- •Тж болғанда ұйымдар мен территорияларды, тұрғылықты халықты а.Қ. Шаралары.
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас
- •4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •5. Медициналық шаралар.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •6. Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Қорғаныс ғимараттарын пайдалануға даярлықта ұстаумен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасрыну орныдарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізіледі. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командирі) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады.
Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.
Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай-ақ оны жекелеген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған-қымтылған есіктердің, баулықтардың және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез-келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуы тиіс.
Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс: АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп-ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимараттың жәй күйін тексеру журналы, желдеткіш –сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен, өрт командаларымен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс.
Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын (мекеме) басшысы белгіленген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы қадағалауларда тексеріледі.
Қорғаныс ғимаратының кіреберістеріне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын участкелерге құрылыс салуға тиым салынады.
Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгіштерде тұруға тиіс.
Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс. Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет.
Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмыс үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.
Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғыларын пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі (сүзгіш-жұтқыштар мен регенеративті қондырғыларды қоспағанда).
Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырылуға тиіс.
Дәрет жинауға арналған авариялық резеруарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүзгіштелуге тиіс.
Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.
Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба-көрсеткіштерді және «Кіру» жарық дабылын қою;
қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлікпен маетриалдан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;
инженерлік-техникалық қондырғыларыдң тоқтатылуын жүргізу:
қорғалған-қымтылған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және экрандарды алу;
қорғалған-қымтылған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;
технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғылары жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.);
бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылмайтын желдеткіш жүйесіінң ауа ұстағыш және сорғыш саңылауларын жабу және қымтау;
авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;
желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінң ақаусыздығын тексеру;
қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру;
бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу;
сыртқы су құбырына қорғаныс ғимараттарының су құбыры жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыружәне ауыз суына арналған ыдысты қою;
дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;
ғимаратты желдету;
Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.
Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсету буынның басшылығымен жүргізіледі. Ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кету тәртібін сақтауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қорғаныс ғимараттары толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктеріінң жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады.
