- •«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.
- •2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.
- •3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.
- •Тоталитарлық жүйе түрлері «итальяндық фашизм»
- •«Ұлтшыл – социализм»
- •«Испандық фалангизм»
- •«Темір гвардия»
- •«Жапондық милитаризм»
- •«Чучхе идеологиясы»
- •«Сталиндік режим»
- •4.Сталиндік репрессиялар мен депортациялар.
- •5 Тоталитаризмнің алғы шарттарының жалпы мінездемесі. Тоталитарлық ойлау қисыны.
- •1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.
- •2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура
- •3. Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
- •2. Коммунистік партияның х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту.
- •3. Рксфр Қылмыстық Кодексінің 58 – бабы.
- •1940-Жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында да 58-бап күшін жойған жоқ.
- •1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Съезге хат» («Завещание Ленина»).
- •2. И.Сталиннің билік басына келуі.
- •3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.
- •1. 1926-1928 Жж. Зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі.
- •2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.
- •1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.
- •2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.
- •3. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.
- •1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.
- •1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.
- •2. Аштыққа қарсы күрес және Қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға тағытталған шаралар.
- •3. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары.
- •1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.
- •2. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жерлеріне депортациялануы.
- •3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
- •1. Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •2.Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.
- •1. Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты.
- •2. Сталиннің өлімі. Партияның хх съезі.
- •3. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •4. Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.
- •2. Ксро ок 1985 ж. Сәуір пленумы және қайта құру.
- •4. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
- •1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
- •2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.
2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.
20-30 жылдары Сталин мемлекеттік және партиялық органдарда өзінің жеке дара билігінорнықтыру үшін күрес жүргізді. Ол өзінің іс-әрекетін «ленинизмді қорғау», «партияның бірлігі», «фракциямен күрес» тәрізді ұрандармен бүркемелеп отырды, оның бұл әрекеті оған бұқара халықтың қолдауын қамтамасыз етті. 1928-1932 жылдары КСРО-да, оның ішінде Қазақстан да елді индустриаландыру мен ұжымдастыруда жіберілген қателіктер мен асыра сілтеулер экономикалық қиыншылықтар туғызды. Сталин экономика саласында жіберілген қателіктерден сабақ алудың орнына қайта кінәліні іздей бастады.
20 жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында саяси сот процестері жүргізіле бастады. Солардың бірі – 1928 жылғы «Шахта ісі». Осы жылы Донбасстың Шахтинскауданында буржуазиялық бағыт ұстанған маман инженерлер мен техниктердің ірі «зиянкестік» ұйымы анықталды. Шахтинск «зиянкестері» бұрынғы орыс және шетел өнеркәсіп иелерімен, шетелдік әскери барлаушылармен байланыста болған деген жорамалдар жасалды. Оларды шахтада жарылыстар жасап, машина, желдеткіш тағы басқа мүліктерді бұзды және заводтарды, электростанцияларды өртемекші болды, техника қауіпсіздігін сақтамады деп айыптады.
1928 жылы жазда Мәскеу қаласында «Шахта ісіне» орай КСРО Жоғары Кеңесінің сот процесі өтті. Партияның Орталық Комитеті «шахта ісінен» сабақ алуға шақырды. «шахта ісі» ВКП(б) ОК-нің екі пленумында талқыланды. Сталин ескі бурзауазиялық мамандардың алдауы мен зиянкестік әрекеттерінен сақтануы үшін шаруашылық саласында жұмыс істейтін большевиктерді өнеркәсіп техникасы шеберлері болуға шақырды.Сталин «Шахта ісіне» ұқсас «қылмысты» әрекеттерді кеңестік шаруашылық аппараттырының бәрінен іздестіруді міндеттеді.
1930 жылы көктемде Украинада «Украинаны құтқрау одағы» («Союз вызволнения Украины») деген жалған ұйымға қатысты жаңа саяси процесс басталды. Олар бурзуазиялық-помещиктік Польшамен Украинаны КСРО-дан бөліп әкету туралы құпия одақ жасасты деп айыпталды.
1930 жылы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында Мәскеу қаласында жаңа саяси сот процесі басталды. Сот процесі «Өнеркәсіп партиясына» қатысты болды. Іс барысы мен өту ретін Сталиннің тапсырмасымен ГПУ және прокуратура органдары дайындады. Сот процесінің төрағасы сол баяғы А.В.Вышинский болды, мемлекеттік айыптаушы Н.К.Крыленко. Кейіннен өзі де сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болды. Айыптау қорытындысында «Өнеркәсіп партиясы» басшылары өнеркәсіп және сауда министрі орынына бұрынғы ірі капиталист П.П.Рябушинскийдің отыруын қолдады, 1928 жылдың қазан айында П.П.Рябушинский мен Л.К.Рамзин кездесті деп жазылды.
Мәскеу процестері 1937 жылы Қазақстанда «халық жауларына» арналған сот процестерін ұйымдастыруға түрткі болды. Олар – Қарағандыда, Үржарда және Солтүстік Қазақстанның Преснов ауданында болған сот процестері еді. Бұл процестерідің соңы жаппай қуғын-сүргінге ұласты. Тоталитарлық жүйе қалыптасқан елдерде билік басындағы партия мемлекеттің негізгі ядросы болып табылады. Қалыптасқан келе жатқан тоталитарлық жүйе жеке тұлғалардың құқығы мен еріктілігін сақтауға талпыныс та жасаған жоқ. Жекелеген адамдар партияның мақсатқа жету жолындағы құралына айналды.
Мемлекеттің күштеу мен зорлық-зомбылықтарға бару себебінің бірі – орнығып келе жатқан қоғамдық-саяси жүйенің қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізер дәлелдердің жеткіліксіздігінен болды.
Негізгі әдебиеттер:
Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.
Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.
Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2002. -768 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.
Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.
Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.
Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.
Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.
Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.
Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.
Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.
Қосымша әдебиеттер:
1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.
2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.
3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.
4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.
6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:
1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).
Интернет көздері:
1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki
2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/
3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml
5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html
Дәріс тақырыбы №8. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономкалық негіздерінің жасалуы.
1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.
2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.
3. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.
