- •5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
- •1. Жұмыс орнындағы маңызды нәрселер
- •2. Шыны әйнекпен жұмыс
- •Өткір және улы заттармен жұмыс істеу ережесі.
- •Кейбір реактивтермен, ерітінділермен жұмыс істеу ерекшеліктері
- •4.1 Металды натриймен жұмыс істеу
- •4.2. Броммен жұмыс
- •4.3. Қышқылдармен жұмыс
- •4.4. Фенолмен және сілтілермен жұмыс
- •4.5. Органикалық еріткіштермен жұмыс
- •Зертханалық жұмыстарды есептеу үлгілері
- •Реакцияға қажетті заттар мен өнімнің есептелу үлгісі
- •Бастапқы зат пен соңғы өнімнің физика – химиялық сипаттамалары (әдеби мәліметтер)
- •Шығымдар мен реакция өнімдерінің сипаттамалары, эксперименттік анықтау
- •Лабораториялық жұмыстарды жасаудың алғашқы техникасы Колбалар
- •Құйғылар
- •Өлшеуіш құрылғылар
- •Газбен жұмыс жасау қондырғылары
- •Тоңазытқыштар
- •Органикалық заттарды қайта кристалдау
- •Органикалық заттардың балқу температурасын анықтау
- •Жәй айдау
- •Көмірсутектердің алу әдістері мен химиялық қасиеттері Метанды алу
- •Этиленді алу
- •Ацетиленді алу
- •Ароматты көмірсутектердің қасиеттері.
- •Спирттер мен фенолдардың қасиеті
- •Альдегидтер мен кетондар.
- •Органикалық қышқылдар.
- •Органикалық қосылыстарды хроматографиялық зерттеу
- •Көмірсулар.
- •Аминдер. Аминқышқылдар. Ақуыздар.
- •Емтиханға дайындық сұрақтары
- •Емтиханға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер
Көмірсутектердің алу әдістері мен химиялық қасиеттері Метанды алу
Реактивтер: сірке қышқылының натрий тұзы, натронды ізбес (NaOH + Ca(OH)2) қоспасы, бром суы, 1% калий перманганатының ерітіндісі.
Ыдыстар мен қондырғылар: пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.
Газ жүретін түтікшемен жабдықталған пробиркаға сусыз сірке қышқылының натрий тұзын және натронды ізбестің (NaOH, биіктігі 1 см) жалынында қыздырып, бөлінген газды жағыңдар. Сосын түтікшенің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған пробиркаға батырып, өзгерістерді бақылаңдар. Бұдан кейін түтікшенің ұшын бром суы құйылған пробиркаға батырыңдар. Тапсырма:
бөлінген газ қандай жалынмен жанады?
KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады?
Бром арқылы метан өткізгенде оның түсі өзгере ме? Неге?
Метанның түзілу реакциясын жазыңдар.
Этиленді алу
Реактивтер: 1% калий перманганатының ерітіндісі, этил спирті, концентрлі H2SO4, AL2O3, бром суы.
Ыдыстар мен қондырғылар: пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.
Пробиркаға 8-10 тамшы концентрлі күкірт қышқылын, 4-5 тамшы этил спирті және бірнеше түйір AL2O3 (катализатор ретінде) салады. Газ жүретін түтікшелі тығынмен жауып оның ұшын бром суы құйылған пробиркаға батыру керек. Алғашқы пробирканы спирт шамымен қыздырады. Бром суымен реакциядан кейін түтікшенің ұшын 1% калий перманганатының ерітіндісіне батырады. Тапсырма:
Этиленнің түзілу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
KMnO4 ерітіндісі құйылған пробиркада не болады? Неліктен?
Бром суы құйылған пробиркада не болады? Неліктен?
Ацетиленді алу
Реактивтер: кальций карбиді, бром суы, 1% калий перманганатының ерітіндісі, фенолфталиннің 1% ерітіндісі.
Ыдыстар мен қондырғылар: пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.
Газ жүретін түтікшемен жабдықталған пробиркаға бір кесек кальций карбидін салып, 3-4 тамшы су құйыңдар. Газ күйіндегі ацетиленнің бөлінуіне көңіл аударыңдар. Газ жүретін түтікшенің ұшын KMnO4 ерітіндісі құйылған пробиркаға батырады. Дәл осы тәжірибені бром суы ерітіндісімен жүргізіңдер. Ацетилен бөлінуі аяқталған соң пробиркаға 1 тамшы фенолфталин қосыңдар. Тапсырма:
Ацетилен қандай жалынмен жанады?
Ацетиленнің түзілу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Ацетилен өткізгенде KMnO4 ерітіндісі қандай өзгеріске ұшырайды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Ацетилен өткізгенде бром суы қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бастапқы пробиркаға фенолфталин қосқанда ерітіндінің түсі өзгеруін түсіндіріңдер.
Ароматты көмірсутектердің қасиеттері.
Бромдалуы.
Тәжірибені бензолмен және толуолмен қатар жүргізіңдер. Екі пробиркаға 1 мл.-ден бром суын құяды да бірінші пробиркаға бензолдың бірнеше тамшысын құйып, ал екінші пробиркаға соншама толуолды құйып, екі пробирканы да шайқап араластырыңдар. Өзгерісті жазып. Реакция теңдеуін келтір, дәлелді жауап бер.
Бромдануына катализатордың әсері.
Тәжірибені бензолмен және толуолмен бір мезгілде жүргізеді. Құрғақ пробиркаға 3 мл. көмірсутектерді тең көлемде бром ертіндісімен араластырып, алынған қоспаны тең көлемде 4 бөлшекке бөледі. Үш пробиркаға катализатор қосады: біріншісіне - иодтың бірнеше кристалдарын, екіншісіне – алюминийдің бөлшегін, үшіншісіне – темір ұнтағын. Төртіншісінде тек қоспа.
Құрамында толуол бар қоспаны бөлме температурасында қалдырып, ал бензол бар қоспаны ыстық судың ішінде қыздырады. Екі пробирканы штативке қойып, қандай өзгерістер болғанын байқаңыздар.
Тотығу.
Пробиркаға калий перманганатының судағы ертіндісін сулы күкірт қышқылымен араластырып, екі пробиркаға бөледі. Біріншісіне бензол, ал екіншісіне толуол құйып, араластырамыз. Өзгерістерді жазып, реакция теңдеулерін көрсет.
№6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
