- •Мазмұны
- •Практикалық жұмыстарды орындау реті мен мазмұны
- •Практикалық жұмыс №1 тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу
- •2.6 Еқсж стандарттары
- •2.7 Тқсж стандарттары
- •2.8 Құрылыс нормалары және ережелері (қНжЕ) және құрылыс нормалары (қн)
- •2.9 Қауіпсіздікережелері
- •2.10 Өндірістік санитария нормалары
- •2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция
- •3. Есепке қойылатын талаптар
- •Практикалық жұмыс №2 Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.
- •Өздігінен жұмыс істеуге арналған есептер
- •Практикалық жұмыс №3 Электр жүйесінің кауіпсіздік параметрлері
- •1.1. Адам ағзасына электр тоғының әсері
- •1.2. Ағзаның жалпы электр кедергісі
- •Еденнің кедергі мәндері, Ом
- •Әртүрлі кернеу желісіндегі аяқ киім кедергісінің мәндері, Ом
- •8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:
- •Практикалық жұмыс №4 Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу
- •Си жүйесіндегі терминдердің атауы, белгіленуі және анықтамасы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктер анықтамасы, белгіленуі және олардың арасындағы қатынастар
- •Практикалық жұмыс №5 Ғимараттан адамдарды эвакуациялау
- •Эвакуациялық шығу және жолдар
- •Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты
- •7. Эвакуациялық жолдар дегеніміз не?
- •8. Қордағы шығарылатын жерлер дегеніміз не?
- •9. Квазистационарлы деген терминге түсініктеме бер?
- •10. Эвакуациялаудың қауіпсіздік шарты қандай өрнекпен анықталады?
- •Практикалық жұмысы №6
- •Жеке қорғау құралдарының классификациясы
- •Практикалық жұмыс №7 Найзағайдан қорғауды есептеу
- •1 Км2жербетіне 1 жылданайзағайтүсуініңорташасаны
- •Бір стреженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағын есептеу
- •Екістержендінайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Көп еселі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы
- •Біртростынайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу
- •Есептеу мысалы
- •Практикалық жұмыс №8 Радиоактивті және химиялық улану ошағы болған аймақтардың шекаралары мен құрылымын анықтау
- •Химиялық улану кезіндегі улану ошақтарының шекаралары мен құрылымын анықтау
- •5. Уланған аймақтың әртүрлі нүктелеріндегі радиация деңгейін есептеу нұсқалары
- •Практикалық жұмыс №9 Нысананың төтенше жағдайлар кезіндегі тұрақтылығын бағалау
- •Соққы толқынының әсеріне цехтің тұрақтылығын бағалау және ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену есебі үшін нұсқалар
- •Практикалық жұмыс №10 Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.
- •Радиациялық жағдайды бағалау.
8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:
Жасанды қанайналым
Зақымданған адамды ток әсерінен босату
Зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету
Жасанды дем беру
Асқазанды жуу
Қолданылған әдебиет:
Долин П.А. «Справочник по технике безопасности» 5-е изд., М: Энергоизлат, 1982. 800 с.
Практикалық жұмыс №4 Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Ионданған сәуле түрлерін, радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу, шекті дозаларды нормалау принциптерін түсіндіру, қондырғымен танысу және ДИ-1 дозиметрін пайдалану, қорғау экрандарын есептеу әдістемесін түсіндіру.
Жұмыстың жоспары:
1.Әдістемелік нұсқауды оқу.
2.Тақырып бойынша берілген есептерді және мысалдарды шешу.
3.Жұмысты орындағаны жөнінде есеп (қорытынды) шығару.
Жұмыс мақсатын құрастыру.
Қондырғыға қысқаша сипаттама беру және жеке дозиметрдің ИД-1 жұмыс істеу принципін түсіндіру.
Өлшенген сәуле дозасын ШШК-мен салыстыру.
Қорғау экранын пайдалану кезінде сәуле интенсивтілігі әлсіреуінің еселігін қолайсыз жағдайда есептеу.
Теориялық бөлім
Грунтта радиоактивті заттардың болуы кезінде табиғи жағдайда атмосферада ионданған сәулелер болады, сондай-ақ ядролық жарылыстар нәтижесінде немесе радиоизотопты приборлар мен аппараттар (рентген аппараттары, дефектоскоп гаммасы) қолданған кезде пайда болады.
Ионданған сәулелердің төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді:электромагнитті радиация (рентген сәулелері, гамма сәулелер) және корпускулалы радиация (альфа бөлшектер, бета бөлшектер, протон мен нейтрондар ағыны). Радиоактивті сәулелер адам ағзасына әсер еткенде жасуша ішіндегі заттардың молекулалары мен атомдарының иондануын тудырады, судың сутегі мен гидроксил топтарына ыдырауы жүреді. Ағза жасушаларындағы химиялық құрылыстық, молекулалық байланыстардың бұзылуы жасушаның тіршілік қызметіндегі өзгерістереді тудырады. Табиғи радиациялық фоннан асып кететін сәуленің біраз мөлшерімен жүйелі радиоактивті сәулелену кезінде сәулелі ауру және өлім қаупі пайда болуы мүмкін (6.1-сурет)
Адам азғасына күшті физиологиялық әрекетті нейтронды, альфа- , бета- сәулелер тудырады. Әсіресе өткір қабілеттілікке гамма-кванттар ие болады. Ағзаға радиоактивті сәуленің әсері тәуелді болатын негізгі факторлар: сәулелену түрі, сәуле шығару энергиясы, сәулеленудің ұзақтығы. Сәулеленудің салдары дененің қай бөлігі сәулеленуге ұшарағанына тәуелді.
Радиоактивтіліктің терминдеріне сипаттама мен өлшем бірліктері 6.1 және 6.2-кестелерде берілген.
Радиоактивті сәулелердің жеткілікті дозалары радиациялық қауіпсіздік нормаларымен РҚН-76\87(НРБ-76\87) реттеліп отырады. Бұл құжатпен сәулеге ұшырайтын тұлға категориясы және критикалық органдар тобы анықталады:
А категориясы – көздермен тікелей жұмыс жасайтын адамдар;
Б категориясы – радиоактивті сәуле көздерімен жұмыс жасайтын бөлмелерде және территорияларда жұмыс істеуші адамдар (тұрғылықты жердің шектелген бөлігі).
В категориясы – ел тұрғындары.
6.1-кесте
