Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Қазақстандағы тоталитаризм және саяси-кугын 5В020300, 5В011400 Тарих.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.01 Кб
Скачать

1. 1926-1928 Жж. Зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі.

Ф.Голощекин билікке келген уақыттан бастап ұлттық басқарушы топ өзара қарсы екі ұстанымға бөлініп кетті. Кеңестік мемлекеттік автономияға жалпыұлттық сипат, мазмұн беруге күш салушы бірінші топ Голощекин ұсынған бағдарламаны қазақ ауылында жасанды түрде “азамат соғысын” тудыру әрекеті ретінде бағалады. Ал келесі екінші ұстанымдағы басшы қызметкерлер Қазақстандағы жағдайға сталиндік орталықтың көзімен қарап, мұнда да басымдылық ішкі Ресей губернияларындағыдай таптық мәселелерді шешуге берілгенін жөн санады. Уақыт бірінші топтың болжамының дұрыс екендігін көрсетті. 1930 жылдары жаңа биліктің экономикалық және әлеуметтік саясатына қарсылық танытқан шаруалардың бас көтерулері бүкіл қазақ даласында өріс алды. Қарулы қарсылық сонымен бір мезгілде ауқаттылар мен орташалардың негізгі байлықтары – малдарын жаппай аяусыз қырып салуға немесе көрші елдерге қоныс аударуға ұласты. Қазақ даласында мал басы күрт кеміп кетті.

Ф.Голощекиннің саясатты билік басындағы ұлт жанды зиялылардың ашу-ызасын, қарсылығын туғызды. Мәселен, С.Сәдуақасов Ф.Голощекиннің бұл саясатын “қазақ ауылына бағытталған азамат соғысы” деп бағалап, оның қате екенін, ең бастысы, дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығының тамырына балта шабылатынын, орташаларды жоюға бағытталғанын атап көрсетті.

1925 жылы 1-7 желтоқсан аралығында Қазақстанның бесінші Өлкелік партия конференциясы өтті. Осы конференцияда Ф.Голощекин орыс ұлтшылдығы мен жерглікті ұлтшылдық туралы және қазақ коммунистері арасындағы «жершілдік» туралы сөз сөйледі. Ф.Голощекиннің алғашқы күндерден бастап алға қойған мақсаты – ұлттық мүддені, елдің экономикалық ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасауды ұсынған ұлт коммунистерінің белсенді бөлігін биліктен ығыстыру болса, екінші бір көздегені Алашорда құрамында болған қазақ оқығандарын партия басшылығындағы жауапты қызметтерден қуу болатын. Оның бұл ойын жүзеге асыруына қазақ зиялыларының бетке ұстарларын, Алаш қозғалысының құрамында болған белсенділерін «сенімсіз әлеуметтік саяси элементтер» ретінде сипаттап, оларды алдымен қоғамдық саяси жұмыстардан аластатып, одан соң тікелей қуғындаға 1925 жылдың 29 мамырында Қазақстан партия басшылығына жолданған И.Сталиннің «Ақжол» газеті туралы хат Алаш қозғалысына белсене қатысқан қазақ зиялыларын Кеңес үкіметімен ықтиярсыз болса да, бірлесе отырып, туған халқының мүддесі мен мақсаты, болашағы үшін қайткен күнде де қызмет ету мүмкіндігінен айырды.

Ф.Голощекин осы саясат аясында мүмкін болар ауыр зардаптарды, соның ішінде адам шығынын да заңды құбылыс деп есептеді. Ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алған ол оның ауыр зардаптарға соқтыратынын біле тұра өз идеясын жүзеге асыруға белсене кірісті. Ф.Голощекин басқа пікірмен, әсіресе оппозициямен санасуды ойламады. Оның бұл идеясына қарсы болғандар Т.Рысқұлов, т.б. Орталыққа шақырып алынды, ал басқалары С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Сұлтанов, Ж. Мыңбаев және т.б. 1926 жылы «ұлтшыл-уклонистер» ретінде айыпталды. С.Сейфуллин, М.Мырзағалиев, Н.Нұрмақов, С.Меңдешев, т.б. қуғынға ұшырады. Оның зұлым саясатының кесірінен қазақ ұлтының бетке ұстар азаматтары, зиялы қауым өкілдері республикадан алшаққа қуылды немесе басқа жаққа қызметке ауыстырылды.

1928 жылы Ф.Голощекиннің саяси жаулары саналған зиялылар –А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. алғаш рет қамауға алынды. 20-жылдардың соңында әлі де халық арасына ықпалы зор алаш зиялылары: М.Тынышпаев, Ж.Досмұхамедов, X.Досмұхамедов және басқалары тұтқындалды. Жалпы алғанда Қазақстандағы оппозицияның түбіне жеткен Ф.И.Голощекин сталиндік жаппай ұжымдастыру саясатын жүзеге асыра бастады.

Елдің болашағын ойлаған ұлт зиялылары қазақ мемлекеттігі мәселесіне ерекше мән берді. Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары Алаш автономиясын құрып, қазақ елі өз алдына отаутігіп отыруын мақсат етті.

«Заманына қарай амалы» демекші ұлт зиялылары заманның түріне қарап іс істеуге көшті. Ұлтына қызмет етуге ниет етті. 1917 жылы шілде айында өткен Бірінші Бүкілқазақтық құрылтайға қазақ зиялылары бауырлас түркі халықтарының зиялы қауым өкілдерін шақырыпы, түркі халықтарына ортақ мәселелер жөніндегі ортақ ойды ортаға салды.

1917 жылы желтоқсан айында екінші Бүкілқазақтық құрылтайда Алаш автономиясы, барлық саяси қозғалыстар мен партиялардың бүкілтүркістандық конгресінде Түркістан автономиясы құрылғаны жария етілді. Ғасыр басында Ресей мемлекетінің құрамында болған түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы да Қазан төңкерісін теңдекке қолымыз жетер деген бір үміт, бір күдікпен қарсы алғаны белгілі. Большевиктік отаршыл саясаттың бет пердесі ашылып, болмыс-бітімі айқындалған сайын, түркі халықтары өз аты жоғалмай тарихи тегі мен ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу жолында ұмтылыс жасады. Қазақ зиялылары отаршылдықтың шығудың жолы – түркі халықтарының тұтастығында деп соның бірлігін тіледі. Алаш зиялылары түркі халықтарымен достық, татулықты сақтай отырып Еуропалық өркениеттен қол үзбеу жағында болғанын да баса айту керек.

Тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылған Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясы мен Түркістан автономиясын большевиктер қарулы күш қолданып жойды. 1919 жылы қарашаның 4-де Түркістан майданының революциялық соғыс кеңесі Кеңес үкіметіне тікелей жанама түрде қарсы күресіп барлық қазақтарға тиісті шарттар орындалған жағдайда толық кешірім жасау туралы қаулы қабалдады.

Қазақ автономиясы мәселесін тңғыш көтеріп, оны өзі іске асырған Әлихан Бөкейханов «Найзаның ұшымен, айбалтаның күшімен, жүзімен болған үкіметке» қызмет етуден бас тартты. Осы оппозициялық қылығы үшін 1920-1922 жылдары оған «буржуазыиялық ұлтшыл» деген жала жабылып қуғындалды.

Тұтас бір халықты құртып жіберу үшін жасалған саясатқа қазақ зиялылары қарсы тұрды. Ресейдің КСРО деп аталған жаңа отаршыл мемлекетінің және В.Ленин бастаған жаңа коммунистік партиясының әкімшілік, идеологиялық езгісінде қалған түрік халықтарын орыстандыру саясаты мен халық ретінде жойылып кету қаупінен қорғау ісін ұлт коммунистері татар Мірсаид Сұлтанғалиев, өзбектер Ф.Ходжаев, Акмал Икрамов, қазақтар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов сынды қайраткерлер өз қолдарына алуға күш салды. 1923 жылы 17-25 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен РК(б)П он екінші съезінде ұлт саясаты туралы мәселеге баса назар аударылды.