- •«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.
- •2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.
- •3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.
- •Тоталитарлық жүйе түрлері «итальяндық фашизм»
- •«Ұлтшыл – социализм»
- •«Испандық фалангизм»
- •«Темір гвардия»
- •«Жапондық милитаризм»
- •«Чучхе идеологиясы»
- •«Сталиндік режим»
- •4.Сталиндік репрессиялар мен депортациялар.
- •5 Тоталитаризмнің алғы шарттарының жалпы мінездемесі. Тоталитарлық ойлау қисыны.
- •1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.
- •2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура
- •3. Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
- •2. Коммунистік партияның х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту.
- •3. Рксфр Қылмыстық Кодексінің 58 – бабы.
- •1940-Жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында да 58-бап күшін жойған жоқ.
- •1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Съезге хат» («Завещание Ленина»).
- •2. И.Сталиннің билік басына келуі.
- •3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.
- •1. 1926-1928 Жж. Зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі.
- •2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.
- •1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.
- •2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.
- •3. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.
- •1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.
- •1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.
- •2. Аштыққа қарсы күрес және Қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға тағытталған шаралар.
- •3. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары.
- •1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.
- •2. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жерлеріне депортациялануы.
- •3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
- •1. Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •2.Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.
- •1. Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты.
- •2. Сталиннің өлімі. Партияның хх съезі.
- •3. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •4. Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.
- •2. Ксро ок 1985 ж. Сәуір пленумы және қайта құру.
- •4. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
- •1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
- •2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.
3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
Жаппай саяси репрессиялар туралы азапты лагерлерде болған адамдардың естеліктері, кітаптар жазылғанымен зерттеулер әлі де тиылған жоқ. Жаңа есімдер легі тарихтың бұл бетінің әлі жабылмағандығын көрсетеді.
1934 жылы ОГПУ жойылып, оның орнына Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) құрылды. 1935 жылы КСРО НКВД бұйрығы бойынша барлық республика, облыс, өлкелерде НКВД «үштіктері» құрылды. Оның құрамына НКВД басқарма бастығы, Милиция басқармасының бастығы және облыстық прокурор кірді. «Үштіктер» 5 жылға дейін лагерге қамалғандар, жер аудару, қоныс аудару туралы шешімдерді қабылдады.
1936 жылы Ішкі істер халкомы болып Г.Ягоданың орнына Н.И.Ежов тағайындалды. Ол 1937-1938 жж. «Мәскеу процестері», «әскерилер ісі» сияқты атышулы партия, әскер, мемлекеттік қауіпсіздік органдар ішінде тазалау тергеу істеріне жетекшілік етті. Жаппай репрессия 1937 жылдың басында бүкіл одақты қамтыды. И.В.Сталин мен оның әріптестері Орталықта ғана емес ұлттық республикалардағы оппозицияны біржолата жоюға кірісті. 1936-1938 жж. БК(б)П басшы қайраткерлеріне қарсы «Мәскеу процестері» атанған үлкен үш іс қарастырылды. 1939 жылы 10 сәуірде Н.Ежов террористік ұйымдармен және шетел барлаушыларымен байланысы үшін айыпталып, 1940 жылдың 3 ақпанында атылды.
Орталықтағы сияқты Қазақстанда да ашық сот отырыстары өткізіліп, айыпталушылар «қылмыстарын» мойындады.Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы “контрревалюциялық ұлтшыл-фашистік залалдық ұйымдардың” істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М.Ғатауллин, мүшелері А.Асылбеков, Н.Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі – батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар М.Ғатауллин 1932 жылы Сталинге жазылған “Бесеудің хаты” авторларының бірі. Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің Мәскеудегі «троцкистік орталықпен» қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай «жүзеге асырғандарын» мойындады. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 жылдарда жазаланған «национал-фашистер» аталатындардың істері айғақталды. Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, О.Құлымбетовтерге «ұлтшыл фашистер», «Қазақстанды КСРО дан бөліп алып Жапония протекторатына беруді көксейтіндер, жапон-неміс шпиондары» деген жала жауып, ойға келмейтін айыптар тағып, жазаға тартты.
1930-жылдар соңында одақта Қызыл армия әскерлері де репрессия құрығына ілігіп, әсіресе, жоғарғы әскербасшылар құрамы полк командирлерінен бастап селдірей бастады. Контрреволюциялық қылмыстары үшін деген жаламен қарапайым жауынгерлерден бастап, орта және жоғарғы сатыдағы әскер басшылары жазаға тартылды.
Айыпталғандардың отбасы мүшелері де қуғын-сүргінге ұшырады. «мүшелері белсенді антикеңестік саясатқа бейім» отбасылар «отанын сатқан отбасы мүшесі» (ЧСИР) ретінде лагерлерге, еңбек поселкелеріне айдалды. Лагерлерге жіберілмеген отбасы мүшелеріне оқуға түсу, жұмысқа тұру, әскерге бару кезінде түрлі шектеулер мен кедергілерге кездесті. Сайлау құқығы шектелді. Мұндай кемсітушілік көптеген адамдардың тегін, өмірбаянын жасыруға итермеледі.
1954 жылы ақпанда Н.С.Хрущевтің атына 1921-жылдан 1954 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде контрреволюциялық қылмыстары үшін сотталғандар туралы мәліметі бар анықтама дайындалды. Бұл анықтамада ОГПУ Коллегиясы, «үштіктер», НКВД, Айрықша кеңес, Әскери коллегия, соттар мен трибуналдар шешімдерімен сотталғандар 3 777 380 адам, оның ішінде өлім жазасына кесілгендер 642 980 адам, 25 жылға дейін бас бостандығынан айрылып түрмелермен лагерлерде болғандар – 2 369 220 адам, қоныс аударылғандар – 765 180 адам деп көрсетілген. Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті олардың ішінде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан қайраткерлер де атылып кетті.
Негізгі әдебиеттер:
Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.
Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.
Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2002. -768 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.
Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.
Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.
Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.
Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.
Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.
Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.
Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.
Қосымша әдебиеттер:
1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.
2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.
3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.
4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.
6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:
1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).
Интернет көздері:
1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki
2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/
3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml
5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html
Дәріс тақырыбы №12. Соғыстан кейінгі жылдарда тоталитарлық тәртіптің күшеюі
1. Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы.
2.Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.
