- •Мазмұны
- •Практикалық жұмыстарды орындау реті мен мазмұны
- •Практикалық жұмыс №1 тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
- •2.6 Еқсж стандарттары
- •2.7 Тқсж стандарттары
- •2.8 Құрылыс нормалары және ережелері (қНжЕ) және құрылыс нормалары (қн)
- •2.9 Қауіпсіздікережелері
- •2.10 Өндірістік санитария нормалары
- •2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция
- •3. Есепке қойылатын талаптар
- •Практикалық жұмыс №2 Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.
- •Өздігінен жұмыс істеуге арналған есептер
- •Практикалық жұмыс №3 Электр жүйесінің кауіпсіздік параметрлері
- •1.1. Адам ағзасына электр тоғының әсері
- •1.2. Ағзаның жалпы электр кедергісі
- •Еденнің кедергі мәндері, Ом
- •Әртүрлі кернеу желісіндегі аяқ киім кедергісінің мәндері, Ом
- •8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:
- •Практикалық жұмыс №4 Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу
- •Си жүйесіндегі терминдердің атауы, белгіленуі және анықтамасы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктер анықтамасы, белгіленуі және олардың арасындағы қатынастар
- •Практикалық жұмыс №5 Ғимараттан адамдарды эвакуациялау
- •Эвакуациялық шығу және жолдар
- •Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты
- •7. Эвакуациялық жолдар дегеніміз не?
- •8. Қордағы шығарылатын жерлер дегеніміз не?
- •9. Квазистационарлы деген терминге түсініктеме бер?
- •10. Эвакуациялаудың қауіпсіздік шарты қандай өрнекпен анықталады?
- •Практикалық жұмысы №6
- •Жеке қорғау құралдарының классификациясы
- •Практикалық жұмыс №7 Найзағайдан қорғауды есептеу
- •1 Км2жербетіне 1 жылданайзағайтүсуініңорташасаны
- •Бір стреженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағын есептеу
- •Екістержендінайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Көп еселі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы
- •Біртростынайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Есептеу мысалы
- •Практикалық жұмыс №8 Радиоактивті және химиялық улану ошағы болған аймақтардың шекаралары мен құрылымын анықтау
- •Химиялық улану кезіндегі улану ошақтарының шекаралары мен құрылымын анықтау
- •5. Уланған аймақтың әртүрлі нүктелеріндегі радиация деңгейін есептеу нұсқалары
- •Практикалық жұмыс №9 Нысананың төтенше жағдайлар кезіндегі тұрақтылығын бағалау
- •Соққы толқынының әсеріне цехтің тұрақтылығын бағалау және ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену есебі үшін нұсқалар
- •Практикалық жұмыс №10 Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.
- •Радиациялық жағдайды бағалау.
Практикалық жұмыс №1 тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған орта және еңбекті қорғау бойынша құқықтық және нормативті құжат түрлерін, олардың мазмұнын және қолдану аймақтарын өз бетімен зерттеу.
Сабақтың жоспары:
Әдістемелік нұсқауды оқу.
Еңбекті қорғау бойынша құқықтық, нормативті-техникалық құжаттардың құрылымдық түрлері мен тағайындалуымен танысу.
Жұмысты орындағаны жөнінде есеп (қорытынды) шығару.
Бақылау сұрақтары:
Қоршаған орта мен еңбекті қорғау бойынша заң шығаратын құжаттарды атаңыздар.
Қоршаған орта мен еңбекті қорғау бойынша нормативті техникалық құжаттар түрлерін атаңыздар.
ЕҚСЖ мен ТҚСЖ құрылымын және стандарттардың белгіленуін түсіндіріңіздер.
Қоршаған орта мен еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелері түрлерінің қолданылу және тағайындалу аймағын түсіндіріңіздер.
Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкцияны баяндайтын талаптарды атаңыздар.
Глоссарий
Еңбекті қорғау бойынша стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ) – КСРО халықтық шаруашылығында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын өзара байланысқан нормативті техникалық құжаттар кешені.
Еңбекті қорғау заңнамасы – профсоюз одақтарын бақылау кезінде мемлекеттік және шаруашылық органдар жүргізуі тиіс тікелей қауіпсіз еңбек шартын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесін қарастыратын нормалар жиынтығы.
Қоғамдық бақылау – бұл қауіпсіз еңбек шартын құру үшін профсоюз ұйымдастыратын бақылау.
Еңбекті қорғау бөлімі – кәсіпорынның жеке құрылымдық бөлімшесі, тікелей басшыға немесе кәспорынның бас инженеріне бағынады.
Еңбек шарты – еңбек үрдісі кезінде жұмысшының жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік орта факторларының кешені.
Бас инженер – кәсіпорында қауіпсіз еңбек шартын ұйымдастыру бойынша барша ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын басқарушы. возглавляет всю организационно-техническую работу по созданию
Ережелер, нормалар, инструкциялар – өндірістің барлық саласындағы кәсіпорындарды пайдалану, құрылыс жүргізу және жобалауда қадағалайға міндетті ережелер, жалпы одақтық болып саналады.
Система управления охраной труда – целевая подсистема в системе управления предприятием любой отрасли промышленности.
Теориялық бөлім
1.Еңбекті қорғау заңдылықтары еңбек құқығының бөлінбейтін бөлігі болып табылады, ол өндірістегі адам еңбегінің қолайлы, дені сау және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғау заңдылығы адам құқығын, оның өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге негізделген, ол адам әрекетінің табиғатқа зиянды әсерін болдырмауға, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Алдын ала аудиториядан тыс дайындалу кезінде студент оқулықтың сәйкес материалымен жұмыс істеп және мынаны анықтап алу керек : төтенше жағдайлар, қоршаған орта және еңбекті қорғау бойынша негізгі талаптар заңдармен және заңды акті деп аталатын, яғни, міндетті түрде орындауға тиісті және оларды бұзғаны үшін жауапқа тартылатын нормативті – техникалық құжаттармен бекітілген.
Олар төмендегідей Заңдар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Еңбек туралы заң кодексі (ЕтЗК)
«Еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы.
«Қазақ ССР-дағы қоршаған ортаны қорғау туралы» заң
Табиғатты пайдаланудың құқықтық мәселері бойынша заң
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы.
Заң негізіндегі актілер:
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарттары (МССТ ЕҚСЖ)
Табиғатты қорғау бойынша стандарттар жүйесінің стандарттары (МССТ ТҚСЖ)
Құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ)
Қауіпсіздік ережелері
Өндірістік санитарияның нормалары
Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция
2. Аудиториядағы өзіндік жұмыс
Бұл сабақтың мақсаты табиғатты және еңбекті қорғау бойынша құқықтық құжат түрлерімен, олардың құрылысы, бекітілуі және қолданылу аймақтарымен практикалық түрде таныстыру болып табылады. Ол үшін құжаттардың негізгі түрлерін қамтитын үлестіру материалдары пайдаланылады.
2.1 ҚРКонституциясы
Студент адам денсаулығын қорғау бойынша негізгі болып табылатын конституция баптарымен танысады ( 13,24,27 және т.б. баптар).
2.2 Еңбек туралы заңдар кодексі (ЕтЗК).
Студент ЕтЗК құрылымымен және еңбекті қорғау бойынша негізгі бөлімдердің мазмұнымен танысады (ұжымдық келісім, жұмыс уақыты, демалыс уақыты,әйелдер мен жастардың еңбегін қорғау, еңбекті қорғау бойынша бақылау).
2.3 «Еңбекті қорғау туралы» ҚР заңы
Студент заңның мазмұнын, оның құрылысын, еңбекті қорғау бойынша жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің құқығын және міндеттерін, еңбекшілерді білуі тиіс.
2.4 «Қазақ ССР-дағы қоршаған ортаны қорғау туралы» заң
Студент табиғатты қорғау сұрақтарын реттейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың және азаматтардың құқығы және міндеттерімен танысады.
2.5 Табиғатты пайдаланудың құқықтық мәсәлері бойынша заңдар
Студент елімізде табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері бойынша заңдар жүйесіне мыналар жататынын меңгеруі тиіс:
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі.
Қазақстан Республикасының Су Кодексі.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы кодекс.
Қазақстан Республикасының Орман кодексі.
«Жануарлар әлемін пайдалану және өндірісті қалпына келтіру, қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заң.
Студент табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою, тұрғылықты халықты қорғау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері және заң құрылымымен танысады.
Заңның мақсаты – авариядан, катастрофиядан және әр түрлі апаттардан тұрғындар мен ел территориясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық, экономиқалық және ұйымдастырылған-техникалық шараларды қалыптастыру жүйелері, бірыңғай мемлекеттік және техникалық саясатты жүргізу кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттеу.
Басқа аталған заңдардың мақсаты– табиғатты қорғау көзқарасы тұрғысынан адам қызметінің экологиялық жүйелермен өзара байланысының тепе – теңдігін сақтау.
