- •«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.
- •2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.
- •3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.
- •Тоталитарлық жүйе түрлері «итальяндық фашизм»
- •«Ұлтшыл – социализм»
- •«Испандық фалангизм»
- •«Темір гвардия»
- •«Жапондық милитаризм»
- •«Чучхе идеологиясы»
- •«Сталиндік режим»
- •4.Сталиндік репрессиялар мен депортациялар.
- •5 Тоталитаризмнің алғы шарттарының жалпы мінездемесі. Тоталитарлық ойлау қисыны.
- •1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.
- •2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура
- •3. Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
- •2. Коммунистік партияның х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту.
- •3. Рксфр Қылмыстық Кодексінің 58 – бабы.
- •1940-Жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында да 58-бап күшін жойған жоқ.
- •1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Съезге хат» («Завещание Ленина»).
- •2. И.Сталиннің билік басына келуі.
- •3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.
- •1. 1926-1928 Жж. Зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі.
- •2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.
- •1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.
- •2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.
- •3. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.
- •1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.
- •1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.
- •2. Аштыққа қарсы күрес және Қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға тағытталған шаралар.
- •3. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары.
- •1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.
- •2. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жерлеріне депортациялануы.
- •3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
- •1. Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •2.Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.
- •1. Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты.
- •2. Сталиннің өлімі. Партияның хх съезі.
- •3. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •4. Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.
- •2. Ксро ок 1985 ж. Сәуір пленумы және қайта құру.
- •4. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
- •1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
- •2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.
3. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
Орталықта болып жатқан кез келген саяси науқан ұлттық республикада жаңа серпінмен қайталанып отырды. Биология, медицина, геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдарға 1948 ж. “космополит” (басқаша ойлайтындар) деген айдар тағылды. Қоғамда болып жатқан құбылыстарға өзіндік пікір айтып, өзгеше ойлағаны үшін қудаланғандар басшылықтың ортаңғы және төменгі буындары арасынан да көп кездесті. 1950 жылдардан бастап жазалау әдістері біршама өзгерді: партия қатарынан шығарылды, қызметтен қуды, оған бой бермегендерді психиатриялық ауруханаларға күштеп салу етек ала бастады.
Сол кездегі орталықта ұстанған қоғамдық пікірге қарсы қатаң бағыт Қазақстанда да шешімін тапты. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Коммунистік партиясының “Қазақ КСР Ғылым академиясы тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы” қаулысына сәйкес – Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Сәрсен Аманжолов, Ғабит Мүсірепов, Есмағамбет Исмаилов, Қажым Жұмалиев, Нығмет Сауранбаев т.б. сынға алынып, аяусыз талқыға түсті және қызметтерінен қуылды.
“Абай жолы” романы жөнсіз сыналды. Ғ.Mүсіреповтің “Оянған өлке”, Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды”, “Көз көрген” романдары қоғамдық өмірдегі қайшылықтың, солақайлықтың салқынына ұрынды. М.Әуезов қуғын-сүргінге ұшырап, бой тасалап Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Оған ұлтшылдығы, “арандатушы-консерваторлық, патриархалды өткен заманғы пантүркішілдік көзқарасты уағыздағаны” үшін айып тағылды.
Тарихшы Бекежан Сүлейменов те сотталды. Республиканың танымал тарихшысы Әлкей Марғұланның көзқарасы ғылыми жалған деп жарияланды. 1952 жылы кітапханалар мен сауда жүйесінен алынып, көзі жойылған кітаптар тізіміне: “Батырлар жыры” (1940), “Айтыс”, Қ.Аманжоловтың “Өзім туралы”, “Мариям Жагорқызы”, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин туралы өлеңдер мен очерктер жинағы жатқызылды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республика Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. С.Мұқанов қазіргі тақырыпқа пьеса жазбайтындар ретінде сыналды. Ә.Тәжібаевтың “Біз де қазақпыз” шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А.Жұбанов “феодалдық-байшылдық дәстүрлерді асыра дәріптегені” үшін қатаң сынға ұшырады.
«Бекмаханов ісі». 1940-1950 жж. Мәскеуде “Дәрігерлер ісі”, Ленинградта “Ленинград ісі” деп аталған саяси қуғындау ісі жүргізіліп жатқанда, Қазақстанда “Бекмаханов ісі” қолға алынды. Бекмаханов 1943 жылы жарық көрген “Қазақ КСР тарихы” атты көлемді еңбектің негізгі авторларының бірі бола отырып, аталған кітапта Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы жаңа материалдарды енгізді. Ол 1947 жылы “Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген атпен монографиясын жариялады.
Осыдан кейін-ақ Кенесары көтерілісін сынаушылар ашықтан-ашық Бекмахановқа қарсы тұрды. Егер бұрын сын пiкip Қазақ КСР тарихына бағытталса, енді Е. Бекмахановтың монографиясына ауысты. 1950 жылы 26 желтоқсанда “Правда” газетінде “Қазақстан тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан зерделейік” атты мақала жарық көрді. Осы мақала КСРО ҒА Тарих институты Ғылыми кеңесінде талқыланып, Бекмахановтың жұмысы “күйе жағу, теориялық және саяси тұрғыда марксизмге жат буржуазиялық-ұлтшылдық көзқараста жазылған” деп бағаланды. Белгілі тарихшы А.М.Панкратова Бекмахановтың еңбегін Қазақстанның жинақталған тарихын жазудағы алғашқы сәтті қадам деп бағалап, қаралау қорытындысында қол қоюдан бас тартты. 1951 жылы 6 қазанда Е.Б.Бекмахановты ғылыми дәрежелері мен атағын алып тастады, ал 1952 ж. 5 қыркүйекте тұтқынға алды.
Осыдан кейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Н.Бекмахановқа “сенімсіз адам” ретінде көңіл аударып, ic қозғады. Оған Кеңес өкіметіне қарсы пікірде болып, 1942-1951 жылдар аралығында ұлтшылдық идеяларды уағыздады және антисоветтік үгiт жүргізді деген айып тағылды. Қазақ КСР Жоғарғы Соты оны 1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға соттады.
Дегенмен Сталиннің қайтыс болуымен және елдегі демократияландырудың ұшқынымен байланысты Е.Бекмаханов 1953 жылы 16 қазанда ақталды.
Кеңес билігі тұсында ауыр нәубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды. Соның салдарынан көпшілік санасында Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған, мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында қол жеткізді деген ұғым қалыптасты.
