- •Мазмұны
- •Практикалық жұмыстарды орындау реті мен мазмұны
- •Практикалық жұмыс №1 тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
- •2.6 Еқсж стандарттары
- •2.7 Тқсж стандарттары
- •2.8 Құрылыс нормалары және ережелері (қНжЕ) және құрылыс нормалары (қн)
- •2.9 Қауіпсіздікережелері
- •2.10 Өндірістік санитария нормалары
- •2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция
- •3. Есепке қойылатын талаптар
- •Практикалық жұмыс №2 Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.
- •Өздігінен жұмыс істеуге арналған есептер
- •Практикалық жұмыс №3 Электр жүйесінің кауіпсіздік параметрлері
- •1.1. Адам ағзасына электр тоғының әсері
- •1.2. Ағзаның жалпы электр кедергісі
- •Еденнің кедергі мәндері, Ом
- •Әртүрлі кернеу желісіндегі аяқ киім кедергісінің мәндері, Ом
- •8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:
- •Практикалық жұмыс №4 Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу
- •Си жүйесіндегі терминдердің атауы, белгіленуі және анықтамасы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктер анықтамасы, белгіленуі және олардың арасындағы қатынастар
- •Практикалық жұмыс №5 Ғимараттан адамдарды эвакуациялау
- •Эвакуациялық шығу және жолдар
- •Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты
- •7. Эвакуациялық жолдар дегеніміз не?
- •8. Қордағы шығарылатын жерлер дегеніміз не?
- •9. Квазистационарлы деген терминге түсініктеме бер?
- •10. Эвакуациялаудың қауіпсіздік шарты қандай өрнекпен анықталады?
- •Практикалық жұмысы №6
- •Жеке қорғау құралдарының классификациясы
- •Практикалық жұмыс №7 Найзағайдан қорғауды есептеу
- •1 Км2жербетіне 1 жылданайзағайтүсуініңорташасаны
- •Бір стреженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағын есептеу
- •Екістержендінайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Көп еселі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы
- •Біртростынайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Есептеу мысалы
- •Практикалық жұмыс №8 Радиоактивті және химиялық улану ошағы болған аймақтардың шекаралары мен құрылымын анықтау
- •Химиялық улану кезіндегі улану ошақтарының шекаралары мен құрылымын анықтау
- •5. Уланған аймақтың әртүрлі нүктелеріндегі радиация деңгейін есептеу нұсқалары
- •Практикалық жұмыс №9 Нысананың төтенше жағдайлар кезіндегі тұрақтылығын бағалау
- •Соққы толқынының әсеріне цехтің тұрақтылығын бағалау және ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену есебі үшін нұсқалар
- •Практикалық жұмыс №10 Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.
- •Радиациялық жағдайды бағалау.
Практикалық жұмыс №5 Ғимараттан адамдарды эвакуациялау
Жұмыстың мақсаты: Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың көп қабатты құрылысының жаппай салынуына,блокталған өндірістік ғимараттардың бұқара халық жинақталатын қоғамдық ғимараттарды қайталауына (көшірмесіне) сәйкес адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету, ғимараттар мен құрылыстарды эвакуациялауды сипаттайтын негізгі параметлермен танысу.
Сабақтың жоспары:
Әдістемелік нұсқауларды үйрену;
Берілген варианттар бойынша эвакуация уақытын анықтау;
Есептелініп алынған эвакуация уақыты адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін дәлелдейтін қорытынды жасау.
Теориялық бөлім
Адамдар қозғалысының параметрлері
Ғимараттар
мен құрылыстардан эвакуациялау процесін
сипаттайтын негізгі параметрлер:
тығыздық D, адамдар ағынының қозғалыс
жылдамдығы
,
жолдың (шығу) өткізу қабілеті Q және
қозғалыс интенсивтілігі q. Бұдан басқа
эвакуациялық жолдар әрі горизонталды,
әрі иілмелі бағытта бос ұзындықпен
және қозғалыс енімен де
сипатталады.
Адамдар эвакуациялық жолмен қозғала отырып, адамдар ағынын түзеді. Ағындағы адамдарды орналастыру кездейсоқ болуы және қозғалыс процесінде өзгеруі мүмкін.
N адамдардан тұратын адамдар ағынының тығыздығы D мынаған тең: D=N\A; мұндағы А-эвакуациялық бөлік жолдарының ауданы, м2; А= .
Егер адамның горизонталь проекциясының ауданын f арқылы (4.1-кесте) белгілісек, онда тығыздықты (м2\м2) анықтау формуласы төмендегідей түрге өзгереді:
D=
/A
Адамдардың бір текті емес құрамы кезінде тығыздықты анықтау формуласы төмендегідей түрде жазылуы мүмкін:
D=
мұнда
Nn–
горизонталь проекциялы
ауданға ие болатын адамдар саны.
Адам\м2
тығыздығын бағалау қажет болған жағдайда
алынған тығыздықты
мәніне бөледі.
0,05
м2/м2
дейінгі тығыздық кезінде бағыт бойынша,
сол сияқты өзіне керекті жылдамдық
бойынша да адам қозғалыстың толық
еркіндігіне ие болады. 0,05<D<
0,15 аралығындағы тығыздық кезінде адам
өзінің қозғалыс бағытын еркін өзгерте
алмайды; 0,15 м2/м2
артық тығыздық кезінде адамдар практикалық
түрде бірге қозғала бастайды. Бірге
қозғалыстың жоғары шекарасы D
0,92
м2/м2
деп есептеу керек. Сондықтан да
эвакуациялық жолдарды жобалау кезінде
тығыздықтың осындай шамасымен шектеледі.
Жоғары тығыздықтардың түзілуі де мүмкін, бірақ олар адамдардың қауіптілік көзінен жылдам кетуге ұмтылатын, аяқ астынан болатын эвакуация жағдайында қауіпті. Адамдардың қауіптілік көзінен кетуге табиғи ұмтылуы қауіпті аймақта болу уақытын минимум мәнге дейін қысқарту қажеттілігінен туындайды.
Эвакуация кезінде tp артып кетпейтін tнб уақыт ішінде адамдар бөлмені босату мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, ол адамдар үшін қауіпсіздік критериі болып табылады. Бұл шарт tнб tp- қозғалыс жолының шекті жағдайын есептеудің бір түрі.
4.1-кесте
Адамның жасы, киімі және жүк түрі |
Адамның горизонталь проекциясының ауданы , м2 |
Ересек адам: Жазғы киімде Екі маусым киімнде Қысқы киіміде Қолдағы баламен Рюкзакпен Жеңіл затпен Жасөспірім Бала |
0,10 0,113 0,125 0,285 0,315 0,235 0,07 0,04-0,05 |
Адамдар
ағыны қозғалысының жылдамдығы
оның
тығыздығына және жолдың түріне
(горизонталь немесе көлбеу) тәуелді.
Ағын тығыздығының артуымен қозғалыс
жылдамдығы азаяды. 4.1-суретте горизонталь
жолдардағы жоғары және төменгі
баспалдақтар бойынша және қиылыстар
арқылы қалыпты жағдайдағы тығыздық
функциясы ретінде адамдар ағыны қозғалысы
жылдамдығының орташа мәні көрсетілген.
Авария жағдайында қозғалыс жылдамдығын
анықтау үшін қозғалыс жағдайы коэффициентін
ескере отырып, берілген тығыздық
кезіндегі қалыпты жағдайдағы қозғалыс
жылдамдығы анықталады.
Жол түрлері:
Горизонталды және қиылыстар 1,49-0,360
Баспалдақтар (төменге түсу) 1,21
Баспалдақтар (жоғарыға көтерілу) 1,26
4.1-сурет. Адамдар ағыны қозғалысы жылдамдығының оның тығыздығына тәуелділігі: 1-қиылыстар; 2-горизонталь жолдар; 3-баспалдақтар (жоғары көтерілу).
Жолдың (қиылыстың) өткізу қабілеттілігі (м2/мин немесе адам/мин) деп уақыт бірлігінде көлденең қима арқылы жолдың ұзындығынан өтетін адамдар санын айтады:
Q=
Адамдар ағыны қозғалысының интенсивтілігі деп қозғалыс тығыздығы мен жылдамдығы көбейтіндісіне тең шаманы айтады:
q=
Қозғалыс интенсивтілігі жол ұзындығына тәуелді емес және ағын сипаттамасы болып табылады. Қаншалықты ағын қозғалысының жылдамдығы оның тығыздығының функциясы болып есептелсе, онда қозғалыс интенсивтілігі тығыздық функциясы болып табылады.
Жолдың берілген бөлігіне және қозғалыс жағдайына сәйкес келетін, белгілі бір тығыздық кезінде қозғалыс интенсивтілігі максимум мәнге qmax жетеді. Соған сәйкес, жол бөлігінің берілген ұзындығы кезінде (жол түріне тәуелсіз: горизонталды, көлбеу немесе қиылыс) максимум өткізу қабілеті оған тәуелді қозғалатын ағынның максималды интенсивтілігіне байланысты:
Qmax=
