Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Метод.указ. к сем. по Филос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
750.59 Кб
Скачать

5)Бақылау сұрақтары

  1. Жаңа заман философиясы дамуының алдыңғы дәуірлердегі философиялардан айырмашылығы қандай?

  2. Рационализм және эмпиризм ғылыми пікірталасының мағынасы неде?

  3. «Картезиандық күмандану» идеасы мен Р.Декарттың рационалистік әдісінің мәні неде?

  4. Спинозаның рационалистік метафизикасының негізгі идеасы неде?

  5. Теоретикалық ғылымның және философияның мүмкін еместігін түсіндіру үшін Д.Беркли мен Д.Юм қандай аргументтер келтірді?

  6. Г.Лейбниц монадалогиясы дегеніміз не және оның универсалды әдісінің мағынасы неде?

6) Глоссарий

р/р

ұғым

анықтамасы

1.

Монизм

-тек бір ғана алғашқы бастаманы мойындайтын философиялық ағым.

2.

Дуализм

(лат. Dualis-екіжақты)-екі ғана бастаманы (материя және сана) мойындайтын философиялық ағым.

3.

Плюрализм

-көп түрлі бастаманы мойындайтын философиялық ағым.

4.

Эмпиризм

-танымның қайнар көзі тәжірибеде деп санайтын философияның бір ағымы.

5.

Рационализм

-танымның қайнар көзі ақыл-ойда деп санайтын философияның ағымы.

6.

Монада

-бірлік. Кең мағынасында космостық немесе индивидуалдық өмір сүрудің бейне бір бөлшегі. (Мысалы, Лейбництің ілімінде немесе теософияда).

7.

Индукция

-жеке ұғымнан жалпы ұғымдарға қарай бағытталып ойқорытынды жасау.

8.

Дедукция

-жалпы ұғымдардан жеке ұғымдарға қарай бағытталып ойқорытынды жасау.

7) Мәнжазба тақырыптары

  1. Капитализмнің құрылуы. Жаратылыстану ғылымдарының дамуына деген қажеттілік.

  2. Ф.Бэкон философиясындағы натуралистік дүниетаным.

  3. Т.Гоббстың механикалық материализмі.

  4. Т.Гоббстың мемлекет туралы ілімі.

  5. Р.Декарт философиясындағы рационализм.

  6. Дж.Локк сенсуализмі.

  7. Жаңа заман философиясындағы адам мәселесі.

8) Әдебиеттер

  1. Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Құрастырған Т.Ғабитов. – А.: Раритет, 2004.

  2. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – А.: «Білім», 2001. Философия в схемах и таблицах: Учебное пособие для вузов /С.Р.Аблеев. – М.: Высшая школа, 2004.

  3. Философия тарихы: Оқулық. /Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. – А.: Жеті жарғы, 1999.

  4. Краткий философский словарь. Под редакцией А.П.Алексеева. Издание 2-е, переработанное и дополненное. – ПБОЮЛ, М.А.Захаров, 2001.

  5. Соколов В.В. Европейская философия.ХҮ-ХҮІІІ вв. М., 1996.

  6. Рассел Б. Спиноза Б. Избранные. Минск «Попури», 1999.

  7. Мудрость Запада. М., 1998.

    1. №7 Сабақ

Тақырып ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

    1. Сабақ мақсаты Студенттерге немістің классикалық философиясының ерекшеліктері мен тарихи маңызын түсіндіру. Неміс философиясын Батыстағы идеалистік философиясының ең жоғарғы сатысы ретінде сипаттау. Неміс философиясының, соның ішінде И.Канттың, Г.Гегельдің Л.Фейербахтың философиялық ілімдерінің ішкі қайшылығын, консервативтік және прогрессивтік жақтарын ашу;

Кешегі Кеңес дәуірінде И.Кант ілімінің лайықты бағасын ала алмағанын, теріске шығарылып келгенін ескере отырып, оның құнды, жаңашыл қағидалары мен идеяларына баса көңіл бөлу; студенттерге философияда Кант жасаған "коперниктік төңкерістің" мәнін түсіндіру;

Студенттерге Г.Гегельдің ілімін батыстағы классикалық шынайы философияның үлгісі ретінде таныстыру, Гегель негіздеген объективтік идеализмнің нақты шындыққа жақындығын көрсету. Гегель философияның ғылыммен, дінмен, өнермен, тарихпен, құқықпен, саясатпен байланысы қандай болатынын, қандай болуы керектігін көрсетті. Гегель ілімінде философия теориялық пайымдау, ғылым дәрежесіне көтерілді. Гегель негізін қалаған идеалистік диалектиканың мәні мен маңызын және сыңаржақтылығын студенттерге түсіндіру;

Л.Фейербахтың өзінің ұстазы Гегельдің ілімін және христиан дінін қатал сынауының мәнісін ашу. Фейербах философиясының антропологиялық бағытын түсіндіру;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]