- •Тж болғанда ұйымдар мен территорияларды, тұрғылықты халықты а.Қ. Шаралары.
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас
- •4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •5. Медициналық шаралар.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •6. Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Дәріс №7
Тж болғанда ұйымдар мен территорияларды, тұрғылықты халықты а.Қ. Шаралары.
Дәрістің мақсаты: Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғауды зерттеу. Қорғау шараларын зерттеу.
Дәрістің жоспары:
Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу;
Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас;
Қорғаныс әдістері мен құралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас;
ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу;
Медициналық шараларды өткізу;
Қорғаныс ғимараттардысумен, электрмен, желдеткішпен жабдықтау;
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Тірек сөздер: панахана, сумен жабдықтау, желдеткіш, ғимарат, медициналық шаралар, қарапайым қоғаныс, радиакциядан қорғайтын орын, жылу орталығы, халықты қорғау.
Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.
Тәтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің әзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп - экологиялық апат қауіпі еткір түр: ауа ластанған, өзендер мен кәлдер қышқылды жауындармен уланған, топырак бүлінуде, ормандар құруда, әсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам кұрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін; Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарпынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып халыкты қорғаудың негізгі принңиптері мен үдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
Халықты қорғау принпиптері — бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі ресми белгілеген ережелер.
Халықты авария, апат, зілзала мен осы замаңғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық ұйғарымын, ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.
Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принңиптері мыналар:
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау — Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады:
б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құраддарынан қорғау үрдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру;
в) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
г) көшіру шараларын даярлау;
д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.
Осы заманғы зақымдау құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстарымен салыстырғанда сапалы жаңа ерекшеліктерімен көріне бастады.
Осы ерекшеліктерінің бірі — қаруды жеткізудің бүгінгі құралдары мен оның зақымдағыш қасиетінің Жер шарының кез-келген нүктесіндегі нысананы іс жүзінде жоятындығында. Сондықтан да тыл мен соғыс туралы ұгым енді салыстырмалы сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында осы заманғы зақымдау құралдары ықпалының аймағына кез келген елді мекеннің тап болуы әбден мүмкін.
Ат осы жәйт халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаратардың әрбір ауданда, қалада, объектіде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілетіндігін көрсетеді.
