- •§ 1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •§ 2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
- •§ 3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •§ 4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
- •§ 1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер.
- •§ 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
- •§ 3. Жаңа замандағы саяси ой.
- •§ 5. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
- •§ 6. XX ғасырдағы саяси ілім
- •§ 4. Марксистік саяси идеялар.
- •II б ө л і м. Билік және саяси жүйе
- •§ 1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар
- •§ 2. Биліктің түрлері
- •§ 3. Биліктің қызметтері мен жіктелуі
- •§ 4. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі
- •§ 5. Саяси тәртіп (режим)
- •§ 1. Саяси жүйе туралы ұғым
- •§ 2. Саяси жүйенің құрылымы
- •§ 3. Саяси жүйенің жіктелуі
- •§ 1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
- •§ 2. Демократияның антикалық теориясы
- •§ 3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
- •§ 4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
- •§ 1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні
- •§ 2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
- •§ 3. Қазіргі сайлау жүйесі
- •§ 4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
- •§ 1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
- •§ 2. Саяси партиялардың жіктелуі
- •§ 3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- •§ 4. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
- •III б ө л і м. Саясаттың субъектілері. Адам және саясат
- •§ 1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі
- •§ 2. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
- •§ 3. Саяси жетекшілік туралы ұғым
- •§ 4. Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері
- •§ 1. Тұлға - саясаттың субъектісі мен объектісі
- •§ 2. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары
- •§ 3. Жеке адамның құқықтарының жіктелуі
- •§ 1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •§ 2. Кеңестік қоғамдағы және біздің қазіргі кездегі әлеуметтік жіктелуіміз
- •§ 3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
- •§ 4. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері
- •§ 5. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
- •§ 1. Саяси сана және саяси идеология
- •§ 2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
- •§ 1. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
- •§ 2. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер
- •§ 3. Саяси мәдениеттің жіктелуі
- •§ 4. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні
- •§ 5. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері
- •§ 6. Саяси әлеуметтенудің типтері
- •IV б ө л і м. Саясаттағы өзгерістер мен сыртқы саясат
- •§ 1. Саяси жанжалдар
- •§ 2. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
- •§ 3. Этносаяси жанжалдар
- •§ 1. Саяси процесс туралы ұғым
- •§ 2. Саяси процестің жіктелуі
- •§ 3. Саяси процеске қатысу түрлері
- •§ 4. Саяси даму мен бейімделудің мәні
- •§ 5. Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
- •§ 6. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
- •§ 1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
- •§ 2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
- •§ 3. Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
§ 3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ыктиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін кабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін қалаушылар да адамның ұтымды, баянды (рационалды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясатқерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, кулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайлы, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер (1883-1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумлетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл - Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.
Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сакталуын көздеді, жеке адамды қоғам меи мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлықазаматтардыңсаяси теңдігін жария етті, азшылықтың кұқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде бекітті.
Либералдық принципте халыктың көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айналды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.
Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді: 1) саяси серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша орнынан сайлау аркылы алынады. Сайлаушылар мен олардың сайлаған өкілдерінің арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - депутаттарға қатал талап-тілектер қоюды көздейді. Екіншілері - мұны дұрыс санамайды. Себебі, олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайларына аманат беру мүмкін емес. Оның үстіне, сайлаушы өз ауданы, облысына қатысты мәселелерді аманат етеді, ал парламенттегі саясатшы тұтас халық ел мүддесін ойлауы керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел мүддесінің тоғысу дәрежесін ол өзі табуы керек. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:
1. Маңызды мемлекеттік кызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы, Англияда Шумпетер олардың тобына ең алдымен ақсүйектерді жатқызады.
2. Саяси органдар халық негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің тұрақтылығына нұқсан келеді.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі, ол маман емес ынталы адамдарға карағанда, мемлекетті көш ілгері басқарады. Ол өз құрамын орта таптың өкілдерімен толықтырғаны жөн.
4. Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттін де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте манызды. Саяси процеске әрбір қатысушы өз еркімен өзін-өзі тежемесе, кандай демократия болмасын алысқа кете алмайды. Билеуші топ болсын, оппозиция және басқа дау-жанжалға қатысушы топтар болсын ең алдымен ұлттық мүддені бірдей түсініп, жоғары қоюлары абзал.
