Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.7 Кб
Скачать

4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.

АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар.

Республика басқару органдарында әзірленетін әзара іс- қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелср енгізілген:

  • даярлық дабылдары бойынша АҚ жәнс ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;

  • коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердін, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

  • гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

  • зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мсн құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшактар, тікұшактар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын жәнс техниканы бөлуі мүмкін;

  • радиациялык және химиялык қадағалау меп лабораториялық бақылаудын бірыңгай жүйесін белгілеу;

  • көлік, медицина, инженерлік, материалдык-техникалық құралдармен өз-ара көмек көрсету жөніндегі шаралар;

  • санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

  • халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабалау құралдарын бірлесіп пайдалану.

Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамынын тиісті мсмлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ, және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.

5. Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан корғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улагыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту не- месе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Ол мыналарды қамтиды:

  • санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;

  • халық пен АК бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;

  • халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке ққрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;

  • объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;

  • санитарлық-ветеринарлық және эпидемияга қарсы шараларды жүргізу.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан жәнс төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халыкты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

  • қорғаныс ғимаратгарына жасыру;

  • халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

  • жеке және медициналық қорғаныс құралдарьш қолдану;

  • дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

  • азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улагыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

  • радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

  • өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

  • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

  • адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпті жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын папаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізшеді. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарынын қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасы- ның төтенше жагдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдар бекіткен "Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізіледі.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарыныц зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар- мен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс кұралдары қазіргі қарудын закымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар жоне АИ—2 жекс дәрі - дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар — ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру — бейбіт және соғыс уақытындағы төенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларыныц басты мақсаты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]