Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Қазақстандағы тоталитаризм және саяси-кугын 5В020300, 5В011400 Тарих.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.01 Кб
Скачать

1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.

ХХ ғ. 20-30 жылдарында зорлық-зомбылық негізінен алынған саяси үстемдік жүйесі қалаптаса бастады. Ол бүкіл қоғамды, оның экономикасын, әлеуметтік, мәдени, идеологиялық, рухани өмірін тіпті тұрмыс-тіршілігіне дейін өз уысында ұсытап тұруға ұмтылды. Қоғамдық өмірді бұлайша ұйымдастыру тікелей террор жүргізу арқылы жүзеге асырылды. Әлеуметтік экономикалық қатынастарға үстемдік етуші және бағыттаушы күш-саясат болып табылды.

Кеңестік кезеңдегі «ауытқушылыққа» айыптау науқандарының 20-шы жылдардың басындағы «ұлтшылдар», «пантүрікшілдер», «басымашылар идеологитары», «рысқұловшылдық», сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қалыптаса бастаған 20-шы жылдардың соңы және 30 жылдар басындағы «ұлтшылдыққа», «жікшілдікке», «оңшыл ағымға», «меңедешевшілдікке», және басқа «шылдықтарға» айыптау науқандары, 30-шы жылдың екінші жартысы, яғни сталиндік жүйенің орныққан дәуіріндегі «үлкен террор» дәуірі, 40-шы жылдың соңы 50-шы жылдардың «космополит-гастролерлер», «халыққа қарсы формалистік бағытты жасаушылар», «бекмахановшылдық» науқандарына ұласып 80-жылдардың екінші жартысындағы «ұлтшылдыққа» айыптау науқандарымен аяқталды.

ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы қаулы-қарарларында, осы кезеңде шығып тұрған мерзімді баспасөз беттерінде көп кездесетін «шылдықтарда» қазақ зиялыларына қарсы жүргізіп жатқан партиялық саясат науқаны И.Сталин ықпалының бүкіл елге ене бастауы, ұлттық зиялыларға қарсы саяси күрестің бастауының нақты көрінісі болып табылды.

2. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жерлеріне депортациялануы.

Тоталитарлық жүйенің депотациялау саясатына алғашқы болып іліккен қиыр шығыстағы кәрістер болды. Оның себебі Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетпеуіне жол бермеу еді. Кәріс халқының неғұрлым алдыңғы қатарлы өкілдері 1935-1936 жылдары Қазақстанға күшпен, әкімшілдік-әміршілдік әдіс-тәсілдермен қоны аудартылды. 1937 жылы 21 тамызда КСРО Халкомы мен БК(б)П Орталық Комитетінің «Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» қаулысы шықты.

Қазақ қоғамында ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. алғашқы жартысында полиэтникалық құрылым қалыптасты. 1930 жылдардың соңындағы күштеп қөоныстандыру саясаты де жергілікті халықтың демографиялық ахуалына ықпал етті. Қазақтар саны миграция есебінен көршілес республикалар да өскені байқалды.Ұлт мүддесі алдындағы парызды партиялық міндет пен қызметтен биік ұстанған ұлттық интеллигенцияның ұстанған позициясы осы кезеңде «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық», «меңдешевшілдік» деген тәрізді Голощекин ойлап шығарған көптеген «шылдықтар» арқылы талқыға түсіп, соңы қуғын-сүргінге ұласты. 1920-1953 жылдар саяси қуғындалғандар саны 110 мың адам, Қазақстандағы 80-нен аса ұлт өкілдері қуғын-сүргінге ұшырады. Халыққа қарсы жасалған басқа да қылмыстардың басқа да айғақтарын келтірсек: қазақтардың 42 пайызы аштықтан қырылып, млн-нан астам адам жер ауған. Ал біздің елге 1 млн 209 адам еріксіз көшіріліп әкелінді. Осының барлығының нәтижесінде қазақтар туған жерінде аз ұлтқа айналды.

Халқымыздың перзенттері Әлихан Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, Х. және Ж.Досмұхамедовтердің, О.Жандосовтың, Б.Майлиннің, Т.Рысқұловтың және басқа да сан мыңдаған азаматтардың өмірі дәл осы оспадар саясат жүргізілген жылдары қиылды.