Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОНЯ методичка каз практика отбжд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.65 Mб
Скачать

Эвакуациялық шығу және жолдар

Белгілі бір талаптарға жауап беретін (СниП ІІ-90-81; СниП ІІ-2-80), эвакуациялық шығу және жолдарды жобалау мен адамдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету байланысты. Эвакуациялық шығу және жолдар өрт немесе аварияның пайда болуы мүмкін ғимараттар немесе құрылыстар шегінде қауіптілік көзінен адамдарды алып кетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Эвакуациялық шығу деп есікті қуыстар есептеледі, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса; тікелей немесе вестибюль арқылы сыртқа шығаратын баспалдақты тор; өтетін жер немесе тікелей сыртқа шығаратын коридор немесе баспалдақты тор; сол қабаттың көрші бөлмелері және олар ІІІ дәрежеліден төмен емес отқа төзімді болуы тиіс, өрт қауіптілігі бойынша А, Б және Е категорияларына жататын өндірісті қамтымауы қажет, сондай-ақ тікелей сыртқа немесе баспалдақты торға шығаратын болуы тиіс (4.2-сурет)

4.2-сурет. Эвакуациялық шығу қондырғысының жеткілікті варианттары: 1-бірінші қабаттағы бөлме; 2-біріншіден басқа кез келген қабаттағы бөлме; 3-өтетін коридорлар немесе вестибюль; 4-баспалдақ торлары; 5-ІІІ дәрежеліден төмен емес отқа төзімді В, Г және Д категориялары кезіндегі өтетін бөлмелер.

Көрсетілген белгілерге ие болмайтын барлық қуыстар, оның ішінде есікті қуыс та эвакуациялық болып саналмайды және есептеу жүргізілмейді.

Эвакуациялық жолдар деп эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар саналады. Өте кең таралған эвакуация жолдары өтетін жерлер (проходы), коридорлар, фойе және баспалдақтар болып табылады. Механикалық өткізгіштермен байланысты хабарлау жолдары (лифт, эскалатор) эвакуация жолдарына жатпайды, өйткені барлық механикалық өткізгіштер энергия көзімен байланысты және олар өрт немесе авария кезінде қатардан шығып қалуы мүмкін. Эвакуациялық деп ғимараттың сыртына шығаратын тоннельге кіру де есептеледі, ал жоғары қабатты ғимараттарда эвакуациялық деп түтінденбейтін баспалдақты торға шығу да есептеледі.

Өз алдына фундаментте немесе этажеркада орналасқан, ашық өндірістік қондырғыларда қондырғының шетіне апаратын немесе сыртқа шығуға тікелей қатысы бар, аралас өрт қауіпсіздігі сақталған бөлмелер эвакуациялық жолдарға жатқызылады.

Қордағы шығатын жерлер деп қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытта қолданылуы мүмкін жерлер айтылады. Адамдар өте көп болатын бөлмелер эвакуация кезінде қордағы шығатын жерлер деп есептелмейді.

Қауіпсіз адамдарды аяқ астынан эвакуациялау үшін, ережеге сәйкес, кемінде екі эвакуациялық шығатын есігі бар ғимараттарға орналастырылады, бірақ көптеген көп қабатты ғимараттар үшін аз өлшемдегі және біраз сыйымдылықтағы бір баспалдақ адамдарды өз уақытында эвакуациялауды толықтай қамтамасыз етеді. Бұл баспалдақ түтіндеуі мүмкін жағдайда, сондай-ақ өртті сөндіру үшін операцияны қамтамасыз ету үшін екінші шығатын жер сыртқы баспалдақты орналастырады.

Ғимараттан эвакуациялау процесі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы. Мұндай үйлерге мыналар жатады: өндірістік цехтар, шеберханалар, театр, кинотеатр, клубтардағы көрермен залдары және оқу орнындағы аудиториялар, емдеу мекемелерінің палаталары және т.б.

Эвакуацияның екінші кезеңі үйдің эвакуациялық шығатын жерінен сыртқа шыққанға дейінгі адамдардың қозғалысы болып табылады. Мұндай қозғалыс коридор, фойеге шығу және баспалдақ торлары бойынша және баспалдақ бойынша-вестибюль арқылы сыртқа шығу нәтижесінде жүзеге асады. Егер ғимарат жай функционалды процеспен бір қабатты болса, эвакуацияның екінші кезеңі үйдің эвакуациялық шығатын жерінен коридор бойынша тікелей сыртқа шығу нәтижесіндегі қозғалыстан тұрады. Кей жағдайда өндірістік және тұрғын бір қабатты ғимараттардың шығуы сыртқа шығумен сәйкес келеді. Мұндай жағдайда эвакуацияның екінші кезеңі болмайды.

Үшінші кезең - ғимараттан шыққан адамдар қозғалысы және олардың қала ағынында немесе зауыт территориясында таралуы.

«Құрылыс нормалары мен ережелері» көптеген үйлер үшін, театрлар мен спорт сарайларын ескермегенде, баспалдақ торлары маршының қосынды енін, сондай-ақ 100 адамға 0,6 м аз деп есептегенде эвакуация жолындағы өтетін жерлер немесе коридорлар мен есіктердің енін анықтауды талап етеді.

Қамбаларда (подвал) және цокольды қабаттарда орналасқан үйлерден шығу үйдің эвакуация жолында жанғыш материалдар болмаған жағдайда жалпы баспалдақ торлары арқылы мүмкін болады.Қамбада немесе цокольді қабатта орналасқан және онда орналасқан адамдар саны 15-тен аспағанда, 300 м2 ауданды үйден шығу кезінде вертикаль баспалдақтары бар люкті, сондай-ақ шығуды жеңілдететін, арнайы бекітілген икемді қондырғылары бар, өлшемі 0,75 1,5 м-ден аз емес терезелерді пайдалануға рұқсат етіледі. Эвакуация жолы ретінде арналған үйлер биіктігі 2,0-ден аз болмауы тиіс.

Эвакуацияның барлық жолдары жолдың еркін ұзындығын азайтатын элементтерсіз, тік вертикаль қоршау конструкциялары мүмкіндігіне қарай болуы тиіс. Эвакуация жолдарының барлық түрлерінде табиғи немесе жасанды жарығы болуы керек.

Коридордың немесе өтетін жердің минимум ені есептеліп, анықталады, бірақ ол 1,0 м-ден аз болмауы тиіс (4.3-сурет). Кейбір ескертуге жататын өтетін жерлер бар, олардың төменгі бөлігінің биіктігі аздап құрал-жабдықтармен жабық болуы мүмкін (мысалы, көрермен отыратын бөлменің креслолар арасындағы өтетін жер, оқу аудиториясы, кластардағы столдар арасы және т.б.) Мұндай өтетін жерлер ұзындығының төменгі жағы 0,5 м-ден аз болмауы тиіс.

4.3-сурет. Эвакуациялық жол ені

Бір-біріне жақын бөлмелерден коридорға шығатын есік адамдар ағынының барысы бойынша немесе бөлменің ішіне қарай ашылуы мүмкін. Егер есік адамдар ағынының барысына қарсы ашылатын болса, онда коридордың есептелетін ұзындығын ашық есіктің жақтауы арасындағы жарыққа және коридордың қарама-қарсы жарына немесе коридордың қарама-қарсы жағында тұратын ашық есік жақтауына есептеу керек. Эвакуация үшін арналған өтетін жерлер мен коридорлар аз ұзындықта және бұрылыстың саны аз болуы керек. Адамдар көп жинақталатын орындарда, коридорларда жинақталатын адам саны және шектеулі тығыздық бойынша оның өлшемін анықтап, жолдың кеңеюін қамтамасыз ету керек. Өтетін жер немесе коридордың барлық өн бойында табалдырықтар немесе аралық баспалдақтар болмауы тиіс. Еден деңгейінің біраз айырмасы кезінде 1:8 көлбеудегі пандустар қойылуы қажет.

Баспалдақтар маршының минимум ені есептеліп анықталады, бірақ ол жалғыз адамның еркін қозғалу шарты бойынша белгіленгеннен аз болмауы тиіс. Марштың максимум ені 2,4 м шейін рұқсат етіледі. Баспалдақ торындағы үйдің және коридордың есіктері ашық тұрған күйде эвакуация жолының есептелген енін азайтпағаны жөн.

Адамдардың эвакуациясы үшін арналған сыртқы өрт баспалдақтары аудандар арқылы үйлермен немесе 0,9 м-ден аз емес биіктікте шектелген және эвакуациялық шығу деңгейінде орналасқан балкондармен байланысқан болуы тиіс. Эвакуация жолындағы қиылыстың минимум ені есептеліп анықталады, бірақ ол 0,8 м-ден аз болмауы қажет. Эвакуация жолындағы есікті қиылыстар коридордың өту осі бойынша немесе баспалдақ торларында орналасқаны жөн. Ережеге сәйкес, эвакуация жолындағы есіктерді эвакуация уақытында адамдар ағыны қозғалысы барысында қолданады. Басқа жүйелердің (қозғалмалы, көтерілмелі, айналмалы) есіктерін қолдануға ескерту уақытында ғана, яғни авария жағдайында адамдарды кедергісіз эвакуациялауды қамтамасыз ету кезінде рұқсат беріледі.