- •Мазмұны
- •Практикалық жұмыстарды орындау реті мен мазмұны
- •Практикалық жұмыс №1 тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
- •2.6 Еқсж стандарттары
- •2.7 Тқсж стандарттары
- •2.8 Құрылыс нормалары және ережелері (қНжЕ) және құрылыс нормалары (қн)
- •2.9 Қауіпсіздікережелері
- •2.10 Өндірістік санитария нормалары
- •2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция
- •3. Есепке қойылатын талаптар
- •Практикалық жұмыс №2 Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.
- •Өздігінен жұмыс істеуге арналған есептер
- •Практикалық жұмыс №3 Электр жүйесінің кауіпсіздік параметрлері
- •1.1. Адам ағзасына электр тоғының әсері
- •1.2. Ағзаның жалпы электр кедергісі
- •Еденнің кедергі мәндері, Ом
- •Әртүрлі кернеу желісіндегі аяқ киім кедергісінің мәндері, Ом
- •8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:
- •Практикалық жұмыс №4 Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу
- •Си жүйесіндегі терминдердің атауы, белгіленуі және анықтамасы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктер анықтамасы, белгіленуі және олардың арасындағы қатынастар
- •Практикалық жұмыс №5 Ғимараттан адамдарды эвакуациялау
- •Эвакуациялық шығу және жолдар
- •Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты
- •7. Эвакуациялық жолдар дегеніміз не?
- •8. Қордағы шығарылатын жерлер дегеніміз не?
- •9. Квазистационарлы деген терминге түсініктеме бер?
- •10. Эвакуациялаудың қауіпсіздік шарты қандай өрнекпен анықталады?
- •Практикалық жұмысы №6
- •Жеке қорғау құралдарының классификациясы
- •Практикалық жұмыс №7 Найзағайдан қорғауды есептеу
- •1 Км2жербетіне 1 жылданайзағайтүсуініңорташасаны
- •Бір стреженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағын есептеу
- •Екістержендінайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Көп еселі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы
- •Біртростынайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Есептеу мысалы
- •Практикалық жұмыс №8 Радиоактивті және химиялық улану ошағы болған аймақтардың шекаралары мен құрылымын анықтау
- •Химиялық улану кезіндегі улану ошақтарының шекаралары мен құрылымын анықтау
- •5. Уланған аймақтың әртүрлі нүктелеріндегі радиация деңгейін есептеу нұсқалары
- •Практикалық жұмыс №9 Нысананың төтенше жағдайлар кезіндегі тұрақтылығын бағалау
- •Соққы толқынының әсеріне цехтің тұрақтылығын бағалау және ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену есебі үшін нұсқалар
- •Практикалық жұмыс №10 Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.
- •Радиациялық жағдайды бағалау.
Практикалық жұмыс №10 Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.
Жұмыс мақсаты: студенттерге оқу барысында жұмысшылар еңбегінің сипаты мен шарттары еңбектің сапасы мен өнімділігіне, еңбекке қабілеттілік деңгейіне әсер ететін болғандықтан экономикалық категория болып табылатынын көрсету; студенттерді еңбек шартының гигиеналық критерийлері және жіктелуімен таныстыру.
Сабақ барысында студенттер жұмысшылардың еңбек шартын бағалау келесі мақсатпен жүргізілетінін меңгеруі керек:
зиянды факторлардың нақты деңгейлерінің ұқсастығын гигиеналық нормативтермен бекіту және факторлардың жекелей де, жалпылай да қауіптілік пен зияндылыққа еңбек шартының қатынасын анықтау;
жұмысшының денсаулық жағдайын еңбек шарттарымен байланыстыра отырып, бекіту;
қорғаныстың жекелей құралдарын қолдануды негіздеу;
еңбек шартын жақсарту мақсатында болатын іс-шараларды ұйымдастыру.
Сабақтың нәтижесінде студенттер білуі қажет:
өлшеу жұмыстарының негізінде еңбек процесі мен өндірістік ортаның факторларын бағалау;
зияндылық және қауіптілік шартына сай еңбек шартының гигиеналық критерийлері мен жіктелулерін қолдана білу және еңбек шартының класын анықтау.
Сабақ жоспары:
1.Зияндылық және қауіптілік деңгейіне сай еңбек шартының гигиеналық критерийлері мен жіктелулерді игеру.
2.Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, еңбек процесі мен өндірістік ортаның факторларының шамаларына тәуелді еңбек шартының кластарымен танысу.
3.«Зияндылық пен қауіптілік деңгейіне байланысты жұмысшының еңбек шартын бағалу бойынша кесте » (1- кесте).
Теориялық бөлім
Белгілі бір мақсатқа ең тиімді жолмен жетуде орындалатын мамандардың әрекеттерінің кез келген түрі жұмысшының денсаулығының бұзылу себептері анықталмаған жағдайда еңбектің өнімділігі мен нәтижелілігін ең жоғарғы деңгейде орныдауға бағытталады. Көбінесе бұл шарттардың орныдалуы жұмысшының еңбекке қабілеттілігімен сипатталады.
Жұмысқа қабілеттілік ұғымы адамның берілген уақыт ішінде белгілі бір нәтижелілікпен мүмкіндігіше жұмыстың көп мөлшерін орындай алу қабілетімен түсіндіріледі. Жұмысқа қабілеттілік деңгейіне ішкі факторлармен қоса (физикалық күй, мотивация, мамандандырылған дайындық ), сыртқы факторлар да (шу, жарық, жұмыс орындарындағ ауаның ластануы) , сонымен қатар, еңбек процесінің факторлары (еңбек сипаты, жұмыс орнын ұйымдастыру) әсер етеді.
Осылайша, еңбек процесі кезінде адамның еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін еңбеі процесі мен өндірістік ортаның жалпы факторлары «еңбек шарты» терминімен сипатталады.
Еңбек әрекеті процесі кезінде жұмысшының денсаулығын қамтамасыз ету сұрақтарын медицина ғылымы қарастырады – құқықтық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, қалыпқа келтіру және өзге де қызметтерді қамтитын еңбек гигиенасы.
Қазіргі заманғы өндірістің сипатты ерекшелігі болып зиянды химиялық заттармен жұмыс орнындағы ауаның ластануы және кейбір физикалық факторлар деңгейінің өсуі, оның ішінде шу, электромагниттік сәулеленулердің пайда болу көздерінің кездеспеуі табылады.
Жұмысшыға әсер ететін өндірістік факторлардың мөлшерленуіне байланысты еңбек шарты қауіпті, зиянды, қауіпсіз болып бөлінеді.
Зиянды өндірістік факторлар жұмысқа қабілеттіліктің уақытша және тұрақты төмендеуін тудыруы, әр түрлі аурулардың жиі пайда болуын жоғарылатуы, денсаулықтың бұзылып, кәсіби аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Зиянды өндірістік фактор болып табылады:
физикалық факторлар: температура, ауаның ауыспалылығы мен ылғалдылығы, ионданушы сәулелер, механикалық толқындар (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс), ионданбайтын электромагниттік толқындар (ультракүлгін сәулелену, инфрақызыл, лазерлі, радиожиілікті сәулелер);
химиялық факторлар (газ және бу түзуші, конденсация, дезинтеграция және сұйықтық аэрозолдары), сонымен қатар табиғаты биологиялық кейбір заттар (дәрумендер, дәрілер, ферменттер, гормондар);
биологиялық факторлар: патогенді микроағзалар, микроағза продуценттер, ақуыз препараттары және т.б.
еңбек процесінің факторы: физикалық, динамикалық және статикалық жүктемелер, еріксіз жұмыс күйі, сенсорлы және эмоциялық күштеулер, жұмыс режимі және т.б.
Жекелей зиянды өндірістік факторлар белгілі бір ауқымды сипатта және әрекеттер экспозициясы қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпсіз еңбек шарты – бұл жұмысшыға әсері тиетін өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың болмауы немесе олардың деңгейінің гигиеналық нормативтерге сай болатын жағдайлар.
Еңбек шартының гигиеналық шарттары – күнделікті жұмыста аптасына 40 сағаттан аспайтын, барша еңбек өтілінде жұмысшының денсаулық жағдайының бұзылуы мен нашарлауын туғызбайтын зиянды өндірістік факторлар деңгейі. Еңбек шартының гигиеналық шарттарын қадағалау аса сезімтал адамдардың денсаулығының бұзылуына қарсы тұра алмайды.
Нарықтық экономика шартында жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынас кезінде қалыптасқан сұрақтардың бірі болып еңбек шарты жөніндегі сұрақтар табылады. Өндіріс мәдениеті, еңбек шартын жақсарту, жұмысшының денсаулығын сақтау әрқашан басшылардың, яғни жұмыс берушінің назарында болуы керек. Жұмысшылар мен қызметкерлер арасында еңбек шартын оңтайландыру нәтижесінде ауруларды,оның ішінде кәсіби, төмендету және еңбекке қабілеттілік деңгейінің жоғарылығы еңбек өнімділігін арттыруда және экономикалық шығындарды азайтуда маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Гигиеналық критерийлерге сай еңбек шарты зияндылық пен қауіптілік деңгейіне байланысты келесі төрт класқа жіктеледі: оңтайлы, мүмкін, зиянды жіне қауіпті.
Оңтайлы еңбек шарты – бұл жұмысшының денсаулығы сақталатын, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатуда алғышарттар жасалатын еңбек шарттары.
Өндірістің факторлардың оңтайлы нормативтері еңбек процесінің микроклиматтық параметрлер мен факторлары үшін жасалған. Ал өзге факторлар үшін оңтайлы болып жағымсыз факторлар кездеспейтін не тұрғындар үшін қауіпті деп саналмайтын деңгейдегі еңбек шарттары табылады.
Мүмкін еңбек шарттары – бұл жұмыс орындары үшін еңбек процесі мен өнжірістік факторлары гигиеналық норматив деңгейінде бекітілген жағдайлар, ал организмнің функциональді күйінің өзгерістері арнайы үзілісте немесе өзге ауысымға өту кезінде қайта қалыпқа келтіріледі. Мүмкін еңбек шарттарын шартты түрд еқауіпсіз деп есептейді.
Зиянды еңбек шарттары гигиеналық нормативтерге сай емес және жұмысшы организміне жағымсыз әсерін тигізетін әсерлерден тұратын зиянды өндіріс факторларының болуымен сипатталады. Зиянды еңбек шарттары өз кезегінде орнатылған гигиеналық нормативтерінің деңгейіне байланысты және өндірістік факторлардың жұмысшының организміне тигізген әсеріне қарай төрт зияндылық деңгейіне бөлінеді:
бірінші деңгей (3.1.) – еңбек шарты зиянды факторлардың гигиеналық нормативтер әсерінен әлдеқайда ұзақ уақыт зиянды факторлармен қатынасты үзу жолы арқылы өзгерістерді тудыратын ауытқулармен сипатталады, және денсаулықтың бұзылу қаупін арттырады;
екінші деңгей (3.2.) – тұрақты функциялық өзгерістерді туғызатын, көп жағдайда өндіріске негізделген аурулардың ұлғаюына, ұзақ уақыт жұмыстан кейін кәсіби аурулардың алғашқы белгілерінің немесе жеңіл түрлерінің пайда болуына әкелетін зиянды факторлар деңгейі;
үшінші деңгей (3.3.) – еңбек шартының кәсіби аурулардың алғашқы түрлері мен бастапқы формаларының одан әрі дамуына, және сырқат деңгейінің ұлғайып, уақыт өте жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуына әкелетін зиянды факторларымен сипатталады;
төртінші деңгей (3.4.) – кәсіби аурулардың ең ауыр формалары пайда болып, ұзақ мерзімді аурулардың өсімі мен жұмысқа қабілеттілік жоғалатын деңгей.
Бақылау сұрақтары
Жұмысқа қабілеттілік деген не және оның деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
«Еңбек шарты» терминіне анықтама беріңіз.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторларға анықтама беріңіз және олар қалай жіктеледі?
Еңбек шартының қауіпті және зиянды деңгейлерінің қандай кластары бар және әр класқа сипаттама беріңіз.
Глоссарий
Зиянды өндірістік фактор – жұмысшының денсаулығының бұзылуына және кәсіби аурулардың дамуына әкелетін өндірістік фактор
Қауіпті өндірістік фактор – ауыр сырқаттардың себепкері болатын, денсаулықтың кенеттен бұзылып, өлімге әкелетін өндірістік фактор.
Қауіпсіз еңбек шарттары – бұл жұмысшыға зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері тимейтін немесе олардың деңгейі гигиеналық нормативтерден аспайтын шарттар.
Еңбек шартының гигиеналық нормативтері – күнделікті жұмыста,бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтын режимде жұмысшының барша еңбек өтілінде денсаулығына еш зиян тигізбейтін, денсаулық күйін бұзбайтын зиянды өндірістік факторлар деңгейі.
Сызбалар, тапсырмалар, жағдайлар.
Кестелер: зияндылық және қауіптілік, еңбектің ауырлығы мен түсіретін салмағына қарай еңбек шартының жіктелуі
Өндірістік орта мен еңбек процестері факторларын өлшеу нәтижелері бойынша тапсырмалар.
Кесте 1
Зияндылық пен қауіптілік деңгейлеріне қарай жұмысшының еңбек шартын бағалау бойынша қорытынды кесте
Фактор
|
Еңбек шартының класы |
|||||||
Оңтайлы |
Мүмкін |
Зиянды |
Қауіпті |
|||||
|
1 |
2 |
3.1 |
3.2 |
3.3 |
3.4 |
4 |
|
Химиялық |
|
|
|
|
|
|
|
|
Биологиялық |
|
|
|
|
|
|
|
|
ПФД аэрозолдары |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шу |
|
|
|
|
|
|
|
|
Инфрадыбыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ультрадыбыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы діріл |
|
|
|
|
|
|
|
|
Желілі діріл |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ионданбайтын сәулелер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Иондаушы сәулелер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Микроклимат |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жарықтандыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңбек ауырлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңбек күштілігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңбек шартын жалпы бағалау |
|
|
|
|
|
|
|
|
3.Берілген тапсырмада келтірілген еңбек процесі мен өндірістік орта факторларынан гигиеналық критерийлерге сәйкес «Зияндылық пен қауіптілік деңгейлеріне қарай жұмысшының еңбек шартын бағалау бойынша қорытынды кестесіне» әр фактор үшін еңбек шартының класының бағалау нәтижелерін түсіріңіз. Өндірістік факторлар мен еңбек процесінің факторларын бағалау нақты зиянды фактор деңгейлерінің әсер етуші және гигиеналық нормативтік көрсеткіштеріне сай қатынасын орнату керек. Егер жұмыс орнында тапсырмаға сәйкес зиянды факторлар деңгейінің мәні оңтайлы мен мүмкін мәндер аралығында болса, онда бұндай жұмыс орынындағы еңбек шарты гигиеналық талаптарға сай және сәйкесінше бірінші не екінші кластарға жатқызылады. Егер кем дегенде бір фактор деңгейі қалыпты мәннен асып кетсе, онда бұндай жұмыс орынындағы еңбек шарты гигиеналық критерийлерге және шектен шыққан шаманың мөлешеріне қарай анықталады. Зиянды факторлардың үшінші класының төрт класына және қауіпті факторлардың төртінші класына жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік факторлардың біріккен және жинақталған әрекеттерін есепке ала отырып, еңбек шартын бағалау еңбек шартының класына сәйкес, әр фактор үшін жеке есептеледі. өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларын бағалау нәтижелері «Зияндылық пен қауіптілік деңгейлеріне қарай жұмысшының еңбек шартын бағалау бойынша қорытынды кестесіне» түсіріледі.Еңбек шартын қауіптілік пен зияндылық деңгейлеріне сай жалпы бағалаудың орнатылуы:
әлдеқайда жоғарғы клас пен зияндылық дейгейімен
3.1 класына жататын үш не одан да көп факторлар біріге әсер еткенде еңбек шартын бағалау 3.2 класына сәйкес келеді
3.2, 3.3, 3.4 кластарына жататын екі не одан да көп факторлар біріге әсер еткенде, еңбек шарты осыған орай бір саты жоғары класпен бағалаймыз
Егер жұмыс орынында зиянды не қауіпті өндірістік факторлар кездесепесе, немесе олар талаптарға сай нормадан аспайиын мәнде болса, сонымен қатар жарақат қауіпсіздік талаптары орындалса, жұмысшылар жеке бас қорғаныс жабдықтарымен қорғалатын болса, онда еңбек шарты гигиеналық аталаптарға сай болып табылады. Бұл жұмыс орындары аттестациядан өткен деп есептелінеді.
Жұмыс орындарында өндірістік және еңбек жағдайындағы зиянды және қауіпті факторлар белгіленген шамадан асып кетсе, сонымен қатар қауіпсіздік ережелері мен жарақат қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, онда бұл жұмыс орындарындағы еңбек шарты зиянды және қауіпті болып табылады.
Еңбек шарты үшінші класқа жатқызылса, жұмыс орындары шартты түрде аттестациядан өткізіледі. Ал егер төртінші қауіпті класқа жатқызылса, онда жұмыс орындары аттестациядан өткізілмейді және өзара тәркіленеді.
Қолданылған әдебиет:
Актуальные вопросы гигиены труда и физиологии труда в связи с ускорением НТП. Общая информация. – М., 1986.
Белов С.В., Морозова Я.А., Сивков Б.П. Безопасность жизнедеятельности. – М.,1992.
Борчук Н.И. Медицина экстремальных ситуаций. – Минск, 1998.
Гигиенические нормирования фактора производственной среды и трудового процесса. Ред. Измеров Н.Ф. – М., 1986.
№11 тәжірибелік жұмыс
