Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №7.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94 Кб
Скачать
☆

2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.

Қорғыныс шараларының сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстык маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Бірінші кезекте соғыс уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:

— қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған калалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

— АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және болжанған орындарға, сондай-ақ кұрылыстары АҚ-ны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қара- пайым панаханаларға жасыру.

Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. Қарсылас жақтың ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолы жерлерде халықты негізінен радиоактивті закымдаудан қорғау қарастырылады.

Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай - ақ, ірі қалалардан көшірілген халықты да қорғау ескеріледі.

Сөйтіп соғыс қимылдары кезінде халық пен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандай да бір елді мекеннің қазіргі зақымдау құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанған шабуыл сипатына байланысты анықталады.

Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуге тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерде халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуға тиіс екендігін көрсетеді.

Бейбіт уакыттағы ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары үшін тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты.

Осылайша, сейсмоқауіпті аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандыгы мен экономикалық залалды азайту бойынша өткізілетін шаралар болып табылады.

ЬІқтимал су басу, тасқын аймағында орналасқан өңір үшін бұл міндет, ең алдымен, зілзаланы ескертуге байланысты.

Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ыктимал авария қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті аварияны болдырмау және ол пайда болған сәттегі залалды азайтуға байланысты.

3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс үдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық берс отыра халықты қорғау үдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен колемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін (із уақытында жоспарлап іске асыру қажет.

Осы шаралардың мәнің қысқаша қарастырайық.

а) Инженерлік шаралар.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ец негізгі үдісі болып табылады.

Сондыктан АҚ-ны дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында корғаныс ғимаратының құрылысын және калған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтыи орындарды ( РҚО) салуды өрістету болып табылады.

б) Көшіру шаралары.

Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді.

в) Радиация мен химиядан қоргау шаралары.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады ол мыналарды қамтиды:

  • халық пен АҚ құрамаларын;

  • қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен;

  • радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В. ИМД-5. ИМЛ-21);

  • химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПГІХР. ҚӘУЗ мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1);

  • дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24) камсыздандыруды;

  • осы құралдарды әзірлікте ұстауды;

  • радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;

  • халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды;

  • азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды;

  • радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді;

  • жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың "Мастер — 1", "Сосна", "Белла" тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды;

  • радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жоюды.

г) Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан корғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улагыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту не- месе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Ол мыналарды қамтиды:

  • санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;

  • халық пен АК бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;

  • халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке ққрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;

  • объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;

  • санитарлық-ветеринарлық және эпидемияга қарсы шараларды жүргізу.

д) Өрттен коргау шаралары.

Бүл — халық пен шаруашылык объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық жәнс ұйымдык, шаралардың кешені.

Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:

  • ықтимал өрт ахуалын болжауды;

  • қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді;

  • өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;

  • өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды;

  • өрт ошақтарын, сондай-ақ қала қүрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды;

  • өрттің алдын алуды, жайылтпау мен сөндіруді.

Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етсді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]