Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОНЯ методичка каз практика отбжд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.65 Mб
Скачать

2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция

Бұл әрбір мамандық үшін бөлек әкімшілік цехтарының қауіпсіздік ережелері негізінде немесе әрбір жұмыс істеп жатқан адам үшін оның жұмыс орнындағы жұмысының қауіпсіздік ережелерін қабылдау мақсатында құрылады. Мұнда берілген цехтың ерешеліктері, жабдықтары, технологиялық процестері, орындалатын операциялары ескеріледі.

Инструкцияны баяндау тәртібі процесс барысына сәйкес келуі керек. Инструкция мазмұны төмендегідей:

- жұмысшыларға тікелей арналуы керек;

- айқын, анық, техникалық сауатты және түсінікті болуы керек;

- операцияны қауіпсіз орындау тәртібін,жұмыс істеген кездегі міндеті мен ережелерін, жұмысшыларға қойылатын тиянақты түрдегі қалыптасқан талаптарды анықтауы керек ;

- орындалуы жұмысшыларға байланысты емес талаптарды қамтымайды.

Сонымен қатар инструкцияға жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс орнына ауысу және одан кету кезіндегі қауіпсіздік шаралары және алғашқы көмек көрсету әдістері кіреді. Инструкция техникалық қауіпсіздік бөлімімен, кәсіподақ комитетімен келісіледі және кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

3. Есепке қойылатын талаптар

Есепте мыналарды көрсету керек:

  • жұмыс мақсаты.

  • қоршаған орта мен еңбек қорғау бойынша құқықты және нормативті техникалық құжаттардың түрлерін, құрылымын және тағайындалуын.

Блиц тест:

1. Қоршаған ортаны қорғау заңдылығы неге бағытталған ?

A адам әрекетінің табиғатқа зиянды әсерін болдырмауға

B табиғи тепе – теңдікті сақтауға

C табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға

D адам құқығын, өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге

Eбарлық жауап дұрыс

2. Берілген заңдардың қайсысы нормативті – техникалық құжаттарға жатпайды?

A Қазақстан Республикасының конституциясы

B Табиғатты қорғау бойынша стандарттар жүйесінің стандарттары

C Табиғатты пайдаланудың құқықтық мәселелері бойынша заң

D Еңбек туралы заң кодексі

E «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы

3. Берілген заңды актілердің арасынан артығын тап.

A «Еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы

B Қауіпсіздік ережелері

C Өндірістік санитарияның нормалары

D Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция

E Құрылыс нормалары мен ережелері

4. Табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері бойынша заңдар жүйесіне не жатпайды?

A Қазақстан Республикасының Жер Кодексі

B Қазақстан Республикасының Су Кодексі

C Қазақстан Республикасының Орман Кодексі

D Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы кодекс

E Қазақстан Республикасының Ауа Кодексі

5. ЕҚСЖ стандарттары неше класқа ие?

A 11

B 10

C 12

D 9

E13

6. ЕҚСЖ стандарттарының 4 классификациялық топтама кодына сай келетін атауды көрсет.

A Негізге алынатын мемлекеттік стандарттар

B Өндірістік қондырғыларға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарының стандарттары

C Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша жалпы талаптар мен нормалардң мемлекеттік стандарттары

D Жұмысшыларды қорғау қорғау құралдарына қойылатын талаптардың стандарттары

E Өндірістік процестерге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарының стандарттары

7. ТҚСЖ стандарттары неше класқа ие?

A 13

B 14

C 17

D 16

E 15

8. ТҚСЖ стандарты комплекстерін белгілеуде жіберілген қателікті тап.

A 17.7 – флора

B 17.2 – атмосфера

C 17.4 – топырақ

D 17.8 – ландшафттар

E17.3 – жер қойнауы

9. ТҚСЖ стандарттарының 2 классификациялық топтама кодына сәйкес келетін атау

A аппараттарға қойылатын талаптар

B сапасы, қалдықтар параметрі

C табиғатты құқықтық қорғау

D бақылау құралдарына талаптар

Eнегізгі жағдайлар

10. Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкцияны кім бекітеді?

A кәсіпорын басшысы

B кәсіподақ басшысы

C бас инженер

D инженер

E кәсіподақ комитеті

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сәйкес мамандық бойынша оқулық.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  3. Еңбек туралы Заң Кодексі (ЕтЗК)

  4. «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң.

  5. «Табиғи және техногенді сипаттағы кездейсоқ жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

  6. Қазақстан Республикасындағы « Еңбекті қорғау туралы» Заң.

  7. ҚнжЕ, қауіпсіздік ережелері.

  8. ЕҚСЖ және ТҚСЖ стандарттары.