Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОНЯ методичка каз практика отбжд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.65 Mб
Скачать

Мазмұны

Практикалық жұмыс №1

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу

5

Практикалық жұмыс №2

Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.

14

Практикалық жұмыс №3

Электр жүйесінің кауіпсіздік параметрлері

21

Практикалық жұмыс №4

Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу

30

Практикалық жұмыс 5

Ғимараттан адамдарды эвакуациялау

44

Практикалық жұмысы №6

Тұрғындарды жеке қорғаудың құралдарын пайдалану тәртібі

64

Практикалық жұмыс №7

Найзағайдан қорғауды есептеу

72

Практикалық жұмыс 8

Радиоактивті және химиялық улану ошағы болған аймақтардың шекаралары мен құрылымын анықтау

92

Практикалық жұмыс №9

Нысананың төтенше жағдайлар кезіндегі тұрақтылығын бағалау

108

Практикалық жұмыс №10

Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.

123

Практикалық жұмыстарды орындау реті мен мазмұны

Бірінші сабақта оқытушы келесі ұйымдастыру шараларын өткізеді:

  • Практикалық жұмыстарды жүргізу ретімен және жұмыстарды орындау кезінде студенттерге қойылатын негізгі талаптар жөнінде хабардар етеді;

  • Студенттерді практикалық жұмыс тақырыптарымен және олардың жүргізілу реттілігімен таныстыру;

  • Қажетті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді беру.

Практикалық сабақта дайындалу кезінде студент білуі керек:

  • Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша теориялық мәліметтерді оқып-білуі (дәріс жинақтары, оқулық кітаптар);

  • Практикалық жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауларды игеру, тапсырмаларды орындау мысалдарын қарап шығу;

  • Практикалық жұмысқа теориялық кіріспе түрінде конспект жазу, кестелерді толтыру; аталған мәліметтер жұмыс дәптеріне түсіріледі, және бұл практикалық жұмысты қорғаудың бір бөлігі болып табылады.

Студент жұмысқа дайын болмаған жағдайда ол қажетті теориялық мәліметтерді оқиды, қажетті бастапқы мәліметтерді даярлайды, есеп берудің теориялық бөлімін рәсімдейді, және дайын болған соң жұмысқа жіберілу үшін оқытушыға барады.

Практикалық жұмысқа жіберілуде сабақ басында өткізілген білімді тексеру кезіндегі бақылау нәтижелерінің оң болуы ескеріледі. Практикалық жұмыстың бақылау нәтижелері оң болған жағдайда студент жұмысты орындауға жіберіледі.

Жұмысқа жіберілген соң, студент оқытушының көрсетуімен бір орынға орналасып, әдістемелік нұсқауға сай жұмысты орындауға кіріседі.