- •Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім берудің деңгейінің 2–4-сыныптары үшін «Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін «Дүниетану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін «Еңбекке баулу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 2. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. 3. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды. 4. Оқыту мақсаты: 1) қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; 2) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; 3) физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; 4) салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану. 5. Оқыту міндеттері: 1) оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу; 2) денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру; 3) дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту; 4) акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету; 5) жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру; 6) жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру. 6. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)». 7. Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі: 1) дене шынықтыру сабақтары; 2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары; 3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар; 4) спорттық үйірмелерде шұғылдану; 5) дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары) болып табылады. 8. Сабақтарды өткізу процесінде келесі оқу пәндерімен байланыс орнатылады: 1) «Қазақ тілі және әдебиет»: өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдану; 2) «Қоршаған орта»: оқушы жаттығуларды орындау кезінде өзінің ағзасындағы мүшелер, дене бөліктері, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер туралы мәліметтермен танысады; тән гигиенасы, киімді таза ұстау ережелерін игереді; жүгіру және түрлі ойын кездерінде уақыт туралы түсінік қалыптасады. 3) «Математика»: оқушы сантиметр, метр, шақырым, секунд және т.б. өлшем бірліктерімен танысады; 4) «Музыка»: оқушы қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындауды үйренеді; 5) «Бейнелеу өнері»: оқушы көрсетілген жаттығуларды орындау үшін бейнелі суреттерді қолдануды үйренеді; 6) «Еңбекке баулу»: өзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастыруды үйренеді. 9. Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 1-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 66 сағат); 2) 2-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат); 3) 3-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат); 4) 4-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат) құрайды. 10. Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөліммен аяқталады, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. 11. Бағдарламалық талаптар үш түрлі аспектімен бағаланады: пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттер нәтижелерімен.
