- •Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім берудің деңгейінің 2–4-сыныптары үшін «Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін «Дүниетану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін «Еңбекке баулу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Табиғат (16 сағат): 1) табиғатты зерттеу және бақылау үшін қолданылатын түрлі әдістер; 2) физикалық карта. Масштаб. Құрлық беті: жазықтар, таулар. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. Қазақстанның жер бедері, оның физикалық картада бейнеленуі; 3) пайдалы қазбалар, олардың топтары. Қара және түсті металл кендері. Жанғыш пайдалы қазбалар. Кеңге жатпайтын пайдалы қазбалар: фосфорит, асбест, әктас, бор, мәрмәр; 4) су. Су айналымы. Жер асты сулары. Минералды сулар. Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін оның маңызы. Суды қорғау; 5) ауа және ауа райы. Ауаның жер бетінің тіршілігі үшін маңызы. Ауаның құрамы, қабығы. Ауа райын болжау. Ауаны ластаушы заттар. Ауаны тазарту және қорғау. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық, географиялық картасы. Жергілікті жердің сұлбасы. Пайдалы қазбалар жиынтығы; 6) сарамандық жұмыстар. Тұсбағарды қолданып бағдарлау. Қазақстанның физикалық және географиялық картасымен жұмыс: пайдалы қазбалар шығатын жерлер, өзендер, көлдер мен Қазақстан Республикасының шекарасын табу. Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. Ауа райының өзгерістерін анықтау; 7) топсаяхат. Мұражайға (геологиялық) саяхат. 18. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары (12 сағат): 1) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары. Ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер; 2) еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы. Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы; 3) сарамандық жұмыстар. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу. Топсаяхат. «Өзі тұратын туған жерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу». Саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережесі. 19. Жер – ғарыш денесі (6 сағат): 1) ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер. Ғарышқа жол ашу. Ю.А.Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев – қазақ ғарышкерлері. Жердің ғарыштан көрінісі; 2) күн. Жер. Глобус – Жердің үлгісі. Жердің Күнді айнала қозғалуы. Оның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Күн мен түннің ауысуы және себептері. Жыл мезгілдерінің ауысуы. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы. Глобус; 3) сарамандық жұмыс. Глобус – Жер моделі. Глобустың және Жердің айналуы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 11-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін «Еңбекке баулу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 2. Пәннің негізгі ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Еңбек оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады. 3. Негізгі мақсаттар: 1) бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; 2) сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; 3) қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; 4) адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу. 4. Міндеттер: 1) алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негізін қалыптастыру; 2) ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану; 3) жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту; 4) өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру; 5) оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту; 6) ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру. 5. Типтік оқу жоспары бойынша «Еңбекке баулу» пәніне аптасына 2 сағат, бағдарламалық материалды меңгеру үшін жылына: 1-сыныпқа – 66 сағат, 2–4-сыныптарға 68 сағат қарастырылған. 6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезінде оқушылар басқа пәндерден алған біліктіліктері мен дағдыларын еңбекке баулу сабағында пайдалана алады: 1) қазақ тілі, әдебиеттік оқу. Көркем шығармаларды оқи отырып, сәндік-қолданбалы өнер туралы мәліметтермен танысу, білімін тереңдету, өз еңбегінің нәтижесін ауызекі тілде толық, нақты, жүйелі жеткізе білу; 2) математика. Бұйымдарды жасауда өлшем бірліктерін қолдану; 3) дүниетану. Табиғатқа саяхат барысында табиғи материалдармен танысу, оларды жинау, табиғи құбылыстар туралы мағлұматтар алу; 4) бейнелеу өнері. Бұйымдар мен заттардың пішінін, түсін салыстыру, сызу, бояу, сурет салу, мүсіндеу жұмыстарын орындау, үйлесім туралы түсінігін тереңдету, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, бұйымдардың шығу тарихымен танысу; 5) дене шынықтыру. Қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, бұлшық еттерді шынықтыру, жұмыс істеу барысында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау ережесімен танысу және оны орындау арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
