- •Мазмұны
- •Практикалық жұмыстарды орындау реті мен мазмұны
- •Практикалық жұмыс №1 тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
- •2.6 Еқсж стандарттары
- •2.7 Тқсж стандарттары
- •2.8 Құрылыс нормалары және ережелері (қНжЕ) және құрылыс нормалары (қн)
- •2.9 Қауіпсіздікережелері
- •2.10 Өндірістік санитария нормалары
- •2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция
- •3. Есепке қойылатын талаптар
- •Практикалық жұмыс №2 Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.
- •Өздігінен жұмыс істеуге арналған есептер
- •Практикалық жұмыс №3 Электр жүйесінің кауіпсіздік параметрлері
- •1.1. Адам ағзасына электр тоғының әсері
- •1.2. Ағзаның жалпы электр кедергісі
- •Еденнің кедергі мәндері, Ом
- •Әртүрлі кернеу желісіндегі аяқ киім кедергісінің мәндері, Ом
- •8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:
- •Практикалық жұмыс №4 Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу
- •Си жүйесіндегі терминдердің атауы, белгіленуі және анықтамасы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктер анықтамасы, белгіленуі және олардың арасындағы қатынастар
- •Практикалық жұмыс №5 Ғимараттан адамдарды эвакуациялау
- •Эвакуациялық шығу және жолдар
- •Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты
- •7. Эвакуациялық жолдар дегеніміз не?
- •8. Қордағы шығарылатын жерлер дегеніміз не?
- •9. Квазистационарлы деген терминге түсініктеме бер?
- •10. Эвакуациялаудың қауіпсіздік шарты қандай өрнекпен анықталады?
- •Практикалық жұмысы №6
- •Жеке қорғау құралдарының классификациясы
- •Практикалық жұмыс №7 Найзағайдан қорғауды есептеу
- •1 Км2жербетіне 1 жылданайзағайтүсуініңорташасаны
- •Бір стреженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағын есептеу
- •Екістержендінайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Көп еселі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы
- •Біртростынайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Есептеу мысалы
- •Практикалық жұмыс №8 Радиоактивті және химиялық улану ошағы болған аймақтардың шекаралары мен құрылымын анықтау
- •Химиялық улану кезіндегі улану ошақтарының шекаралары мен құрылымын анықтау
- •5. Уланған аймақтың әртүрлі нүктелеріндегі радиация деңгейін есептеу нұсқалары
- •Практикалық жұмыс №9 Нысананың төтенше жағдайлар кезіндегі тұрақтылығын бағалау
- •Соққы толқынының әсеріне цехтің тұрақтылығын бағалау және ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену есебі үшін нұсқалар
- •Практикалық жұмыс №10 Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.
- •Радиациялық жағдайды бағалау.
Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты
Бөлмеден және ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақыты адамдардың орналасқан алыстау орындарынан эвакуациялық шығу арқылы бір немесе бірнеше адамдар ағынының қозғалыс уақытын есептеу бойынша анықталады.
Есептеу
кезінде адамдар ағыны қозғалысының
барлық жолы бөліктерге: (өтетін жер,
коридор, есік қуысы, баспалдақты марш,
тамбур) ұзындығы
және ені
бөлінеді. Бастапқы бөліктері болып
жұмыс орындары, құрал-жабдықтар және
т.б. арасындағы өтетін жерлер есептеледі.
Есептеу уақытын анықтау кезінде эвакуация жолының әрбір бөлігінің ұзындығы мен ені жоба бойынша қабылданады. Жолдың ұзындығы баспалдақты марш бойынша, сондай-ақ пандуспен марш ұзындығы бойынша өлшенеді. Есік қиылысындағы жол ұзындығы нөлге тең деп алынады. 0,7 м қабырға қалыңдығында орналасқан қиылысты, сондай-ақ тамбурды соңғы ұзындыққа ие болатын горизонталь жолдың өз алдына бөліктері деп санауға болады.
Адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақыты tp жолдың жеке бөліктері бойынша адамдар ағыны қозғалысы уақытының қосындысы ретінде анықталады:
tp= t1+t2+...ti,
мұндағы t1 – бірінші (бастапқы) бөліктегі адамдар ағынының қозғалыс уақыты, мин; t2,…,ti – жолдың бірінші бөлігінен кейінгі келесі адамдар ағыны қозғалысының уақыты, мин.
Жолдың бірінші бөлігі бойынша адамдар ағыны қозғалысының уақыты мынаған тең:
t1=
,
мұндағы
-бірінші
бөліктегі горизонталь жол бойынша
адамдар ағыны қозғалысының жылдамдығы,
ол 4.2-кесте бойынша D1
тығыздыққа (м/мин) тәуелді анықталады.
ұзындығы
мен
ені
бар, жолдың бірінші бөлігіндегі адамдар
ағынының тығыздығы D1
мынаған тең:
D1=
мұндағы N1-бірінші бөліктегі адамдар саны; -адамның горизонталь проекциясының орташа ауданы, ол 4.2-кестеде берілген.
4.2-кесте
Ағын тығыздығы D, м2/м2 |
Горизон- таль жолы |
Есікті қиылыс |
Төменгі баспалдақ |
Жоғарғы баспалдақ |
|||
жылдам-дық, м/мин |
Интенсивті- лік q, м/мин |
Жыл-дамдық , м/мин |
Интенсивті-лік q, м/мин |
Жылдамдық , м/мин |
Интенсивтілік q, м/мин |
||
0,01 0,05 0,10 0,20 0,30 0,40 0,50 0,60 0,70 0,80 0,90 және одан көп |
100,0 100,0 80,0 60,0 47,0 40,0 33,0 27,0 23,0 19,0 15,0 |
1,0 5,0 8,0 12,0 14,1 16,0 16,5 16,2 16,1 15,2 13,5
|
1,0 5,0 8,7 13,4 16,5 18,4 19,6 19,0 18,5 17,3 8,5 |
100,0 100,0 95,0 68,0 52,0 40,0 31,0 24,0 18,0 13,0 8,0 |
1,0 5,0 9,5 13,6 15,6 16,0 15,5 14,4 12,6 10,4 7,2 |
0,6 3,0 5,3 8,0 9,6 10,4 11,0 10,8 10,5 10,4 9,9 |
|
Ескерту. 0,9 және одан көп ағын тығыздығы кезінде есікті қиылыста қозғалыс интенсивтілігінің кестелік мәні 8,5 м/мин тең, ол есік қиылысының ені 1,6 м және одан көп мәндер үшін анықталған, ал аз енді (б) есікті қиылыс кезінде қозғалыс интенсивтілігін мына формула бойынша: q=2,5+3,75 анықтау керек.
Біріншіден
кейінгі келесі жол бөлігіндегі адамдар
ағыны қозғалысы жылдамдығының
мәні
4.2-кесте бойынша жол бөліктерінің
әрқайсысы бойынша адамдар ағыны
қозғалысының интенсивтілігі мәніне
тәуелді қабылданады. Ол жолдың барлық
бөліктері үшін, оның ішінде есікті
қиылыстар үшін де анықталады:
qi=
,
мұнда
-жол
бөлігінің қарастырылатын (і) және оның
алдындағы бөліктің ені, м; qi,
qi-1-
қарастырылатын (і) және оның алдындағы
бөліктері (і-1) бойынша адамдар ағыны
қозғалысы интенсивтілігінің мәні,
м/мин; жолдың бірінші бөлігіндегі адамдар
ағыны қозғалысы интенсивтілігінің мәні
q=qi-1
4.2-кестедегі D1
мәні бойынша анықталады, D1
мәні жоғарыда көрсетілген формулада
берілген. Егер алынған qi
мәні qmax
мәнінен аз немесе оған тең болса, онда
қозғалыс уақыты жолдың бөлігі бойынша
мына формуламен: ti=
есептеледі.
Бұл кезде qmax мәні мынаған тең: горизонталь жолдар үшін 16,5 м/мин, есікті қиылыстар үшін 19,6 м/мин, баспалдақ бойынша төмен қозғалған кезде 16,0 м/мин және баспалдақ бойынша төмен қозғалған кезде 11 м/мин.
Егер
qi
мәні qmaxартық
болса, онда жолдың берілген бөлігінің
енін qi
qmax
шарты сақталатындай шамаға арттыру
керек. Бұл шарттың орындалуы мүмкін
болмаған жағдайда жолдың (і) бөлігі
бойынша адамдар ағыны қозғалысының
интенсивтілігі мен жылдамдығы D=0,9
және одан артық мәні кезінде 4.2-кесте
бойынша анықтайды.
Екі және одан да көп адамдар ағыны бөліктерінің (і) бастапқы бірігуі кезінде адамдардың қозғалыс интенсивтілігі (4.4-сурет) мынаған тең:
Qi=
,
Мұндағы
qi-1-
бөліктің (і) бастапқы кезінде бірігетін
адамдар ағыны қозғылысының интенсивтілігі,
м/мин;
-біріккенге
дейінгі жол бөлігінің ені, м;
-жолдың
қарастырылатын (і) бөлігінің ені, м.
4.4 – сурет. Адамдар ағынының бірігуі
Өрт уақытында адамдарды аяқ астынан эвакуациялау кезінде эвакуация уақытының критериі бөлме ауасындағы оттегі мен көмірқышқыл газының концентрациясы және адамның тірлігі үшін критикалық температураға жетуі болып табылады.
Жалпы түрде өрттің критикалық ұзақтығын анықтау үшін төмендегідей тәуелділік қабылдануы мүмкін:
мұндағы
tкр-
критикалық
температура,
0С;
Vбөл-бөлмекөлемі,
м3;
С-ауаның
меншікті
жылусыйымдылығы,
кДж/(
);
Q-өрткезінде
заттардың
жану
жылуы,
кДж/кг;
Аr–өрт
кезіндегі
жанудың
беткі
бөлігінің
ауданы,
м2;
wr
– жанып
бітудің
массалық
жылдамдығы,
кг/(
);
vr
–
жанғыш
заттардың
беткі
бөлігіндегі
жалынтаралуының
сызықтық
жылдамдығы,
м/мин;
- конструкциямен
қоршаған
орта
заттарын
қыздыруға
жұмсалатын
жылуды
ескеретін
коэффициент.
Өрттің критикалық ұзақтығын есептеу үшін бастапқы кезеңдегі жанусыртқы ауа қатысынсыз жүреді деп қабылданады; бұл кезде өртте бөлінетін жылу бөлме ауасын, құрылыс конструкциясын, құралдарды, қоршаған орта заттарын қыздыруға жұмсалады. Қаралыстырылатын уақыт кесіндісі үшін жылу алмасу режимі квазистационарлы деп аталады. Осыған байланысты жылу балансының теңдеуі былай жазылуы мүмкін: Qө=Qa+Qқ; мұндағы Qө–өртте бөлінетін жылу мөлшері, кДж; Qa – бөлме ауасын қыздыруға жұмсалатын жылу мөлшері, кДж; Qқ – қоршаған орта заттарын және құрылыс конструкциясын қыздыруға жұмсалатын жылу мөлшері, кДж.
Егер
Qқ
=
екенін
ескерсек,
онда
мына
өрнекті
аламыз:
Qө = Qa+ Qө ;
бұдан (1- )Qө=Qa
Qө=
Qa=
Онда өндірістік ғимараттарда жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды пайдалана отырып, өрттің критикалық ұзақтығын анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады:
=
Өрт болған жердегі үйден немесе ғимараттан эвакуациялаудың қажетті уақыты өрттің шекті ұзақтығы шамасын кауіпіздік коэффициентіне Кқ көбейткенге тең, ол бірден аз tнб= Кқ
Эвакуацияның кауіпсіздік шарты tр tнб өрнегімен сипатталады.
Эвакуациялық есіктің есептеп өткізу қабілетімен адамдар қозғалысы жылдамдығын есептеу кезінде әртүрлі кезеңдегі аяқ астынан болатын эвакуацияны есептеу ұзақтығы эвакуация ұзақтығының қажетті уақытына тең немесе аз болуы тиіс.
І және ІІ дәрежелі өртке тұрақты қоғамдық ғимараттың көрермен бөлмелерінен адамдарды эвакуациялаудың қажетті уақыты 4.3 –кестеде берілген.
4.3 –кесте
Бөлмеатауы
|
Бөлме көлемі кезіндегі, мың м3эвакуацияның қажетті уақыты, мин |
||||
5-кедейін |
10 |
20 |
40 |
60 |
|
Театр, клуб, мәдениет үйі және басқа сахнасы бар көрермензалдары Сахнасы жоқ көрермен, концерт, дәріс және мәжіліс залдары, көрме залдары және басқа залдар (кинотеатрлар, жабық спорттық мекемелер, цирк, асхана және т.б.)
Дүкендердің сауда залдары |
1,5
2,0
1,5 |
2,0
3,0
2,0 |
2,5
3,5
2,5 |
2,5
4,0
2,5 |
0
4,5
- |
4.4 –кесте
Өндіріс категориясы |
Бөлме көлемі (мың м3) кезіндегі эвакуацияның қажетті уақыты, мин |
||||
15-ке дейін |
30 |
40 |
50 |
60 және одан жоғары |
|
А, Б, Е В Г, Д |
0,50 1,25 |
0,75 2,00 |
1,00 2,00 |
1,50 2,50 |
1,75 3,00 |
Шектелмейді |
|||||
Адамдарды эвакуациялау үшін қызмет ететін коридорлары бар, І, ІІ және ІІІ дәрежелі отқа төзімді өндірістік мекемелердің көмекші ғимараттары мен қоғамдық ғимараттарда адамдарды алыс бөлмелерден сыртқа шығатын есікке дейін немесе жақын баспалдақты торға дейін эвакуациялау үшін қажетті уақыт төмендегідей қабылданған: 1,0 мин – екі баспалдақты тор немесе екі сыртқа шығатын есік арасында орналасқан бөлмеден; 0,5 мин – бөлмеден коридорға шығу үшін (4.5 –сурет).
І, ІІ және ІІІ дәрежелі отқа төзімді өндірістік ғимарат бөлмелерінен адамдарды эвакуациялауға қажетті уақыт 4.5-кесте бойынша бөлме көлеміне және өртке, жарылысқа қауіптілігі бойынша өндіріс категорияларына тәуелді анықталады.
4.5–сурет. Ғимарттарда адамдарды эвакуациялау үшін арналған коридорлар
Бөлменің бір эвакуациялық шығатын есігінен адам саны 50-ден аспағанда және алыс жұмыс орнынан жақын эвакуациялық шығатын есікке дейінгі қашықтық 25 м аспағанда бір ғана эвакуациялық шығатын есігі бар ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақытын анықтау талап етілмейді.
Егер келтірілген формула бойынша табылған эвакуация уақыты қажетті есептеуден алынған шамадан немесе жобалау нормасы бойынша артып кетсе, онда оны баспалдақ ені немесе эвакуациялық шығу бойынша қайта қарастыру керек:
=
Көп қабатты ғимараттарда эвакуацияны есептеу әрбір қабат үшін жеке, яғни жоғарғы қабаттан бастап, жоғарыда келтірілген формула бойынша жүргізіледі.
Эвакуацияны есептеу сыртқы есіктің өткізу қабілетіне тәуелді ғимараттан адамдарды толықтай эвакуациялау ұзақтығын анықтаумен аяқталады:
мұнда
t0
– сыртқы
есік
арқылы
эвакуация
басталғанға
дейінгі
уақыт,
мин;
-
сыртқы
есіктердің
қосындыені,
м;
N – ғимаратта
эвакуацияланатындардың
жалпы
саны.
Сыртқы есіктің талап етілетін ені:
Ережеге сәйкес, аяқ астынан болатын эвакуация кезіндегі ағын тығыздығы 1 м2-ге 4-5 адамнан көп болуы мүмкін, қозғалыс жылдамдығы 11-19,6 м/мин тең деп қабылданады. Қозғалыстың осы жылдамдығы баспалдақ немесе сыртқы есік арқылы эвакуация басталғанға дейінгі уақытты анықтау кезінде де қабылдануы мүмкін. Баспалдақтан сыртқы есікке дейінгі эвакуация жолындағы қозғалыс жылдамдығын максимум тығыздық үшін қабылдау керек, өйткені Vi= 16 м/мин тең; адамдардың көп жиналған бөлмесіндегі баспалдақ бойынша қозғалыс жылдамдығы барлық жағдайға V= 11м/мин.
Өндірістік ғимаратта, сондай-ақ басқа ғимараттарда да адамдар ағыны тығыздығы көрсетілген мәннен аз болған кезде баспалдақ пен сыртқы есіктердің өткізу қабілеті және қозғалыс жылдамдығы адамдар қозғалысының қолайсыз нұсқасы кезінде адамдар ағыны тығыздығының мәніне тәуелді анықталады.
Эвакуациялық шығу алдында адамдар ағынының тығыздығы сол шығуға апаратын эвакуация жолындағы тығыздықты эвакуация жолы енінің эвакуациялық шығу енінің қатынасына көбейткенге тең. Бұл кезде адамдар ағанының тығыздығы 10-12 адам/м2 көп болмайды.
Бақылау сұрақтары
Ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялау процесін сипаттайтын негізгі параметрлер.
Адамдардың біртекті емес құрамы кезіндегі тығыздықты анықтау формуласы.
Адамдар ағыны қозғалысы жылдамдылығының тәуелділігі.
Авария жағдайында қозғалыс жылдамдығының анықталуы.
Ағын қозғалысының жылдамдығы мен қозғалыс интенсивтілігінің айырмашылығы.
Жол бөлігінің берілген ұзындығы кезіндегі максимум өткізу қабілетінің байланыстығы.
Эвакуациялық шығуға сипаттама.
Эвакуация жолдары және өтетін жерлеріне шолу.
Механикалық өткізгіштермен байланысты жоспарлау жолдары.
Эвакуацилау дегенімізге анықтама.
Ғимараттан эвакуациялау процесінің түрлері және кезеңдері.
Бөлмеден және ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақыты.
Жалпы түрде өрттің критикалық ұзақтығын анықтау.
Квазистационарлы дегенімізге түсініктеме.
Эвакуациялық шығу алдында адамдар ағынының тығыздығы.
Глоссарий
Эвакуация – тұрғындарды және материалды байлықтарды апатты жағдайлардан және адам өмірін сақтау мақсатында, өндірісті қамтамасыз етуде зақымданудың заманауи құралдарын қолдану мүмкін болатын аудандардан ұйымдасқан шығару.
Рассредоточение — соғыс уақытында өндірістік іс-әрекетті жалғастырушы кәсіпорынның жұмысшылатын және қызметкерлерін (олардың отбасы мүшелерін) категорияланған қалалардан ұйымдастырып шығарып, қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Қауіпсіз аймақ – мүмкін болатын бұзылулар, радиактивті ластану және химиялық улану, сонымен қатар апатты топан су басу аймақтарынан тыс орналасқан, көшірілген тұрғындарды орналстыруға және оның өмірінің бірінші ретті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін алдын ала дайындалған территория.
Бөлшектеп эвакуациялауға көлік жұмысының графигін бұзбай эвакуациялық іс-шараларға дейінгі зақымданудың заманауи құралдарын қолдану қауіптілігі кезінде қызмет көрсету (зейнеткерлер, ЖОО-ның студенттері, колледж, лицей және гимназия, мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары, балалар үйі мен арнайы балалар мекемелеінің тәрбиеленушілері, администрация мен оның жанұясының мүшелері) саласында және өндірісте қамтамасыз етілмеген тұрғындар жатады.
Сұлбалар, есептер, жағдайлар
Адамдарды эвакуациялау уақытын есептеу мысалы.
Эвакуациялау жолдары мен уақытының есебін әмбебеб дүкеннің екінші қабатының сауда залының мысалы бойынша қарастырамыз. Оның көлемі 10 мың.м3, ауданы F(t.3.)=544 м2 , оның ішінде F(o6.)=108м2жабдық алып тұр. Төтенше жағдай туындауы кезіндегі залдағы адамдар саны (N) 400 адам болды.
Шешуі:
1)Ағынның орташа тығыздығы:
D(орт)=N / (F(с.з.)-F(жал.))=400/(544-108)=0,966адам/м2
2)Эвакуациялаудың барлық жолын 10 участокке бөлеміз
3)Ұзындығы 3 метр және ені 17 метр болатын бірінші участокте келесілер табылады:
N(l)=F(l)*D(оpт)='3*17*0,966=49адам. Формула бойынша бірінші участоктегі адам ағындарының тығыздығын табамыз, ал 4.2-кесте бойынша табылған тығыздыққа сәйкес жылдамдық мәні мен қозғалыс қарқындылығын анықтаймыз:
D(1)=49*0,125/3*7=0,12m2/m2
V=76м/мин; q=8,8м/мин
4) Өлшемдері бірдей 2-7 участоктерде (ұзындығы 26м және ені 2м) қозғалыс үрдісі кезінде орналасады:
N(2)=N(3)=N(4)=N(5)=N(6)=N(7)=F(2)*D(оpт)+(l/6)N(l)=26*2*0,966+(l/6)*49=584адам. 2-7 участоктердегі ағын тығыздығы, қозғалыстың жылдамдығы мен қарқындылығы құрайды:
D(2-7)=58*0,125/26*2=0,14m2/m2
V(2-7)=72m/мин; q(2-7)=9,6м/мин
5)Ұзындығы 3 метр және ені 17 метр сегізінші участокте ағында тоғысады. Осы участоктегі қозғалыс қарқындылығы келесі формуламен анықталады:
q(8)=9,6*2*6/17=6,8м/мин V=88м/мин
6)Тоғызыншы участок ені 5 метр болатын қуыс түрінде болады. Осы участоктегі қозғалыс қарқындылығы келесіге тең болады:
q(9)=q(8)*b(8) / b(9)=6,8*17/5=23,1м/мин >q(мах)=16,5м/мин. Нәтижесінде, бұл қуыс эвакуацияланып жатырған адамдарды кедергісіз өткізе алмайды және қозғалыс кідіруі мүмкін. Қуыс енін келесі өлшемдерге дейін үлкейту керек:
b(9)= q(i-i)*b(i-i) / q(Max)= 17*6,8/16,5= 7м
7)Сатыға апаратын оныншы участоктегі (ені 8 метр және ұзындығы 4 метр) қозғалыстың қарқындылығы және жылдамдығы келесіге тең болады:
q(10)=q(9)*b(9) / b(10)=16,5*7/8=14,4м/мин
V(10)=45,9м/мин
8)Ені 2,4 метр болатын саты бойынша қозғалыс ағынының қарқындылығы құрайды:
q(л)=q(10)*b(10) / b(л)=14,4*8/2,4=48м/мин >(мах)=16м/мин. Сатының енін ұлғайту мүмкін болмағандықтан, (норма бойынша оның максималоды ені 2,4 м) сатыда қозғалыстың кідіруі пайда болады. Ағын тығыздығы бойынша (0,966 адам/м2) 4.2-кестеден сатымен қозғалған адамдар қозғалысының қарқындылығы мен жылдамдығын табамыз:
V(л)=8м/мин; q(л)=7,2м/мин
Кідірту уақыты :
tкідірту400*0,125*(l/7,2*2,4 - 1/14,4*8)=2,95мин
9)Бірінші қабаттың есігінен (1,5 метр) өтетін қозғалыстың қарқындылығын анықтаймыз:
q(есік)=q(с)*b(с) / b(қозғ)= 7,2*2,4/1,5=11,5м
10)Әр участоктегі адамдар қозғалысының уақытын анықтаймыз:
t( 1 )=L( 1 )/V( 1 )=3/76=0,04мин
t(2-7)=26/72=0,36мин
t(8)= 3/88=0,03мин
t(10)=4/45,9=0,09мин
t(с)=2*3,6/8=0,9мин
Эваукуациялаудың жалпы уақыты:
t(p)= t(l)+t(2-7)+t(8)+t(10)+ t(л)+ t3aa =0,04+0,36+0,03+0,09+1,35+2,96=4,82мин Эвакуациялаудың есептік уақыты өрт сөндіру қауіпсіздігінің (4,3 және 47,4-кесте) талаптарын қанағаттандырмайды, сондықтан бөлмені қайтадан жобалау керек
Блиц–тест
1. Ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялау процесін сипаттайтын негізгі параметрлерге не жатады?
тығыздық – Р, үдеу – а, температура – Т
тығыздық – D, қозғалыс жылдамдығы – v, жолдың өткізу қабілеті - Q
D, T, v
D, a, q
Q, Т, а
2. N адамдардан тұратын ағынның тығыздығын анықтайтын формула?
D=N/A
A=q*l
P=N/A
A=P/N
D=Р/N
3. Жолдың өткізу қабілеттілігін анықтайтын формуланы тап?
q=D*v
D=v/q
Q=D*v*σ
D=N/А
q=D*v*σ
4. Адамдар ағыны қозғалысының интенсивтілігі қандай шамаларға тәуелді?
қозғалыс тығыздығы мен жылдамдығына
жолдың ұзындығы және адамдар санына
ағынның максималды интенсивтілігіне
эвакуациялық бөлік жолдарының ауданына
жол ұзындығы мен жылдамдығына
5. Баспалдақтар маршының максимум ені нешеге дейін рұқсат етіледі?
1,8м
2,4м
2,8м
3м
3,5м
6. Эвакуациялық шығу дегеніміз не?
Эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар
қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытша қолданылуы мүмкін жерлер
есікті қуыстар, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса, тікелей немесе вестибюль алқылы сыртқа шығаратын баспалдақты торлар
адамдар эвакуациялық жолмен қозғала отырып, адамдар ағынының түзілуі
үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы
