Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Қазақстандағы тоталитаризм және саяси-кугын 5В020300, 5В011400 Тарих.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.01 Кб
Скачать

4. Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.

Теміртау оқиғасы ке­ңестік жүйенің тоталитарлық кейпінде сақталып, әлеуметтік-саяси мәселелерді шеше алмағандығының дәлелі. Халықтың әлеуметтік жағдайына немқұрайлы қарау қашанда тектен-текке кетпейді. 1950 жылдың ортасында Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты комсомолдық екпінді құрылыс деп жарияланып, онда 1959 жылдың аяғына дейін 25 мың адам келді. Жаңадан келгендерге арнап үйлер салынды, алайда оның жеткіліксіз болуынан жұмысшылар шатырларға орналастырылды. Ауа райының жайсыздығы, ауызсудың тапшылығы, азық-түлікпен қамтамасыз етудің дұрыс жолға қойылмауы адамдардың заңды наразылығын тудырды. Жұмыс болмай отырып қалу да жиі қайталанып тұрды. Әлеуметтік наразылық жарылысы үшін бір сылтау қажет болатын.

Теміртаудағы толқудың басталуына 1959 жылы 1 тамыз күні бір топ жастардың қоғамдық тамақтандыру мекемесіне баса-көктеп кіруі себепші болды. Алғашқы заң бұзу әрекеттері кейін, үш күнге созылған тәртіпсіздікке ұласты. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін әскер шақырылып, милиция мен әскерилердің қаруды заңсыз қолдануынан 16 адам оққа ұшып, 50-ден астамы жараланды. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарға сот процесі өткізілді. Өкінішке қарай, Новочеркасск (1962 ж. маусымдағы), Теміртау және басқа да бірқатар жерлерде болған оқиғалар, республика және ел басшыларының қоғамның одан әрі дамуына деген көзқарасын өзгертуге мәжбүр ете алмады.

Сонымен халық наразылығынан туындаған мәселелер билік тарапынан күш қолданумен біржақты шешіліп отырды. Бұрынғыша, тағы да жекелеген кінәлілер: жергілікті буын басшылардан, милиционерлерден, жұмысшылардан табылды. Әміршіл-әкімшіл билік тарапынан әлеуметтік мәселелерді күш қолданумен шешу жалғасын тауып, Хрущев

Негізгі әдебиеттер:

  1. Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.

  2. Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.

  3. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.

  4. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес том­дық. 3-том. – Ал­ма­ты: «Атамұра», 2002. -768 бет.

  5. Қазақстан тарихы көне заманнан бү­гін­ге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.

  6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.

  7. Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.

  8. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

  9. Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.

  10. Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.

  11. Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.

  12. Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.

  13. Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.

2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.

3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.

4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.

5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.

6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:

1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).

Интернет көздері:

1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki

2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/

3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml

5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html

Дәріс тақырыбы №14. Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі

1. Идеялық күрес. Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс.

2. Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс.

3. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы: себептері және барысы.

4. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.

1. Идеялық күрес. Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс.

Федералдық мемлекет ретінде болжалып, 1922 жылы құрылған КСРО уақыт өте келе унитарлық мемлекетке айналды. Брежневтік басшылық қол жеткен табыстарды асыра бағалап, кемелденген социализм концепциясын насихаттады. Қарастырылып отырған кезең интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ұлттық проблемалардың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешуге болады деп пайымдалды да, бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын нсихаттаумен шектелді. Аталған жылдары ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамда қалыптасқан ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой – пікір айтуға шектеу қойды.

Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс. КОКП бұл кезде өзінің саяси ұйым ретіндегі функциясын кейін ысырып қойып, мемлекетті басқару жүйесімен бірігіп кеткен, жоғарыдан төмен қарай, бұйрық арқылы басқарылатын, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналған болатын.

Мемлекеттік басқару жүйесі

Кеңестік органдар

Шаруашылық органдары

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы

Министрлер Кеңесінің төрағасы

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы

Министрлер Кеңесі

КСРО Жоғарғы Кеңесі

Министрлер

Қаз КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы төрағасы

Қаз КСР Министрлер кеңесінің төрағасы

Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі

Қаз КСР Министрлер кеңесі

Халық депутаттар кеңесінің обл. аткомы

Министрлер

Қалалық атком

Басқармалар

Аудандық атком

Тресттер

Жергілікті Кеңестер

Кәсіпорын әкімшілігі

Орталық ведомство бұрынғыша кадр мәселесіне, қызметке тағайындауда өте қырағы көзбен қарап отырды, әсіресе қазақ ұлтынан шыққан кадрлардың қызметтік өсуіне тосқауыл қойылды. Өзінше шешім қабылдап немесе Мәскеудің нұсқауымен жүргісі келмеген жігерлі де болашағы зор кадрлар түрлі сылтаумен басқа жұмыстарға ауыстырылды немесе жеке мәселесі қаралып, сөгіспен қызметінен қуылды. 1954-1964 жж. Қазақстандағы билік басында тек Мәскеу бекіткен, көпшілігі бұрын Қазақстанда жұмыс істемеген, республика ерекшеліктерінен хабарсыз басшылар болды. Осы 10 жыл ішінде Қазақстан КП ОК бірінші хатшылары жеті рет алмастырылды. Сайланған осы басшылардың тек үшеуі Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев және И.Юсупов қазақстандықтар еді. Жаңа басшы енді ғана реформалар жүргізуге бел шешіп кірісе бастағанда оның орнына басқа бір басшы тағайындалып отырды. Бұл Қазақстандағы билік басындағы, дағдарыстың айтулы белгісі еді.

1954-1964 жж. Қаз КСР басшыларының тізімі:

Шаяхметов Жұмабай Ахметұлы (1902-1966) – 1946-1954 жылдары Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

Пономаренко П.К. – 1954-1955 жылдары Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

Брежнев Леонид Ильич (1906-1982) – 1955 жылдың тамызынан 1956 жылдың наурызына дейін Қазақстан КП Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Яковлев Иван Дмитриевич – 1956 жылдың наурызынан 1957 жылдың желтоқсанына дейін жоғарыда аталған қызметті атқарды.

Беляев Николай Ильич (1903-1966) – 1957 жылдың желтоқ­санынан 1960 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы (1912-1993) – Қазақстан КП Бірінші хатшысы қызметін екі рет 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары атқарды.

Юсупов Исмаил – 1962 жылғы желтоқсаннан 1964 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан КП Бірінші хатшысы болды.

1961 жылы қаңтарда КП ОК-нің Бюросында тамаша ұйымдастырушы қоғам қайраткері, республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов қызметінен босатылды. Саяси айыптар тағылып, елжанды азаматты қызметтен аластатуға әдеттегідей бірнеше сылтау табылды

Шаруалар көтерілісі.

Кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсылық 20-30 жылдары зиялы қауым өкілдері арасындағы идеялық күрес түрінде орын алды. Осы кезеңдегі зиялылар қызметін Т.Омарбеков өз зерттеулерінде төмендегідей жүйелеген:

 Сталиндік саяси жүйеге, оның идеологиясына, концепциялық тұжырымдарына қалтқысыз рия көңілмен иланғандар;

 «Шолақ белсенді», билікке құмар Қазақстан коммунистерінің «бюрократ» тобы;

 «Алаш» қозғалысы идеяларына бүйрегі бұратын, сондықтан да Ф.Голощекиннің озбыр, күштеу саясатын тежеуге тырысқан және қазақ интеллигенциясын аға ұрпақтың демократиялық дәстүрлері негізінде топтастырып саяси аласапыранда қазақ халқының мүддесін қорғауға ашық күш салған азаматтар;

 «Жазалаушы – қуғындаушы аппараттық және тоталитарлық режимнің партиялық органдарының өкілдері».