарттары мен негізін көрсетуге міндетті.

Априоризм – адам санасының тәжірибеге дейінгі сезім формалары ақыл-ой мен парасаттың жеке сипаты туралы ілім.

Танымның қоғамдық сипаты

Мәселе: Жалпы және қажетті синтетикалық білімнің мүмкіндігі қандай?

Шешім: Танымның априорлық конструкцияларының арқасында.

«Мен» - трансцендентальдық субьект

т аза ақыл-ой сараптаушы парасат сезімдік түйсіну Әлем

«бізге арналған зат» «Өзіндік зат»

құбылыс

3 бірлік идеясы 12 сараптаушы парасаттың

Құдайдың категориясы

Әлемнің

Жанның

Математика және физика ғылым болуы мүмкін, айқындаушы заңдары: сезімдік пен сарапталушы парасаттың априорлық конструкциясының көмегімен.

Философия ғылым болуы мүмкін емес, әйтпесе ол тәжірибе шегінен шығуға мәжбүр.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.)

Гегель философиясы «бұрынғы жүйелермен салыстырғанда өте үлкен аймақты қамтиды, және бүгінге дейінгі таңқаларлық ойдың байлықтарын дамытты» (Энгельс)

Канттың «Өзіндік зат» біздің санамыздан «тыс» деген тұжырымына қарсылық білдірді.

Яғни «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген идеясына сын айтты.

Г егель

Мән мен болмыстың диалектикалық бірлігін тұжырымдады.

Гегель философиясы – ойлау мен болмыстың тепе- теңдігі философиясы

Табиғат пен қоғамнын барлық құбылыстарының негізі-абсолют, «абсолюттік идея», «дүниежүзілік ақыл-ой». Бұлар нақты әлем, табиғат пен қоғамнан бұрын да өмір сүрген.

Сана бұл түпнегіз, осы сана арқылы барлық ақиқат өз болмысына ие болады.

Абсолюттік идея барлық табиғи және руханилықтың нағыз жалпысы барлығынан тыс тұрады және солардың негізі болады.

Идея 3 формада болады:

  1. таза логикалық мән түрінде

  2. табиғаттың басқа болмыс идеясы түрінде

  3. нақты рухтың әртүрлі формаларында

Гегель философиясының құрамды бөлігі:

  • логика

  • табиғат философиясы

  • рух философиясы

Абсолюттік идея

Алдын-ала белгілеу – таным, табиғаттан идеяларды алу.

Заттың рухтан туатыны туралы алдын-ала белгілеу

Табиғат

Рух

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]