Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Қазақстандағы тоталитаризм және саяси-кугын 5В020300, 5В011400 Тарих.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.01 Кб
Скачать

1. Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты.

1945-1953 жылдардың бас кезінде социализмнің сталиндік үлгі идеологиясы өзінің шарықтау шегіне жетті. Тоталитарлық жүйе қанатын кең жайып, қоғамдық өмірге бақылауын күшейте түсті. Ішкі саясатта сталиндік билік халықтың рухани өмірін бақылауды күшейтті.

Партия елдің жаңа тарихын жасауға баса-көктей әрі дө­рекі түрде кірісті. 1946 жылы тарихты жаңаша қарауды ұйымдастыра алмағаны үшін “Тарих журналы” жабылса, 1949 жы­лы оның орнына келген “Тарих мәселелері” журналы да қатаң тазартуға ұшырады. “Батысқа бас июге” қарсы күрестің өрістеуі барысында, ешқандай негізсіз бірқатар ғылымдағы жаңалықтар бұрмаланды.

1946 жылы 14 тамызда партияның “Звезда” және “Ленин­град” журналдары туралы қаулысы қабылданды. Мұнда жазушылар, ақындар, драматургтер, әсіресе талантты және танымал екі зиялы - М.Зощенко мен А.Ахматова – қатаң сынға алынды. Бұл ғалымдардың араларынан “жау” іздеуге итермеледі.

Демографтардың зерттеулерінше жалпы 1948-1953 жж. КСРО көлемінде 6,5 млн адам қуғындалған. 1946 жылға дейін ерекше қауіпті қылмыскерлер, «халық жаулары», «отанын сатқандар», «контрреволюционерлер» үшін құрылған Жезқазған лагері Карлагтың қарамағында болды. Егер Карлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған болса, Степлаг (Дала лагері) Герман концлагерьлерінің принципі бойынша құрылды. Егер Карлаг тұтқындары негізінен ауылшарушылығымен айналысса, Степлаг тұтқындары тек қана өнідірістік кәсіпорындарда жұмыс істеді.

1954 жылы 16 мамырдан - 26 маусымға дейін Степлагта атақты көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол бүкіл ГУЛАГ жүйесін дүр сілкіндірді. 8 мыңдай адам қатысқан Степлаг тұтқындарының көтерілісі 40 күнге созылды. Олардың көпшілігі әскери және саяси тұтқындар еді. Әсіресе олардың арасында украин, орыс, латыш, литва, эстон, евреи, белорусь т.б. ұлттар өкілдері көп болды. Олар үкіметке ұйымдасқан түрде қарсылық көрсетті. Көтерілістің басында Кеңес Армиясының неміс тұтқынында болған әскери интеллигенциясының өкілдері тұрды. Бұлар ақылды, сауатты, батыл шешім қабылдайтын адамдар еді.

Көтеріліс соғыс техникасының және тұрақты армия бөлімінің күшімен асқан қатыгездікпен басылды. Көтеріліс басшылары тұтқындалды. Өлгендер мен жарақаттанғандар көп болған, тірі алған куәгерлердің айтуынша 600 адам өліп, жарақаттанған. Көтерілістен кейін лагерь тұтқындарының өмірінде біршама жеңілдіктер жасалды. Жұмысқа тұтқындар конвойсыз барды, кейде тіпті отбасын құруға да рұқсат берілді. Кеңгір бөлімшесіндегі тұтқындардың қарсылығы бұрын өмір сүрген және өмір сүретін лагерьлер тарихында аса маңызды орны бар оқиға. Кеңгір көтеріліснен кейін бүкіл ГУЛАГ жүйесіндегі каторгалық ерекше лагерьлер жойылды.

2. Сталиннің өлімі. Партияның хх съезі.

Хрущев жылымығы”. Бұл кезеңді “жылымық” деп атау КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріндегі демократияландыру, кешірім, ақтаулармен (реабилитация) байланысты. Жылымық ішкі саясатта қуғын-сүргінді біршама тежеуден, әміршіл-әкімшіл қатаң басқару әдістерінің аздап жұмсаруынан байқалады. Билік басына келген жаңа кеңес басшылары сыртқы саясатты да жұмсартуға ынта білдірді. Шетелдерге іссапармен барып, қарым-қатынасты жақсарту, келіссөздер жүргізуге қадам жасалды. Халықаралық қатынастар да “жылыды”.

Депортацияланған шешен, қалмақ, балқар, т.б. халықтардың құқықтары қалпына келтіріліп, олардың туған жерлеріне көшуіне рұқсат етілді. Бірақ қырым татарлары, месхет түріктері, Еділ бойындағы немістердің автономиялары қалпына келтірілмеді. Ұлттық саясатта да Н.Хрущев саясатының шала­ғайлығы көрінді.

Н.С.Хрущев әміршіл-әкімшіл жүйе адамы болғандықтан қоғамды реформалауды аяғына жеткізбей шалағайлық танытты. Хрущев кезеңінде көптеген ғалымдар республикаға оралып, қоғамдық-саяси өмір жанданды. Бірақ рухани өмір қатаң бақылауда қала берді. Тұтқындардың бір бөлігі босатылғанмен, көп ұзамай “саяси басқаша ойлау” қайтадан қатал басып-жаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық айтып көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Еркін ой­лайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым “бүркемеленген” сипатта жүргізілді. Ойын еркін білдіру, сөз бостандығына қысым жасалынды, осы тұрғыда, тіпті бірқатар қаулы қабылданды. КСРО Денсаулық министрлігінің деректері бойынша сол жылдары 90 мыңнан аса кеңес азаматтары “басқаша ойлағандығы” үшін психиатриялық емдеуге мәжбүрленген.

Қазақстанда еркін пікір айтуға қарсы қолданылған шаралардың бірі Қазақстан КП ОК-нің “Қазақ әдебиеті” газетінің қателіктері туралы” Қаулысы болды. Қазақ зиялыларының ұлттық мәдениеттің, қазақ тілінің келешегі туралы толғаныстары билікке қарсы “шу көтеру” деп бағаланды.

КСРО-ның идеология саласындағы жаңалық – 1961 жылы ХХІІ съезд қабылдаған бағдарламада ғылыми тұрғыда негізделмеген “коммунизмге өтудің жолы” жария етілді. Оның 20 жылға созылатындығы, 1961-1971 жж. коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, 1971-1981 жж. коммунизмге көшуді бастау кезеңдері атап көрсетілді. Баспасөз құралдары арқылы коммунистік партия үгіт-насихат жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білді. Бірақ нақты өмір хрущевтік уәделер мен қиялдардан алшақ еді.

Ішкі саясатта тізгінді аздап босату халықтың әл-ауқатының көтерілуімен сипатталады. Н.Хрущев басшылық жүргізген жылдары мемлекеттің тұрғын үй мәселесіне алғаш бет бұрып, көпшілікке арналған тұрғын үй құрылысы салыстырмалы түрде арзан типтік жоба бойынша жүзеге асырылды. Бүгінгі күндері ол ықшамаудандар мен “хрущев” үйлері ескірген тар үйлер болып есептеледі. Алайда ол кезде, жаппай тез бой көтерген осы тұрғын үй құрылысы арқасында әрбір отбасы сыз жертөлелер мен коммуналкалардан құтылып, жеке пәтерге ие болу бақытына қол жеткізді.

Осы кезеңде тоқыраудың ондаған жылдарынан кейін, халықтың тұтынатын бұйымдарды өндіруі біршама кеңінен қолға алынды, жиһаз түрлері, тұрмыстық электротехника түрлері (кіржуғыш машина, тоңазытқыш, теледидар, магнитофон, т.б.) шыға бастады.

Дегенмен мәдени-тұрмыстық мәселелер мен халықтың әл-ауқатына қарағанда әскери-өндірістік комплекс ғылыми-техника жаңалықтарымен алға озып кетті. Әрі оған көп қаражат жұмсалды.

Кеңес елінде 20-жылдардың ортасында орныққан әкімшіл-әміршіл жүйе 30-40 және 50-жылдардың бас кезінде өзінің шырқау шыңына шықты. Соғыстан кейінгі жылдары қоғамда өзгеріс жасау қажеттігі туралы пікір пісіп-жетіліп келе жатқан еді. Әкімшілік жүйе партия бағытынан басқадай ойлаушылармен үнемі кұрес жүргізіп келгендеітен, «Қоғамда өзгеріс жасау» қажеттігі жөніндегі ой-пікірде әр түрлі шаралар арқылы тұншықтырылды. Сталиннің орнына 1953 жылығы қыркүйек пленумында СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.С.Хрущев сайланды.

1956 жылы 14 ақпандағы КОКП-ның ХХ съезіне (Мәскеу) 55 «бауырлас партиялардан» 1436 делегат қатысты. Съезде Хрущевтің атақты «құпия баяндамасы» тыңдалды. Баяндама жабық есік жағдайында тек кеестік делегаттар алдында жасалып, И.Сталиннің жеке басына табынушылықты жою туралы өзекті мәселені қарауға ұласты. КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың шығу себептеріне, мәні мен көріністеріне және оның салдарына талдау жасауға тырысты.

1956 жылдың 30 маусымында СОКП Орталық Комитетінің «Жеке адамға табынушылықты және оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдады. Хрущевтің билік құрған 1953-1964 жылдары Қазақстан тарихына да өзіндік өзгерістер әкелді. Н.С.Хрущев билік басына келісімен Қазқастандық партия белсенділерін шақырып ауыл шаруашылығы мәселелері төңірегінде кеңесті. Ол ең алдымен республикада тың және тыңайған жерлерді игеру, ауыл шаруашылығын онан әрі өрістету жөнінде шаралар белгілеуді және КОКП ОРталық Комитетіне тапсыруда ұсынды. Қазақстан Компартиясы ОРталық Комитеті мен Қазақ КСР Минситрлер Н.С.Хрущев ұсынған бағдарламаны талқылады. СОКП ОК-нің 1954 жылғы ақпан – наурыз пленумының «Елде астық өндіруді онан әрі арттыру мен тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысы шықты. Тың жерлерді игеру қарсаңында кадрлар өзгертілді. Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Қазақстан Компаритясының бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко, хатшысы болып Л.Н.Брежнев сайланды. Қазақстан тыңын игеруге бүкіл кеңес халқы жұмылдырылды. 1954-1956 жылдары 600 мыңнан аса механизатор т.б. ауыл шаруашылығы мамандары, партия-кеңес қызметкерлері келді. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі табысы үшін Қазақстан 1956 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1958 жылы астық өндірудегі табыстары үшін осы жоғары белгімен Батыс Қазақстан, Целиноград , Павлодар, Көкшетау және Қарағанды облыстары марапатталды. КОКП ХХІ съезі (1959 ж.) Кеңстер Одағында социализм толық та түпкілікті жеңгенін жариялады.

Н.Хрущев 1961 жылы наурыз айында Қазақстанда екі апта болды. Осы сапарда ол Ақмола қаласының тарихи атауын «Целиноград» деп өзгертті. Ол Қазақстанды Ресейдің бір бөлшегі деп санап, өзі билік құрып тұрған жылдары алты басшыны ауыстырды. Олар: П.К.Пономаренко (1954-1955 жж.), Л.Брежнев (1955-1956 жж.), И.Д.Яковлев (1956-1957 жж.) Н.И.Беляев (1957-1960 жж.), Д.Қонаев (1960-1962 жж.), И.Юсупов (1962-1964 жж.). Шын мәнінде Н.Хрущев Кеңестер Одағында орнаған тоталитарлық жүйеден түпкілікті бас тартуды мақсат еткен емес.

Қазақ ауылдарының құлдырауы, қазақ мектептерінің жабылуы, жердің эрозияға ұшырауы, Семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынақ аймағына айналуы және оның халық денсаулығына кері әсері, ұлтаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды.